Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
21.01.2015
0
1518
2

Ф.Оңғарсынова."Оюлар"өлеңі

Қазақстан Республикасы,Ақтөбе облысы
"Қандыағаш қалалық №1орта мектебі" ММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Абильгазина Г.Б.

Сабақтың мақсаты: ақын өлеңін оқыта отырып, мазмұндық идеясын ашу.

Білімділік: өлеңді мәнерлеп оқыту, мазмұндық талдау жасауға үйрету,әдебиет теориясынан білім-білік дағдысын қалыптастыру,ақынның шығармашылығына ден қоюға баулу.

Тәрбиелік: ұлттық қолөнерді,салт-дәстүрді қадірлеу,сақтауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:  өз бетінше жұмыс жасау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақ түрі:    дәстүрлі сабақ.

Сабақ типі:    жаңа тақырыпты түсіндіру.

Әдіс-тәсілі:   сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау, шығармашылық жұмыс.

Тех.құрал-жабдық:  интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: технология пәні, бейнелеу өнері.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру-психологиялық тренинг.

ІІ. «Ойашар»- жаңа сабақ алдындағы даярлық.

  1.       «Ой түбінде жатқан сөз...» айдарымен құпия қобдиша ішіндегі жасырған затты табу /оқушылар жұмбақты шешу арқылы заттың атауын табады/.

Жұмбақ:   Әжемнің көзіндей ,

                 Ажары мен сәніндей,

                 Әшекейінде киімнің,

                 Жиһазында үйімнің,

                 Ғасырдан-ғасырға жеткен,

                 Неткен бұл керемет!               /Шешуі: ою/

 

2. «Оюлар сырына үңілсек...» айдары.  

 Мұғалім сөзі:

     - Ою- өрнектің бір түрі. Қазақ тілінде «ою» сөзі  «өрнек» сөзімен бірге қос сөз түрінде айтылады.Латынша – «орнамент». «Орнамент»-көп елдің тіліне енген халықаралық термин. Мағынасы-сәндеу,әсемдеу. Осы сәндеу,әсемдеудің бір түрі-жан-жануарлар мен өсімдік белгілері,геометриялық фигуралар сияқты элементтердің үнемі қайталанып, симметриялы орналасқан құрылымы. Ою затты ою /тас,ағаш/, тілу /тері,былғары/, қию/ қағаз,мата/ тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын, сырмақ, текемет, көрпеше, сандық,кебеже,жүкаяқ беттерін,сондай-ақ киім-кешектерді, т.б. безендіруде  қолданылады /интерактивті тақтадан слайд көрсетіледі/.

      Ою туралы әңгімелей отырып, оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

ІІІ. Жаңа сабақ.  Фариза Оңғарсынова.«Оюлар» өлеңі

    1. Оқушылар интерактивті тақтадан  «Ақын туралы бір үзік ой» тақырыбымен берілген мәтінмен танысады:

    «Қазақтың ұлттық қолөнерінің бір түрі -оюларды өз өлеңіне арқау еткен қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өлкесінде дүниеге келген. Ақынның нәзік те сыршыл, жігерлі өлеңдері туған жерге,табиғатқа, туған халқына деген сүйіспеншілікке толы. Жас ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа, ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білу қасиеттеріне тәрбиелейді. Сондай өлеңінің

бірі-«Оюлар».

       2. Мұғалімнің мәнерлеп оқуымен таспаға жазылған өлеңді  оқушыларға тыңдату.

      Мәтінмен жұмыс. Оқушылардың оқуында өлең мазмұнына сұрақ-жауап әдісімен талдау жасалады:

         --- Өлеңді оқығанда көз алдарыңа қандай сурет келеді?

  /Оқушы жауабы: қазақтың оюлары. Текемет басқан,ою ойған әжелер бейнесі/

Интерактивті  тақтадан слайд көрсетіледі.

         --- Өлеңнен ақынның қандай көңіл күйі, сезімі байқалады? Оны қай жол-

            дардан байқадыңдар?  

/Оқушы жауабы:  ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік, ауылы алыста қалған балалық шаққа деген сағыныш /оқушылар айтылған сезімдерді байқататын өлең жолдарын тауып оқыды/.

        --- Сонымен бірге өлең шумақтарынан ақынды мазалаған бір ойды да

            аңғарғандаймыз. Қандай ой?

/Оқушы жауабы:  «әжелеріміздің көзіндей боп,ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнеріміз-оюларды бүгінгі ұрпақ қадірін білмей, жоғалтып алмай ма?» деген қауіп/.

Оқушылар өлең шумақтарын оқу арқылы өз ойларын дәйектейді

     3. Ойтүйін. Оқушылар «Бұл қауіп орынды ма?» деген сауал төңірегінде өз ойларын айтады.

    ІV.Бекіту. Оқушылар өлең  идеясын анықтайды. Өлең құрылысына талдау жасайды.

   Сөздік жұмысы жүргізіледі:

    Қошқармүйіз-оюдың бір түрі.

   Текемет- жүнді сабап,түтіп алғаннан кейін шидің бетіне жайып,ою салатын үй жиһазы.

   Басқұр,желбау- киіз үйдің ішіне сән беретін, безендіріп тұратын өрнекті жалпақ бау/құр/.

        /слайд көрсетіледі/.

    Қорытынды сөз.  Қазақтың оюлары - халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жеткен асыл мұрасы,баға жетпес қазынамыз. Ұлтын,оның салт- дәстүрін, өнерін бағалайтын ұл-қыздарымыз барда ұлттық қолөнеріміз де жоғалмайды, ұлтпен бірге мәңгі жасайды.

  «Жас оюшылар шеберханасы». Оқушылар күні бұрын дайындаған түрлі-түсті қағаздардан өздері білетін ою түрлерін ояды. Оюларға ақынның өлең шумақтарымен жан бітіреді: 

                           Түрін-ай оюлардың! Асыл қандай!

                           Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай,

                           Жан бітіп, жайраңдады жан-жағымнан,

                           Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.

V. Үйге тапсырма. Өлеңнен үзінді жаттау.

VІ.Бағалау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения