Самиева Балкенже Онгарбековна
Должность:учительница начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Республика Казахстан, город Уральск, поселок Шынгырлау
20.01.2015
0
245
0

Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы

Сабақтың тақырыбы: Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыға күй туралы түсінік беру. Музыкалық қабілетін арттыру.
Дамытушылығы: Оқушының музыкалық білімін, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Музыканы түсінуге баулу, ұлттық өнерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай плакат.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

 «Тень - тень» В. Калинников.
«Еркем - ай» халық әні.
«Алма ағаштың аясында»Т. Камалдинов

ІІІ. Сергіту сәті: (тренинг - жаттығу)
Осы өлең жолдарын айтып түрлі дене жаттығуларын жасаймыз.
Қанат қағып жалма - жан,
Талпынғандай ұшуға.
Иіліп келіп қол созам,
Аяғымның ұшына.
Баян болып тартылып,
Барабанша соғамыз.
Домбырамен ән айтып,
Қамажайға билейміз.

ІV. Жаңа сабақ

«Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы».

Күй - домбырада және басқа да халық аспаптарында орындалатын музыкалық шығарма. Күй өзінің құрылымдық өзгешелігіне байланыс - ты бас, негізгі, орта буындар мен кіші және үлкен саға деп аталатын бірнеше бөлімдерден тұрады. Осыған орай домбыра мойны да сондай бөлшектерге бөлінеді.
Күйлер - тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз күйлер, тарихи күйлер, лирикалық күйлер, халық күйлері болып жіктеледі. Бүгін біз халық күйі «Кеңесті» үйренеміз. Халық күйлері ұрпақтан - ұрпаққа жеткенімен, шығарған кісілердің аты - жөні ұмыт болуынан халық күйі деп аталған.
Күйді орындап көрсету.

«Кеңес» күйі С - dur тональділігінде жазылған. Өлшемі 2/4. Күй бас, негізгі, ортаңғы, буындар мен кіші сағада орындалады.
Дамыту:«Кеңес» күйін нота бойынша талдау. Тактмен жұмыс жасау.

Бекіту
- Күй дегеніміз не?
- «Кеңес» күйінің авторы кім?
- Халық күйі дегеніміз не?

Қорытынды

Міне бүгін біз домбырада күй тартып үйрендік. Домбыра тарту өнері атадан балаға ғасырлар бойы рухани дәстүр болып келе жатқан музыкалық мұрамыз. Сондықтан өнерді, музыканы қастерлей білуіміз керек.
Үйге тапсырма: «Кеңес» күйін сағаға дейін нота бойынша жүргізіп қағыстарына қолдарын жаттықтырып келу,ырғақпен ойнау.
Бағалау.

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения