Уристемов Галымжан Маханбетович
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
20.01.2015
0
411
1

Оқыту үшін бағалау – заман талабы





Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан Облысы, Жетісай қаласы, №122 жалпы орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әшірбекова Күнсұлу Сәрсенбайқызы

 

Оқыту үшін бағалау –

заман талабы

 

 

 

 

 

Әшірбекова Күнсұлу Сәрсенбайқызы

№122 ЖОМ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Жетісай қаласы

 

Білім беру - үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үдерісі. Білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге бағытталған өзгерістер көп-ақ. Қоғамымызда болып жатқан өзгерістер ғылым мен техниканың ілгерілеуі және білім беру саласындағы өзгерістер-жас ұрпақты тәрбиелеуді дамытып қалыптастыруды көздейді. Заман талабына сай өзгерістер халық ағарту саласының қызметкерлеріне де жеңіл тимесі хақ. Оқушыларды заманға сай оқыту мен тәрбиелеу ұстаздар қауымына үлкен сын. Бір сәт әлемнің дамыған елдердің білім беру жүйесіне көз жүгіртсек .

 

Әлемдегі дамыған елдер  Англия  мен Шотландияда білім беру саласының басты тақырыбы –оқыту үшін бағалау екен. Лондонның білім саласының мамандары Пол Блек пен Дилан Уильям «Қара жәшік ішінде»  атты мақаласында қалыптастырушы бағалау  оқушылардың оқу үлгерімін жақсартатынын көрсетті.  Олардың қолында қалыптастырушы бағалауды қалай жақсартуға болатыны туралы нақты деректер жоқ еді. Пол Блэк пен Дилан Уильям аталған мақаласында «Қалыптастырушы бағалауды жақсартудың оқытудың стандарттарын арттыратындығының қандай да болмасын дәлелдері бар ма?»,  «Қай бағытта жылжу керектігінің дәйекті дәлелі бар ма?», «Қалыптастырушы  бағалауды қалай жақсартуға болатыны сипатталған материалдар бар ма?» деген сұрақтарға жауап іздеді.Олар1998 жылдан бері бірнеше бағдарламалар құрып жоспар жасады.  Олар Англия мұғалімдерімен ынтымақтастық орнатып зерттеу жұмысына мұғалімдерді тартты. Англияның оңтүстігінен екі аудан таңдап,  әр ауданнан үш мектеп таңдап алды.Әр мектептен  мұғалімдер таңдап алынды. Бұлардың негізгі мақсаты бағалау үдерісін зерттеу болды. Мұғалімдерден  алынған сұхбаттар,сауалнамалар, хаттамалар және оқушылармен жүргізілген әңгімелер зерттеу жұмыстарына септігін тигізді.Одан соң зерттеу жобасын кеңейтіп басқа пәндердің мұғалімдерін де өз жобаларына тартты. Жобаға қатысқан әр мұғалім шағын эксперимент алаңын жасап көрді.  Олардың қалыптастырушы бағалау оқушылардың білім деңгейінің көтерілуіне көп септігін тигізетініне көздері жетті. Деңгейлік бағдарламадағы 7 модуль оқыту мен оқуды өзгертуде жекелеген оқушылардың қажеттіліктеріне жауап береді деп ойлаймын. Ынтасы төмен оқушылардың сабаққа деген құлшынысын ояту  үшін мектепте өз тәжірибеме қалыптастырушы бағалауды енгізсем деймін және осы бағалау жүйесін бүкіл әріптестерімнің өз тәжірибесіне қолдануына септігімді тигізсем, еліміздің білім беру жүйесіне кішкентай болса да өзгеріс енгіземін деп ойлаймын. Дәстүрлі үлгідегі білім беру оқушылардың шығармашылықпен айналысып өз идеяларын жүзеге асыруда шектеу қоятынын,олардың сөйлеу,ойлау қабілеттерін дамытпайтынын түсіндім.Мұғалімдерге бағыт-бағдар беріп,олармен ынтымақтаса отырып деңгейлік бағдарламадағы оқытудың жаңа тәсілдерін:диалогтік оқытуды, оқу үшін бағалау мен оқыту үшін бағалауды, рефлексивтік оқытуды, бірлескен оқу мен топтардағы ұжымдық жұмыс арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру құзырлы мұғалімнің басты мақсаты екені айдан анық.

Оқыту үшін бағалау –  заман талабы
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения