Мажикова Кенжегүл Қыстаубайқызы
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:не указан
20.01.2015
0
307
2

"Білім теңізінлдегі саяхат" кластан тыс шара

5-класс. Тәрбие сағаты

«Жол ережесін жадыңда ұста!»

 

Мажикова Кенжегүл Қыстаубайқызы

Ақтөбе облыстық араулы (түзетім) есту қабілеті бұзылған

балалар мектеп-интернаты

 

 

Мақсаты:        а) білімділік: Жолда жүру ережелерін пысықтау;

                                               ә) тәрбиелік: оқушылардың жол ережелері туралы білімдерін пысықтау,  қоршаған ортаға бейімдеу;

б) дамытушылық: оқушылардың  сөйлеу тілін           дамыту, есту қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын байыту; шығармашылық қабілеттерін шыңдау,

в)коррекциялық:  сөздерді анық айтуға дағдыландыру.

 

Көрнекіліктер:       Балалардың салған суреттері, көшеде, жол бойында түсірілген фотосуреттер, машина, ақ жолақ жол, бейнетаспа, үнтаспа.

 

Өту барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу.

 

ІІ. Тіл жаттығуы.  Жұмбақты шешейік. (оқушыларға оқыту)

                                Жоқ өзінде бас та, ауыз, құлақ та,

                                 Бақырайған үш көз бар бірақ та.

-                Жұмбақтың шешуі не?

-                Жұмбақтың шешуі – бағдаршам.

-                Бағдаршамды қайдан көрдіңдер?

-                Бағдаршамды көшеден, жол бойынан көрдік.

-                Бағдаршамның қай түсі жанғанда өту керек?

-    Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өту керек.

-                Суретке қараймыз. Сендер қай жолдан қалай өтіп келесіңдер?

-                Біз жолдан жаяу адамдарға арналған жолмен өтіп келеміз.

 

III.             Бейнетаспамен жұмыс.

 

-                Нені көріп тұрсың?

-                Көшедегі бағдаршамды, адамдарды.

-                Жаяу адамдар неге тұр?

-                Себебі, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұр.

-                Қазір бағдаршамның қандай түсі жанды?

-                Қазір бағдаршамның жасыл түсі жанды.

-                Енді жаяу адамдар не істейді?

-                Енді жаяу адамдар жолдан өтеді.

 

IV.     Сендер жол ережелерін үйренген сияқтысыңдар. Қазір  жол ережесіне байланысты көріністерді тамашалаймыз.

1) Музыка ойналып, көліктер жүре бастайды. Жолға Балым мен    Ерлан келеді.

Балым: Бағдаршамның жасыл түсі жанды, жүр, жолдан өтейік.

Ерлан: Дұрыс айтасың, Балым, жасыл түсте өтуге болады.

(Екеуі жолдан өтіп кетеді)

Бағдаршамның қызыл түсі жанды. Машина жүреді.  Ақсәуле (анасы) Нұржанды (баласын) ертіп жолға келеді. Бала жолдан өтпек болады. Анасы тоқтатады.

-    Балам, қызыл түсте өтуге болмайды. Жасыл түс жанғанша күту керек. Есіңде болсын!

-    Енді есіме сақтаймын. Жасыл түс жанғанша күтемін.

Бағдаршамның жасыл түсі жанады.

Баласы: Енді өтуге бола ма?

Анасы: Әрине, жасыл түс жанса, өтуге болады.

 

VI. Жағдаятты шешу.

1) Ерлан жол жиегінде доппен ойнап жүреді. Добы жолға қарай домалап кетеді. Машиналар сигналы естіледі. Ерлан добын тастай қашады. Ерланның әрекеті дұрыс па?

 

2) Бейнекөріністегі жағдаятты шешу. Бағдаршамсыз көшеден  2 бала өтпек болды. Бірі жолдан жан-жағына қарамастан, асығыс жүгіріп өте шықты. Екіншісі  алдымен сол жағына, көшенің ортасына барған соң, оң жағына қарап өтті. Кімнің әрекеті дұрыс?

 

VIІ. Қорытынды.

Балалар, бізге бүгін МАИ қызметкері қонаққа келіпті. Қарсы алайық. (МАИ қызметкерінің киімін киген оқушы кіреді).

-                Сәлеметсіз бе?

-                Амансыңдар ма, балалар! Менің кім екенімді білетін боларсыңдар?

-                Әрине, білеміз. Сіз - Мемлекеттік автоинспекция қызметкерісіз.

-                Дұрыс айтасыңдар, балалар, бұл - Мемлекеттік автоинспекция қызметкері,  ол жол  ережелерінің орындалуын  қадағалайтын адам. Қоятын сұрақтарың бар ма?

-                Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтуге болады?

-                Бағдаршам жоқ көшеден өтерде, көліктер өтіп кеткенше күт. Алдымен, жолдың ортасына  дейін сол жағыңа,  сосын оң жағыңа қара! (оқушыларға көрсетеді, оқушылар қайталайды).

-                Ұзын көше бойымен қалай жүру керек?

-                Ұзын көшенің бойында көшенің сол жақ жиегімен  машинаға қарама-қарсы бағытта жүру керек. (көрсетеді)

-                Жауабыңызға рахмет!

-                Балалар, енді сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін. Жол ережесіне байланысты қандай ережелерді білесіңдер?

-                Жолдың жиегінде ойнауға болмайды!

-                Тек жаяу адамдарға арналған ақ жолақ арқылы өту керек!

-                Бағдаршамсыз жағдайда жолдың ортасына  дейін сол жағыңа,  сосын оң жағыңа қара!

-                Ұзын көшенің бойында көшенің сол жақ жиегімен  машинаға қарама-қарсы бағытта жүру керек

   -  Балалар, жол ережесін сақтаңдар! Аман жүріңдер! Қазір барлығымыз ән айтайық!    «Әрқашан жолың болсын!» әні.

 Көңіліміз күндей күліп,

Жүректерде гүлдейді үміт.

Өмір сүру мүмкін емес

Жол тәртібін білмей тұрып.

 Әрқашан жолың болсын!

Жаныңа  шаттық толсын!

Қасыңда болсын анаң,

Болайық біз де аман.

Балғын жаспыз, жас ұланбыз,

Гүл боп жаңа ашылғанбыз.

Жол тәртібін есте сақтап,

Болашаққа асығамыз!

 

VIІІ. Аяқтау.

 

    Балалар, сендерге айтылған және өздерің көрген ережелерді  үнемі естен шығармаңдар!   

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения