Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
18.01.2015
0
2794
0

Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар туралы түсінік

Қазақстан Республикасы,Ақмола облысы,Степногорск қаласы,Ақсу кенті

№1 Ақсу орта мектебі

Математика пәнінің мұғалімі

Жумаева А.К.

Дамыта  оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың  көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Жаңа технология  элементтерін қолдануды практикамен ұштастырсам,

6-сыныпта математика пәнінен «Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы» тақырыбын жаңа технология элементтерін қолдану тұрғысынан өткіздім. Оқушылардың ынтымақтастық атмосфераларын қалыптастыру барысында «Жүрек жылуы» тренингін өтті. Бұл тренингті өткізу барысында, көшбасшылықты өзім таныта отырып, оқушылардың бойынан бір-біріне деген жылулық пен достықты байқадым.

 

  Үйге өтілген статистикалық сипаттамаға байланысты оқулықтан №1215  есеп берілген болатын. Партада жұппен отыру арқылы, дәптерлерін алмастыру барысында, бір-бірлерін тексерді. Өткен тақырыпты қаншалықты деңгейде түсінгендерін тексеру мақсатында семантикалық картаны  қолдандым. Оқушыларға әдеттегіндей, бағалау парақтары тапсырылып қойылды. Ол бағалау парақтарында мынадай «Белсенділік танытқаны үшін, үй тапсырмасын орындағаны, сыныптастарына көмек берулері»деген бағалау критерийлары болатын. Бағалау парағындағы үй тапсырмаларын орындағаны үшін бағанына оқушылар тиісті бағаларын қойды.

  Ақпатарттық коммуникативті технологияны  қолдану  арқылы оқушылар  тақырыпты жақсы және тез ұғынады. Мысалы: презентация слайд арқылы жаңа сабақтың түйінді сөздерін немесе формулалардың жазылуын көздерімен көріп, құлақтарымен естиді.   Интербелсенді тақтамен жұмыс оқушылардың белсенділігін арттырады.    Пәнге деген қызығушылықтары артады.  Ой қозғау сатысы бойынша АКТ-ны пайдалана отырып, интербелсенді тақтада көрсетілген «Тұрмыстағы математика»тақырыбында есептерді талдай отырып,  оқушыларға сұрақтар  қойылды. Осы тапсырмада дарынды балалардың жауаптарын ерекше айтуға болады. Оқушылар әр айтқан сөздерін дәлелдей білді. Мысалы : Жасұланның бойы 112 см, Ілиястың бойы 125 см, ал менің бойымның ұзындығы 114см.  Біздің бойымыздың арифметикалық ортасы 117-ге тең деп дәлелдеді. Оқушыларға статистикалық сипаттамаға байланысты «Сандар қатарының өзгеріс ауқымын қалай түсінесіңдер?»деген  сұраққа  оқушылар «С.қ. өзгеріс ауқымы-ол үлкен саннан кіші санның айырмасы»деп өз ойларын жүйелеп берген жауаптарынан , сыныптағы диалогтің маңыздылығын байқадым. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті.     

Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдерді сабағымда қолданған кезінде оқушылар  өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. Сабақ барысында флипчартты толтыру кезінде оқушылар бір-бірімен диалог жүргізіп отырды. Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілді модулін қолдану арқылы оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттырдым. Топтарға  постер таратып,  статистикалық сипаттамадан алған білімдерін ортада талдап, бір шешімге келіп, ойларын постерге түсіреді. Бұл тапсырмада топпен жұмыс жасай отырып, сыни тұрғыдан ойлау жобасымен ықпалдасты,топта ынтымақтастық атмосфера орнады. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға   үйретудің «Кубизм»тәсілін қолдандым, оқушылар партада отырған жұбымен тапсырмалар орындады.Шаршының алты қырына жазылған тапсырмаларда өткен сабақты пысықтауға арналған жұмыстар болатын. Оқушыларға осы берген тапсырмаларды орындату барысында  өткен  тақырыптарды қаншалықты меңгергендерін тексере алдым. «Салыстырыңыз»-деген тапсырмада өткен тақырыпқа байланысты  ондық үлестердің ұқсастығы мен айырмашылықтарын тапты. Венн диаграммасы арқылы көрсетті.  Оқушыларға «Анықтаңыз»-деген тапсырмада өтілген статистикалық сипаттамаларды мәтіннің ішінен анықтау керек.«Аяқтаңыз»-деген тапсырмада, берілген анықтаманы аяқтау керек болды.  Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға  баулуды білдіреді. Осы сыни тұрғысынан ойлауды үйрету барысында, сабақта жұмыс жасаған оқушылар өз алдына қойған сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отырды. Яғни, оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы оқушымен пікірлесу, жұптасып өз ойларын ортаға салды. Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету  мәселесіне байланысты оқушылар өз пікірін еркін сөйлеу арқылы айтуға, ойын жеткізуге, оны дәлелдей алуға, сонымен қатар қасындағы оқушы пікірін де тыңдауға, сол пікірлерді салыстыруға, басқалармен жұмыс істеуге, қасындағы досына құрметпен қарауға, зер салып тыңдауға, мәдениетті, батыл сөйлеуге, топпен ортақтасып бір тұжырымға келуге мүмкіндік алды. «Мадагаскар»музыка әуенімен интербелсенді тақтаны пайдалана отырып, сергіту сәтін жүргіздік. Оқушыларды жігерлендіріп, көңілдерін көтердім.

  Танымдық даму –баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда, танымдық даму оқуға деген қабілеттік, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары , ойлау, негіздеу және

шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Оқулықтағы №1220 есепті орындау барысында бір оқушы тақтаға орындаса, басқалары, қатар отырған жұп, бір-бірінің есептерін тексерді. Интербелсенді тақта арқылы дұрыс жауаптары көрсетілді Оқушылардың пікірлерін ескере отырып,сонымен қатар неше алма смайликтерін тергендерін  санап, жиынтық бағаны қойдым.

Сабақты қорытындылау бөлімінде оқушылармен «Бағдаршам сигналдары» әдісі арқылы кері байланысты орнаттым.Оқушылар бағдаршамның жасыл сигналын көтеріп, өздерінің бүгінгі сабақты өте жақсы түсінгендіктерін көрсетті .

      Бағдарламаның жеті модулін сабақтарыма ықпалдастыра отырып жаңаша оқытуға деген көзқарасым өзгерді . Осы жоспарды басшылыққа ала отырып, сабақтарымды жаңаша өткіздім. 6-сыныпта  «Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар туралы түсінік» тақырыбында өтілген сабағымның қысқа мерзімді жоспарын  ұсынып отырмын.                                                                                

6-сынып

     Математика

Сабақтың

тақырыбы

 

Қарама-қарсы сандар.Бүтін сандар.Рационал сандар туралы түсінік.

 

Сілтеме

 

Блум таксономиясы,Марта Бронсон/2002ж/өзін-өзі реттеу.Оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Математика 6-сынып. Т. Алдамұратова,флипчардтар,сабақ жоспары.

 

Жалпы мақсаттар

 

Оқушылардың логикалықойлау қабілеттерін,білім,білік дағдыларын дамыта отырып,интнллектуалдық қалыптастыру, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру.оқушыларды өзін-өзі басқаруға,ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

Оқыту нәтижелері

 

Оқушылар қарама-қарсы сандар туралы түсінікті,қандай да бір санға қарама-қарсы сан болатынын, бүтін сандар жиынын,рационал сандар жиынын, таңбалар ережесін білулері керек.берілген санның қарама-қарсы санын таба білуге тиіс.Натурал сандар, бүтін сандар және рационал сандар жиынының Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескінделуін білулері тиіс.

Негізгі мақсаттар

 

Қарама-қарсы сандар туралы, бүтін сандар жиынын қандай сандар құрайтынын, рационал сандар жиынын қандай сандар құрайтыны туралы түсінік беру, таңбалар ережесімен таныстыру,берілген санның қарама-қарсы санын тауып үйрету.

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері

 

Топпен жұмыс, топтастыру, салыстыру, саралап-бағалау, толғаныс, болжау.

Сабақтың көрнекілігі

 

Үлестірме парақшалар,слайдтар, сөздер,суреттер, сызғыш, қосымша тапсырмалар.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу./3 мин/

-ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

-натурал, бүтін, рационал сандар деп 3 топқа бөлу

«Жүрек жылуы»тренинг

Бір қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілдеп соққан кішкене жүрегіміздің дүрсіліне бір сәт құлақ түріп көрейікші.

Жүректеріңнің соғысын сезесіңдерме? т.б.

Олай болса, осы жылы да жұмсақ, батыл да ақылды, қайырымды да мейірімді,

бақытты да қуанышты жүрегімізден шыққан жылуды айналамызға таратайық.

(Алақандарын айналаға үрлейді)

Уақыты

Тапсырмалар

Білу тапсырмасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсіну тапсырмасы

(7 мин)

 

 

 

 

 

Жаңа тақырыпты өздіктерінен түсіну ротация әдісі, постермен жұмыс жасайды.

1-топ

Координаталық түзудің бойынан А(6),В(-6),С(4),Д(-4)

2-топ

Координаталық түзудің бойынан  натурал сандар мен 0 санын белгілеңдер

3-топ

Координаталық түзудің бойынан рационал сандарды белгілеңдер.

 

Көп нүктенің орнына қажет сөздерді жазыңдар

Бір-бірінен тек қана ................. ажыратылатын сандар қарама-қарсы сандар деп аталады.

Оң санға қарама-қарсы сан ................ сан болады.

Теріс санға қарама-қарсы сан ............сан болады.

О саны................ қарама-қарсы сан

Натурал сандар және оған ..........сандар және ..... саны бүтін сандар деп аталады.

Бүтін сандар, бөлшек сандар ...........рационал сандар деп аталады.

Q-рационал сандар жиыны, Z-бүтін сандар жиыны.

N-натурал сандар жиыны. Эйлер –Венн диаграммасы арқылы өрнектеңдер.

Таңбалар ережесі

+(+) = +

- (+ ) = -

+ (-)  = -

(-)- = +

Сергіту сәті

2 мин

 

Логикалық есеп

 

 

Қолдану 10 мин

 

 

Кітаптан есептер шығару

№328 жұптары, №330, №332 тақтары

 

 

 

Талдау тасырмасы

 2 мин

 

Дұрыс жауаптарды теріп жаз

-(-3,7) = 3,7                        -(+8) = -8

-(+ 2,5) = 2,5           -(-25) = -25

-(-9,6) =  - 9,6            -(+12,4) = -12,4

Жинақтау

Мин

  • Оң санға қарама-қарсы сан қандай сан?
  • Теріс санға қарама-қарсы сан қандай сан?
  • Оң сандар және теріс сандар қандай сандарды құрайды?
  • Қарама-қарсы сандар дегеніміз қандай сандар?

Қай тұжырымдама тура:

  1. Кез келген натурал сан –бүтін сандар жиынының элементі.
  2. Кез келген бүтін сан –натурал сандар жиынының элементі.
  3.  Кез келген рационал сан бүтін сандар жиынына тиісті.
  4. Кез келген бүтін сан рационал сандар жиынына тиісті.
  5. 0 саны рационал сандар жиынына тиісті

 

мин

Бағалау критерилері

üөткен тақырыптарды білуі;

üөз ойын білдіруі;

üформуланы математикалық тілде сөйлетуі;

üтыңдау мәдениетін сақтауы;

üсабақта белсенділігі;

üөзін-өзі реттей алуы;

üматематикалық білімі;

üөзін-өзі бағалауы.

Бекіту тапсырмасы

 

3мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест тапсырмасы

  1. 5 санына қарама-қарсы сан

А) 0    В) -5    С) 5

     2.Теріс санның   қарама-қарсы саны

А) натурал сан   В) оң сан   С) бүтін сан

3.0 санының қарама-қарсы саны

А) теріс сан    В) оң сан   С) 0

4. Есепте:-(-4)

А) 4    В) -4    С) 0

5. Есепте:-(+5,2)

А) 5,2    В) -5,2    С) 0

6. Есепте:+(-8)

А) -8    В) 8    С) –(-8)

7. Есепте: -(-7)

А) -7    В)  (-7)    С) 7

 

 

Дарынды оқушыға

 

мин

 

 

 

 

 

 

 

Семантикалық карта

 

а

 

в

 

а+в =-44

а+в=53

 

а+в =37

 

 

а+в=-99

 

 

а+в=44

1

12

45

 

 

 

 

 

2

-23

-11

 

 

 

 

 

3

-99

0

 

 

 

 

 

4

60

-7

 

 

 

 

 

5

-10

54

 

 

 

 

 

Келесі тапсырма

1 мин

№329,331

Таңбалар ережесін жаттау.

Рефлексия

1 мин

Стикерлерге оқушылар пікірін жазады.

 

 

                                               Сабақтан көрініс

                                           

                                                  Бағалау парағы

 

Ескерту: 2,3,4,5 ұпаймен бағала

Оқушының

аты-жөні

Топта сөйлеп,идея айтқандығын бағала

Сабаққа қатысу белсенділігін бағала

Мұғалімнің    

 бағалауы

 

 

 

 

 

                                        Кері байланыс парағы

 Оқушының аты-жөні                                   

 Сабақта не ұнады немесе

жақсы болды?

 Не ұнамады немесе

жаман болды?

 Сабақта нені өзгерткің келеді, сенің қалауың?

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения