Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
18.01.2015
0
373
0

7 саны. Есептер шығару

Қазақстан Республикасы,Ақмола облысы,Степногорск қаласы,Ақсу кенті

№1 Ақсу орта мектебі

Математика пәнінің мұғалімі

Жумаева А.К.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды  7 санын қосу және азайтудың  әдіс-тәсілдерімен таныстыру.

Білімділігі : Сандарқұрамы туралы білімдеріне сүйену, бөліктер бойынша қосу мен  азайту амалдарының өзара байланысын нығайту;

Дамытушылығы: Ой –өрістерін, есте сақтау қабілеттерін, логикалық ойын арқылы  қиялын, математикаға қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, ұжымдылыққа, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа  сабақ

Түрі: Саяхат сабақ

Әдісі: ойын, сұрақ-жауап, баяндау. 

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, таңбалар, слайдтар, интерактивті тақта.

 

                                                Сабақтың барысы:

І  Ұйымдастыру кезеңі:

а/ Оқушыларды және олардың оқу-құралдарын  түгелдеу, сыныпты сабаққа дайындау.

ә/ Психологиялық дайындық.

   «5» болсын алар бағамыз,

   Білімнен бақыт табамыз.

   Өнер-білім көп біліп,

   Өсе берсін санамыз.

-Балалар, бізге қонаққа кімдер келген?

-Бүгінгі сабаққа Дара мен досы Айдос келіпті.

-Дара кім?

-Саяхатшы.

-Бүгін Дара бізді өзімен бірге саяхатқа шақырып жатыр екен. Саяхатқа шығамыз ба?

ІІ  Үй жұмысын тексеру:

а/   №5 есепті ауызша тексеру

 б/  Өткенді  пысықтау.

«Нысанаға тигіз» ойыны арқылы сендердің қандай мерген екендеріңді байқайық.

3+4═ 7             5+2+3═ 10

6-3+4═ 7         3+6-5═ 4

ІІІ  Жаңа сабақ.
  -Олай болса жолға шығуға дайындалайық. Алдымен жол дорбамыздан керекті 

  оқулықты алып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын біліп алайық.

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «7 санын қосу және азайту».
 - 7саны туралы не білеміз?     
    Жеті қазына                                      Жеті жұт                                   Жеті ата
    1.Ер жігіт                                           1. Құрғақшылық                           1. Әке
    2. Сұлу әйел                                         2. Мал жұтау                               2. Бала
    3.Ілім-білім                                          3. Ауру                                           3. Немере
    4.Жүйрік ат                                        4. Өрт                                          4. Шөбере
     5.Қыран бүркіт                                5. Соғыс                                       5. Шөпшек
     6.Ұшқыр тазы                                  6. Сел басу                                  6. Немене
     7.Берен мылтық.                           7. Жер сілкіну                               7. Туажат


-Балалар, бізге жолды көрсететін не керек?

-Карта

-Картаны алып, бүгінгі жүретін жолымызды анықтайық.

  Бүгін біз Дарамен бірге құпия сандыққа жетіп, не жасырынғанын білуіміз керек.

Ол үшін спорт алаңынан, өзеннен, орманнан, көгалдан өтіп, сандыққа жетеміз.

-Бүгін біздің жолымызда санға 7-ні қосу және азайту көп кездеседі екен, сондықтан тақтаға назар аударайық.

7-нің ішінде неше бірлік бар? /7 бірлік/

Санға 7-ні қосқанда 7 бірлік алдыға жылжуымыз керек екен. Сонда 1-ге 7-нің қосындысы 8-ге тең.

Айырмада 7 бірлік артқа қарай жылжуымыз керек. Мысалы 10-нан 7-нің айырмасы 3-ке тең.

Оқулықпен жұмыс.

-Енді саяхатымызға шығайық. Алдымен қайдан өтеміз?

СПОРТ АЛАҢЫ

 -Спорт алаңынан өту үшін доптардағы сандарды 7-ге қосып, азайту арқылы нәтижесін табуымыз керек.                           

ӨЗЕН

-Өзеннен өту үшін көпір салуымыз керек. Ол үшін оқулықтағы 67 бетіндегі  №2 жаттығу тапсырмасын орындап кесте құрамыз. Кестені алдымен қосындыға құрамыз. Ол үшін қандай саннан бастайтын едік? Теңсіздіктер құрастырып жазу (суреттер арқылы).

-Көпірдің ортасына жеттік, енді төмен түсуіміз керек.Ол үшін 10 санынан бастап кері қарай  7-ні азайтамыз.     /көпірдің суреті/

  -Тамаша, өзеннен де өттік.Енді қайда барамыз?

     ОРМАН

-   Балалар шаршаған шығарсыңдар. Отырып, тынығып  алайық.Логикалық есеп

 Барлығы-  7 қоян, 2  - қоян топтан ажырап кетті

Қалғаны неше қоян?

   Шешуі: 7-2 ═ 5 /қоян/                                                                                                                                                                                                 

   Жауабы: 5 қоян орманда қалды.

    КӨГАЛ

-Көгал қандай тамаша! Қане, бір сергіп алайық.

Көк белеске шығайық,

Отырайық, тұрайық.

Жүгірейік екпіндеп,

Көбелекті қуайық.

  -Көгалда көбелектер билеп жүріп, қатарды бұзып алыпты. Біз қателескен қатарды табайық.

1    2   3   4   5   6   7  /құстардың суреттері/

САНДЫҚ

-Міне, балалар , сандыққа да келіп жеттік. Сандықты ашу керек қой. Бұл сандықтың кілті екі бірдей түйме екен. Тапсырманы орындау арқылы сандық ашылады.

-Сонда құпия сандықта шарлар жасырынған екен.    

 

Қорытынды:  Шарларда  берілген тапсырмаларды орындау арқылы жаңа сабақты пысықтау.

Үйге тапсырма: 7 санын қосу және азайту кестесін жаттау.

Бағалау: Жұлдызшалардың өзі 5 деген бағаны білдіреді. Мен де сендерді сабаққа жақсы қатысқандарың үшін жұлдызшалармен бағалаймын.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения