Есжанова Арайлым Махметжановна
Должность:Преподаватель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Акмолинский облась, Зерендинский район, с.Жылымды
20.01.2015
1
1101
13

Ашық сабақ. 5 сынып. Тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар





Файлдар Бумалар Жарлықтар

Мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылықтарын арттыру, ой өрісін және танымдық қабілеттерін, ынталарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулу. Алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келіп қорыту, теориялық білімді практикамен ұштастыру.

Дамытушылық:    Оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық, қызығушылық қасиеттерін

қалыптастыру. Шығармашылыққа баулу, өз ойларын тиянақты                                  жеткізуін   дамыту

Тәрбиелік:   Оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділіктерін арттыру, ұжым намысын

жоғары қоюға тәрбиелеу, адамгершілікке, мәдениеттілікке, сыпайлыққа                                               тәрбиелеу

 

Қайталау  кезеңдері:

І. «Ой ашар»

ІІ. «Ғажайып алаң»

ІІІ. «Жүз бір жұмбақ»

ІҮ. «Біреуі артық»

Ү. «Мың бір мақал»

 

І. «Ой ашар»

1. Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (жоқ)

2. Бөлменің төрт бұрышы бар. Әр бұрышта 1 мысық отыр. Әр мысықтың қарсысында 3 мысық отыр. Бөлмеде қанша мысық отыр? (4 мысық)

3. Компьютердің «миы» (Жүйелік блок)

4. Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? (біреуі дорбасымен алды)

5. Компьютерді ғаламтормен байланыстыратын құрылғы (модем)

6. Компьютердің  қандай түрлері бар?(үстел үсті, алып жүретін, алақан)

7. Компьютердің негізгі құрылғыларына нелер жатады?(жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан)

8. Принтер құрылғысының неше түрі бар?(2 түрі бар,лезерлік, бүріккіш)

9. Компьютердің қандай қосымша құрылғылары бар?

(принтер, сканер, колонка, микрафон, модем, UPS, тасымалдауыш құрылғылар)

10. Қандай екі санның қосындысы 8-ге, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең? (5 пен3)

ІІ. «Ғажайып алаң»

Математика және информатика пәндері бойынша ұяшықтардың деңгейіне қарай сұрақтар жасырылған. Әр ұяшыққа сәйкес ұпайлары беріледі.

 

Информатика

20

30

40

Логика  

 

30

40

Информатика

20 – Терезе дегеніміз не? Қандай батырмалары бар? (Экранның қоршауымен шектелген тіктөртбұрышты аймақ. Алға, артқа, жабу, жаю, жиыру)

30 –Компьютердің жұмысын басқаратын басты программа? (Операциялық жүйе)

40 –Электр қуаты өшкенде компьютерді қорғайтын құрылғы. (UPS)

Логика

30 –Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (2 сағат)

40 – Сымда 10 торғай отыр. Аңшы 1 торғайды атып алды, сонда неше торғай қалды? (0)

ІІІ. «Жүз бір жұмбақ»

Сайыстың бұл кезеңінде оқушылар жұмбақтар шешеді. Әрбір дұрыс шешілген жұмбақ жауабына 5 ұпайдан беріледі.

1. Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек. (монитор)

2. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.

Ойланып білгіш болсаң жауап берші,

Қалай деп аталады оның аты. (тышқан)

3. Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік

Ақпаратты өлшер (бит)

4. Егер білсең айта қойшы,

Бұл қандай құрылғы

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді (сканер)

5. Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта)

 

Ү. «Біреуі артық»

Берілген сөздердің ішінен артық сөзді, артық әріпті, берілген суреттен артық суретті алып тастау керек.      

 

         

ҮІ. «Мың бір мақал»

Оқушыларға компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Әрбір дұрыс нұсқасын тапқан оқушыға 5 ұпайдан беріледі.

1. Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады)

2. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім. (Аттың сыры, иесіне мәлім)

3. Антивирусы күштіні Вирус ала алмайды. (Досы күштіні-жау алмайды)

 

ІІ. Жаңа сабақ

Файл - бұл байттардың аты бар тізбегі. Файлдың аты және кеңейтілуі болады.

Файлдарға ат бергенде төмендегілерді есте сақтау керек:

}  Файлдың аты мен кеңейтілу болады.

}  Файлдардың аты бос орынды қоса есептегенде 255 символмен жазылу мүмкін.

}  Файлдың атын жазғанда үлкен, кіші латын және орыс әріптерін, 0-ден 9-ға дейінгі цифрларды, арнайы символдарды: дефис (-), астын сызу (____), леп белгісі (!) және мына символдарды: @, #, $, %, &, (,), {,} қолдануға болады.

}  Файлдың атын жазғанда мына символдарды: жұлдызша (*), қос нүкте (:), нүктелі үтір (;), сұрақ белгісі (?), бөлгіш (/), үлкен (<), кіші (>), тырнақша («»), нүкте (.) қолдануға болмайды.

Файлдың кеңейтілуі үш символдан тұрады және файлдың атынан нүкте арқылы ажыратылады. Файл кеңейтілуі оның мазмұнын көрсетеді және олар алуан түрлі болады, мысалы:

}  *.doc - мәтіндік файлдар,MS Word редакторының кеңейтілуі ;

}  *.bmp-графикалық файл, Paint редакторының кеңейтілуі;

}  *.xls-кестелік файл;

}  *.TXT–блокнот бағдарламасының құжаты

}  *.pptPowerPoint қолданбасының кеңейтілуі

 

 

 

 

 

Бумалар

Бумалар - бұл қандай да бip белгісі бойынша файлдарды бірлестіру. Басқа сөзбен айтқанда, бумалар — бұл аты аталған файлдар тобы. Буманың  файл сияқты, аты және мөлшері бар. Жаңа бума құру үшін-  тінтурдің оң жақ батырмасын басып, «создать папку» командасы арқылы құрамыз. Буманың ішіне бума құруға болады. Оны бұтақталу (иерархиясы) деп атайды.

Бумалар екіге бөлінеді: Жүйелік бума. Жұмыс бумасы

Жарлықтар –  нысанаға қолжетімділікті жеңілдететін нысанның сілтеме көрсеткіші.

Яғни жарлық – программаны тез іске қосуға немесе файл мен буманы тез тауып алуға арналған.

Файл, бума, жарлықтың бір – бірінен айырмашылығы

 

Практикалық жұмыс

  1. Жұмыс үстелінде  «бума» құрыңыз. 
  2. Оны ашып тағы да бір бума құрыңыз.
  3. Сол буманың үстіне тұрып тінтуірдің оң жақ батырмасын басып «создать ярлык» арқылы  жарлық жасау керек. 
  4. Бос жерге барып тінтуірдің оң жағы арқылы екі файл құрыңыз.  
  5. Буманы жабыңыз.
  6. Жұмыс үстеліндегі құрған буманың үстіне барып, тінтуірдің оң жағы арқылы «переименовать» батырмасын басып буманың атың «5-сынып» өзгертіңіз.
  7. Жұмыс үстеліне «5-сынып» бумасының жарлығын құрыңыз. Оны ашыңыз.
  8. «5-сынып» бумасын тінтуірдің оң жақ батырмасы арқылы жойыңыз.
  9. Жұмыс үстеліндегі жарлықты ашып көріңіз.
  10. Жарлықты жойыңыз.

Жаңа сабақты қорытындылау:

Сабақты қорытындылай келе, “Білмегенін сұрап, үйренген ғалым, арланып сұрамаған -өзіне залым” демекші кімде қандай сұрақтар бар?

Бүгін біз не білдік, не үйрендік? 

Жаңа сабақты бекіту:  Лото ойыны арқылы сабақты бекітемін.

·         Жарлықтың белгісі қандай болады?

·         Жаңа бума құру үшін не істедіңіз?

·         Буманың ішіне бума құруға бола ма?

·         Файл атауының неше символға дейін жазуға болады?

·         Файлдың аты неше бөліктен тұрады?

 

Үйге тапсырма:   Файлдар мен қапшықтар тақырыбын оқу.    Сөзжұмбақ құрастырып келу.

 

Сабақ аяқталды. Зейін қойып  тыңдағандарыңызға рахмет!

 

Комментарии пользователей /1/
uzs | 7 декабря 2016 09:23
Жарайсың, Арайлым!
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения