Адылханова Алия Боранбаевна
Должность:учитель технологии
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодар
18.01.2015
0
504
5

Батик туралы ұғым

Сабақ тақырыбы: Батик туралы ұғым

Сынып: 8  сынып

Уақыты: 45 мин

Сабақтың мақсаты: Батик туралы ұғымдарын қалыптастыру. Эскизді қажетті өлшемге дейін үлкейтуді және матаны кергішке тартуды үйрету.

Білімділік: қоғам өміріндегі еңбектің, өнердің рөлін түсіндіре отыра, батик технологиясы туралы ұғымдарын қалыптастырып, сурет эскизін  үлкейту туралы білім беру.

Дамытушылық: балаларды еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа талаптандырып, өз қиялдарын іс-жүзінде пайдалана алуын үйрету

Тәрбиелік: Батик өнері арқылы қыз баланы әсемдікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және ұлттық нақышта берілген суреттері арқылы  оқушыларды отанды сүйюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: түсіндірмелік-демонстрациялық, теориялық, сарамандық

         Сабақтың оқыту әдістері: әңгіме, түсіндіру, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру, нұсқау беру, тәжірибелік жұмыс.

         Пәнаралық байланыс:  бейнелеу өнері

         Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: кергіш, мата, кнопкалар, қылқалам, түтікше, резерв, кергішке тең қағаз, қарындаш, сызғыш, маркер және эскиздер. Боялған эскиз үлгілері, нұсқау карталар, дайын бұйымдар.

            Сабақтың барысы:

         І.   Себептік -  5-7 мин

ІІ.  Іс-әрекеттік – 80 мин

ІІІ. Рефлексия – 3-5 мин

Сабақтың мазмұны:

1)    Ұйымдастыру бөлімі:

-       оқушылармен сәлемдесу;

-       оқушыларды түгендеу;

-       құрал-жабдықтарын тексеру.

         Мұғалім: Сәлеметсіздер ме? Орындарыңызға отырыңыздар. Бүгін сабақта кім жоқ. Рахмет

2)       Өткен тақырып бойынша қайталау(үйде оқушылар сұрақтарға жауап жазып келу керек еді). Кейбір бала ауызша жауап береді

3)    Тақырыпты айқындау, мақсатын айту

Мұғалім: Қыздар енді тақтаға назар аударыңыздар. Не көріп тұрсыздар?

Дұрыс, бұл ребус. Ендеше суреттерге мұқият қарап бүгінгі сабағымыздың тақырыбын табыңдар.

Жақсы, қыздар. Яғни, бүгінгі сабағымыз «Батик туралы ұғым» деп аталады.

Бүгінгі сабақта, сендердің мақсаттарын – Батик туралы айтылатын барлық білімдерді меңгеру, сурет эскизін дайындау және матаны рамаға тартып келесі сабаққа әзірлеп алу.

 

         

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения