Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
21.01.2015
0
1188
0

Жапырақ. Жапырақтың құрылысы.

Қазақстан Республикасы,Шымкент қаласы,Ю.Сареми атындағы

№107 мектеп-гимназиясының

Биология пәні мұғалімі

Альметова Гулрух

Мақсат:

Білімділік: өсімдіктің өсу мүшесі саналатын жапырақтың қызметі яғни жапырақтың ауадан көмірқышқыл газы мен суды сіңіріп, жарықтың әсерінен органикалық зат түзуі, органикалық заттарды қорға жинау сияқты және жапырақтың жай, күрделі түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: Өмірмен байланыстыра отырып, проблемалық жағдаяттан шығу жолында іскерлік шығармашылығын, ой-өрісін дамыту.

 Тәрбиелік: Өзіндік ой қорытуға мақсат қоя білуге, іскерлікке, байқампаздыққа, талғампаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Сабақ түрі: ізденіс сабақ

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Сабақ көрнекілігі: слайд, сурет, тест, таратпа-материал, жапырақтар.

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс.

Сабақтың жүрісі:


I. Ұйымдастыру:

 А) Тәртіп секторының баяндамасын қабылдау;

 Ә)Оқушылардың сырт көрінісіне назар аудару, құрал-жабдықтарын тексеру;

 Б) Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару;

 В) Оқушыларды  «Тамыр» және «Бүршік» топтарына бөлу;
II.Үй тапсырмасын қайталау.

1) Биологиялық диктант.

  1. Өсімдік жасушасы ... , ... , ... , ... , ... тұрады.
  2. Жасушаны үйренетін пән .......... деп аталады.
  3. Барлық гулді өсімдіктер ....... түріне қарай 2 түрлі болады. Олар ....... бүршік және ........... бүршік болып саналады.
  4. Микроскоп ......., ......., ......., ......., ......., ......., ......., ......., бөлшектерден құралған.
  5. Тамырлар шығу тегіне қарай .........., ............, ............ деп бөлінеді. Тамыр жүйесі ......... тамыр және .......... тамыр деп топтасады.
  6.   .......... бүршік өркеннің ең ұшында орналасады.

   2)     Сұрақ – жауап:
           А) Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай пластидтер қаншаға  бөлінеді?                                                                                                                                                                                                                                                              
         Ә) Микроскоппен жұмыс істеу тәртібін айтыңыз?                                                            
         Б) Бүршік дегеніміз не?
         В) Бүршік қандай қызмет атқарады?    

          Г) Жанама бүршік өркеннің қай жерінде орналасқан?                                                                                                                                                                                                                                              

         Д) Өркеннің түріне қарай бүршіктер неше бөлімге жіктеледі?

         Е) Бүршіктің ішкі құрылысы қандай бөлімдерден тұрады?

         
III. Жаңа сабақты меңгерту.
            §16. Жапырақ. Жапырақтың  құрылысы.

Жаңа сабақ жоспарға бөлініп, топ оқушылары өз бетімен дайындалып жауап береді.

Жоспар:

  1. Жапырақ не? Оның қызметі. Жай және күрделі жапырақ .
  2. . Жапырақтың ішкі және сыртқы құрылысы.

     Жапырақ - өсімдіктің негізгі мүшесінің бірі, онда органикалық зат түзіледі,газ алмасып,су буланады.

      Жапырақ (лат. folіumгр. phyllon) — жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, буландыру, қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі. Ол негізгі өркеннің жанама бұтақтарының қысқаруынан пайда болады.

Жапырақтың мөлшері әр түрлі болады. Мысалы, шөптесін өсімдіктерде 3 — 10 см-дей, банан жапырағының ұзындығы 1 — 5 м, ені 40 — 50 см, цейлон пальмасы жапырағының ұзындығы 10 — 20 м, ені 12 м-ге дейін. Жапырақтың сыртқы құрылысы — Жапырақ тақтасынан (алақанынан) және сағақтан тұрады. Жапрақтың кеңейген жері — тақтасы, ал сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі — сағағы деп аталады. Сағақсыз жапырақтар да болады. Сабақ буынынан тармақталған сағақты бір жапырақ өсіп шықса — жәй жапырақ деп аталады, олардың пішіндері әр түрлі болады, мысалы, қарағайдың, шыршаның Жапырақты — қылқан, ине, астық тұқымдастарында — таспа; көк теректе — дөңгелек тәрізді. Бір сағаққа бірнеше жапырақ орналасса — күрделі Жапырақ деп аталады. Бұлар да әр түрлі болады: үшқұлақты күрделі Жапырақ (бедесоя); саусақ салалы күрделі Жапырақ (атбас талшынқарасорақазтабан, т.б.); қауырсын тәрізді күрделі Жапырақ, ал бұл жұп қауырсынды (асбұршақноғатық, т.б.), тақ қауырсынды (қызыл мия, итмұрын, шетен, грек жаңғағы, т.б.) болып бөлінеді. Жапырақ тақтасының анатомдық құрылымы — оның қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Жапырақтақтасын екі жағынан да жұқа қабықшамен қапталған эпидермис жауып жатады.

      Жапыраққа беріктілік, серпімділік қасиет беретін, оның “қаңқасын” құрайтын талшықтар жапырақ жүйкесін құрайды. Жапырақ жүйкесінің құрамында әр түрлі клеткалардан құралған негізгі өткізгіш ұлпа — ксилема; өсімдікте органикалық заттарды таситын және өсімдіктің арнайы мүшелерінде (жер асты тамырында, өсу нүктесінде, жемісі мен дәнінде, т.б.) қор жинауға қатысатын түтікті-талшықты күрделі ұлпа — флоэма болады. Жапырақ сағағынан тақтасына қарай жалғасып жатқан өткізгіш шоқтар — орталық жүйке деп аталады, ал одан жан-жаққа таралған жанама жүйкелердің орналасуына қарай жүйкелену бірнеше типке бөлінеді: қауырсын тәрізді торлы жүйкелену — орталық жүйкенің жан-жағын жанамалап жатуы (тал, терек, алма, алмұрт, шие, т.б.); саусақ салалы жүйкелену— негізгі орталық жүйке бір жерден басталып, жапырақ жиегіне дейін саусақ тәрізді салаланып таралуы (үйеңкібегония, т.б.); параллель (қатарласа) жүйкелену — талшықтар жапырақтың ұшына қарай қатарласа созылуы (барлық астық тұқымдастары), доғалы жүйкелену — жүйкелер жапырақ тақтасының түбінен шығып, жапырақтың ұшына жеткен кезде доға тәрізді бір-бірімен соқтығысады.(інжугүл,жолжелкен.)

Өсімдік жапырағы белгілі бір заңдылықпен орналасады: 1)кезектесіп орналасу — сабақтың әр буынында дара жапырақ кезек-кезек шығады. Мысалы, жапырақ бір-бірін көлеңкелемеу үшін бір жапырақ сабақтан оңтүстікке қарай, екіншісі солтүстікке, үшіншісі шығысқа, төртіншісі батысқа қарай кезектесе орналасады. Сондықтан жапырақ тақталары қанша үлкен болғанымен, жарықтың түсуіне кедергі болмайды (астық тұқымдасы, емен, т.б.); 2) қарама-қарсы орналасу — сабақтың әр буынынан екі жапырақ бір-біріне қарама-қарсы өсіп шығады да, үстіңгі жапырақтар төменгілерін көлеңкелемейді (үйеңкі, қалампыр, жалбыз, сирень, т.б.); 3) топтанып орналасу — сабақтың бір буынында үш не одан да көп жапырақтың болуы (сары ағашқарғакөз, т.б.).

Жапырақ алдымен ұшынан өседі, 30 — 40 күннен кейін өсуі тоқталады, тек қырыққұлақ пен вельвичияның жапырақтары қурап қалғанша өсе береді. Жапырақтың тіршілік ету ұзақтығы бірнеше айдан 15 жылға дейін созылады. Мысалы, кәдімгі қарағайда 2 — 3 жыл, Кавказ самырсынында 9 — 13 жыл, шыршада 5 жыл, т.б. Ал ашық тұқымдылардың жапырақтары бірден түспей кезектесіп түсетіндіктен мәңгі жасыл болып көрінеді.

Жапырақтың жүйкеленуі
Жүйкелену деп өткізгіш шоқтарының жапырақ тақтасына орналасуын айтады.
Қызметі
1. Жапырақ қабаттарына су мен онда еріген минералды тұздар жеткізеді; түзілген органикалық заттар басқа мүшелеріне таралады;
2. Жапыраққа беріктік қасиет береді.
Жапырақтың сабаққа орналасуы
А). Кезектесе орналасу
Б). Қарама қарсы орналасу
В). Топтасып орналасу
 

IV. Сабақты бекіту.
1. Оқытушы тарапынан сабақты толықтыру.
2. Топ оқушылары өздерімен әкелген жапырақтарына  қарап , оларға сипаттама беру және  ажырату.
3.  Бейне көрінісі                                                                                                                                            
V. Сабақты қорытындылау.
Жапырақ тақырыбы бойынша түсініктерін тұжырымдай отырып, топ оқушыларды бағалау.

VI. Үйге тапсырма.
§16. Жұмыс дәптері бойынша - 34, 35, 36 беттердегі 63, 64, 66 тапсырмалар.

 

                    Мұғалім:  Альметова Г.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения