Уристемов Галымжан Маханбетович
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
20.01.2015
0
1935
7

Татулық - тәрбиенің бесігі





           Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан Облысы, Жетісай қаласы, №122 жалпы орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Өмірбекова Ақтолқын

 

 «№122 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

   Ашық тәрбие сағаты

 

Тақырыбы:

 

«Татулық - тәрбиенің бесігі»

           

 

 

 

                        8 «А» сынып жетекшісі:      Өмірбекова Ақтолқын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014-2015 оқу жылы

Тәрбие сағаты

Тақырыбы:   Татулық – тәрбиенің бесігі.

Мақсаты:      Қазақстанда тату-тәтті өмір сүретін халықтардың  

                 әдет-ғұрпын,дәстүр-тарихын,тілін қастерлеп,бүгініміз бен

                 келешегіміз үшін бірлігімізді басты борышымыз екенін

                 ұғындыру,Қазақстанда мекен еткен халықтардың тілі мен

                 мәдениетіне деген құрметті щыңдау,еліміздегі халықтар

                 достығын,бірлігін нығайту.

Көрнекілігі:   буклеттер,мақал-мәтелдер,даналық сөздер,т.б

І-жүргізуші:   Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі  

                 «Татулық – тәрбиенің бесігі» атты ашық тәрбие сағатқа қош

                 келдіңіздер!  

    Еліміз бауыры бүгін мызғымас мемлекетке айналып,жүз жылға татитын жиырма үш жыл ішінде ортақ жауапкершілік жолын жүріп өтіп,бекемдей түскен бірлігімізбен елдікті еселеп ,биік белестер мен алынбас асуларды бағындыра білді. 23 жыл ішінде Қазақстанды 120-дан астам ел танып,130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырықтың астында еркін де ерікті,тату-тәтті өмір сүруде.

ІІ-жүргізуші:

   Таңы атты шындықты қолдайтұғын,

   Басымызға бақ-дәулет орнайтұғын.

   Қазақ деген елім бар құшақ жайған,

   Өзгені өз ұлындай қорғайтұғын.

   Міне осындай бар менің Республикам.

 І-жүргізуші:

  Кезекті қазақ жері туралы өлең шумақтарға берейік.

1-оқушы:  Аман Аружан

 Пай-пай, киелі, неткен жер,

 Батырлар дүбірлеп өткен жер.

 Тұлпарлар дүрілдеп төккен тер,

 Сарылып сал-сері кеткен жер.

 Бас иіп иіскеп топырағың,

 Тағзым жасамай өтпеңдер.

2-оқушы:   Махамбетқұл Нұрбақыт

 Мына өлке,мына аймақ,

 Бұл маңда

 Құлшылық етемін тұрғанға,

 Құлшылық етемін құмдарға.

 Тағзым жасаймын қырларға.

 Шүкірлік етемін қашан да.

 Осы бір Отанда тұрғанда

 

 

3-оқушы:   Полатов Руслан

 Қазақ жері-қонақжай төрдің жері.

 Қазақ елі-қас сақтай ердің елі

 Толқынды тарихтың қуғын көрген

 Барша ұлтқа құт мекен болған еді

 Зобалаңда көп шеккен қасіретті

 Ұлт ұрпағы өнерлі,өсиетті.

4-оқушы:   Мұқашев Жасұлан.

Береке ғой,

Өмірімді сән етер.

Одан асып қай қасиет мәні өтер.

Шаңырағын шыйқалтпайтын тұрмыстың,

Уа,ұлы күн,сен өзің ғой дәнекер.

5-оқушы:   Матлап Қасымбек

Төрлете бер көктем келбет,ұлы күн.

Бойға дарыт ынтымақтың жылуын

Достық деген ұялаған жүрекке

Қасиетті-ау,қасиетті бұл ұғым.

6-оқушы:   Бөрібай Мәншүк

Кіндік емес,

Бұл ынтымақ-ғұмырлық.

Көтереміз ауырымен жүгін нық

Ұлы достық қасиетін ұғындық

Отан үшін жұдырықтай жұмылдық.

ІІ-жүргізуші:  Келесі кезекті ынтымақ, достық, бірлік туралы «Тауып көр»

                 деген ойынымызға берейік.Көп нүктенің орнынасөздерді қой

1.Ынтымақ түбі - ........     (береке)  

  Бірлік түбі - .......  (мереке)   

2.Бірлік болмай- .............   (тірлік болмас)

3.Ырыс алды- ............ (ынтымақ)

4.Тату елдің............. таусылмайды    (тамағы)

5.Берекені .......... тілеме   (көктен)

І-жүргізуші:   Әйгерім, осы қазақ ұлтының қыздары қазақтың ұлттық киімін

                 кисе өте сұлу болып кетеді.

ІІ-жүргізуші:  Қасымбек, сен сонда ондай қыздарды көрмегенсің бе? Қанекей,

                 қыздар ортаға шығыңдаршы! Міне, көрдің бе, қыздарды?

І-жүргізуші:   Мәссаған, шынымен де керемет екен!

ІІ-жүргізуші:  Көрдің бе? Қыздар шашуларын бірге алып келіпті. Қасымбек, мен

                 осы «Шашу» биін билеп берсем қайтеді?

І-жүргізуші:   Жарайды.Қанекей, онда ортаға шыға ғой.

                 Қарсы алыңыздар, ортада Мүтан Әйгерім.   («Шашу» биі)

 

 

І-жүргізуші:   Кезекті әнге берейік.

                 Махамбетқұл Нұрбақыт.  Ән «Туған жер»

ІІ-жүргізуші:  Қасымбек, енді сөзжұмбақ шешіп көрейік.

  1.Елімізге солтүстікте шекаралас жатқан ұлт, ол қандай ұлт өкілі?  (Орыс)

  2.Ал оңтүстікте ше?   (Өзбек)

  3.Береке басын не дейді қазақ?   (Бірлік)

  4.Ал береке бірлігі жарасқан елдің туы қандай болады?   (Биік)

  5.Ынтымақ жүрген жерде не жүреді?    (Ырыс)

І-жүргізуші:  Ендігі кезекті «Ойлан тап» ойынына берейік.

     1.Шаштары дөңгегелекше өріліп басына қойылған,

       Киімдері ұзынша тігілген.

       Қолында тұр орамалы,

       Бұл қайсы ұлт өкілі?                          (Орыс)

     2.Қастары қосылып кеткен,

       Сөздері майдай жағады адамға

       Майысып тұрып билеген.                     (Өзбек)

     3.Басына айыр қалпақ киетін қайсы ұлт?       (Қырғыз)

ІІ-жүргізуші:  Келесі кезекті әріптерден сөз құрау сайысына берейік.

    Жауаптары:  1)достық

                   2)жолдастық

                   3)ынтымақ

                   4)береке

                   5)бірлік

                   6)татулық

І-жүргізуші:   Келесі кезекті мақал-мәтелдерге берейік.

ІІ-жүргізуші:  Келесі кезекті көрініске берейік. Бұл «Бірлікке» байланысты

                 оқушылар.

    Авторы: Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай әуреленіп, бір бума шыбықты сындыра алмады.

    Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынды. Шыбықтар оп-оңай сынады.

    Қария: Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке-жеке тұрсаңдар, әрқайсысыңды біртіндеп құртады.

І-жүргізуші:  Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы,

                басқа халықтармен одақтасып, достаса білу жеңістен жеңіске

                жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә! Балалар, мен сендерге бір

                сұрақ қойғым келеді. Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті

                нәрсе не?

Оқушы:  Тыныштық, бірлік.

Оқушы:  Әрине халқымыз ең әуелі тыныштықты қалайды.

 

 

ІІ-жүргізші:  Ал енді «тыныштық» деген сөздің мәнін білесіңдер ме?

Оқушы:  Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген сол. Елдегі

            тыныштықты халық «береке, бейбітшілік» дейді.

І-жүргізуші:  Бейбітшілік құсы, Ақ көгершін

                Биік ұшып, самғасын.

                Тілегімді жерге жайсын,

                Қанаттары талмасын-дей келе «Ақ көгершін» әніне кезек берейік.

ІІ-жүргізуші:  Енді, еліміздің екінші әнұранына айналып кеткен «Атамекен»

                 әніне кезек берейік.

І-жүргізуші:  Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген

                «Қырғыз, Қазақ бір туған», «Өзбек-өз ағам», «Түбі бірге

                түркімен» деп қырғыз, өзбек, түркімен және т.б ұлттарды

                ынтымақтастыққа шақырған. Бірлік – халық салты. Халқымыздың

                бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам

                баласының бірлігімен ұласады.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения