Гульсара
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Республика Казахстан, Северо-Казахстанская обл, г.Петропавловск
Регион:г Петропавловск
20.01.2015
0
481
0

Алғашқы қоңырау





«№ 1 жалпы білім беретін орта мектеп-интернаты» КММ

КГУ «Общеобразовательная средняя школа-интернат № 1»

 

 

Алғашқы қоңырау

Не? Қашан? Қайда? ойыны

(3-сынып. ашық сабақ)

 

Өткізген: қазақ тілі пәні мұғалімі

Шопанова Гүлсара Арманбекқызы

 

Петропавл  қаласы

2014 жыл 

Сабақтың тақырыбы:     Алғашқы қоңырау.

Сабақтың мақсаты:    1. Оқушылармен  өтілетін тақырып көлеміндегі ұғымдарды қайталау, жалғау түрлерін еске түсіру.

               2. Оқушыларды сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру, сөздерді талдай білу дағдыларын дамыту;

              3. Оқушылардың   оқу-білімге деген қызығушылығын арттыру,  ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Не? Қашан? Қайда? ойыны. Ашық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  түсіндіру, дәптермен,оқулықпен жұмыс, ойын, сұрақ-жауап, талдау түрлері, т.б.

Сабақтың құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, қара жәшік.

Сабақтың өту барысы:


Ұйымдастыру кезеңі:

   Амандасу. Кезекшімен диалог. Оқушыларды түгендеу.

-         Оқушылар, бүгінгі сабағымыз ерекше ойын түрінде өтпек. Ойынымыздың атауы:

 Не? Қашан? Қайда?

  Ойынның негізгі шартымен таныстырып өтейін: Ойыншыларға әр қаладан көрермендерден тапсырмалары бар конверттер беріледі. Ойыншылардың міндеті: сол тапсырмаларды орындай отырып, ұпайлар жинау.  Тапсырмаларды дұрыс орындаған жағдайда 1 ұпайға ие болады. Егер тапсырманы дұрыс орындамаса, көрермен-ойыншылар ұпайға ие болады.

Ойын үстелі 6 секторға бөлінген. 6 секторда сұрақтары бар конверттер орналасқан.

Зырылдауықтың тілшесі ойыншылардың  ойнайтын  секторы мен түскен тапсырмасын анықтайды. Егер тілше ойналған секторға түссе, онда келесі тапсырма орындалады.

Ойын 6 ұпайға дейін ойналады.

   Ойынға қатысатын көрермен хаттары:

1-сектор. Алматы қаласы. Мейрамгүл  апай.

2-сектор. Атырау қаласы.  Бекболатова Жанар – 3 -сынып оқушысы.

3-сектор. Қостанай қаласы.  Омаров Диас – 3 -сынып оқушысы.

4-сектор. Петропавл қаласы. Бақыт Сағынайқызы – қазақ  тілі пәні мұғалімі.

5-сектор. Тараз қаласы.  Жанбаевтар отбасы.

6-сектор. Астана  қаласы.  Жамбыл мен Ілияс.

Ойынымыздың шарты мен барысы түсінікті болса, ойынды бастайық! Ең алдымен зырылдауықты жүргізейік, содан түскен сектор тапсырмаларын орындаймыз.

1-сектор.  Алматы қаласы. Мейрамгүл апайдан.

Оқулықтың 4-бетіндегі 1-жаттығуды орындау.

Мәтінді мәнерлеп оқу. Ауызша аудару.

  Бірінші қыркүйек – Білім күні. Балалар мектепке келді. Оларды мұғалім қарсы алды. Алғашқы қоңырау соғылды.

  Сәлем, мектебім!

 

2-сектор. Атырау қаласы. Бекболатова Жанар   3-сынып оқушысы.

Оқулықтың  5-беті. 4-жаттығу.

Жақшаның ішіндегі сөздерді аударып, сөйлемдерді

толықтырып жаз.

Мынау – (школа). Ол - ....

Мектепте (дети) оқиды. Олар білім ....

(Звонок) соғылды. Үзіліс ....

(Ученики) сыныпқа кірді. Олар орындарына ....

(Урок) басталды. Бұл - .... сабағы.

 

3-сектор. Қостанай  қаласы. Омаров Диас    3 - сынып оқушысы

  Құрметті  3 “а” сынып  оқушылары  маған  мына  сөздерге  фонетикалық талдау  жасауға  көмектесіңдер.  Рахмет.

 Сабақ, мектеп.

Тексеруі:

Сабақ – 2 буын, 1-буын ашық, 2-буын бітеу; 5 дыбыс, 5 әріп

С – дауыссыз дыбыс, қатаң;

А – дауысты дыбыс, жуан, ашық, езулік;

Б – дауыссыз дыбыс, ұяң;

А - дауысты дыбыс, жуан, ашық, езулік;

Қ – дауыссыз дыбыс, қатаң.

                                Мектеп – 2 буын, бітеу буындар, 6 дыбыс, 6 әріп

                                М – дауыссыз дыбыс, үнді;

                                Е – дауысты дыбыс, жіңішке, жартылай ашық, езулік;

                                К – дауыссыз дыбыс, қатаң;

                                Т – дауыссыз дыбыс, қатаң;

                                Е – дауысты дыбыс, жіңішке, жартылай ашық, езулік;

                                П – дауыссыз дыбыс, қатаң.

Сергіту сәтіОқушылар  интерактивті  тақтадан   бейне сергіту сәтін  қимылмен көрсете отырып жасайды.

 

4-сектор.  Қара жәшік. Петропавл қаласы.

Бақыт Сағынайқызы қазақ тілі пәні мұғалімі.

 Балалар,  менің жұмбағымды шешіп көріңдер.

Сен оқуда қандайсың,

Менен жасыра алмайсың.

 Сұрақ: Қара жәшікте не бар?   (күнделік)

 

5-сектор. Тараз қаласы.  Жанбаевтар отбасы. Сөзжұмбақ   шешіп көріңдер:

1.    Мектепте  оқушыларға білім мен тәрбие беруші адам.

2.    Күнделіктегі ең жақсы баға.

3.    Оқушының бағалар қоятын, ата-аналары бақылайтын құжаты.

4.    Оған бормен жазамыз.

5.    Жіктеу есімдігі   І жақ, жекеше түрі

6.    Оқушының мектептегі жұмыс орны.

Көлденеңінен: білім ордасы.  (мектеп)

Жауаптары: 1. мұғалім  2. бес  3. күнделік  4. тақта  5. мен  6. парта  

 

6-сектор.  Астана қаласы. Жамбыл мен Ілияс 3 “б” сынып оқушылары.

Құрметті 3 “а” сынып оқушылары сендерге Астана қаласының №25 мектеп оқушылары Жамбыл мен Ілияс хат жазып отырмыз. Біз мына сөздерді септеуге қиналдық. Сендерден көмек күтеміз. Рахмет.

Мектеп, мұғалім, білім.

Тексеруі:

Атау септігі: мектеп, мұғалім, білім.

Ілік септігі: мектептің, мұғалімнің, білімнің.

Барыс септігі: мектепке, мұғалімге, білімге.

Табыс септігі: мектепті, мұғалімді, білімді.

Жатыс септігі: мектепте, мұғалімде, білімде.

Шығыс септігі:мектептен, мұғалімнен, білімнен.

Көмектес септігі: мектеппен, мұғаліммен, біліммен.

 

Сабақты қорыту: оқушылардың жинаған ұпайларын санау . Сәтті орындаған  және қиналған  кездеріне тоқталып, талдау айту.

 Үйге тапсырма:             1.жалғау түрлерін қайталау.

                                           2. мектеп туралы  мақал-мәтелдер жаттау.

Сабақты бағалау:  Оқушыларды  тапсырмаларды орындау деңгейіне сай бағалау.

Қоштасу:  Сабақ аяқталды. Сау болыңдар! 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения