Джуматаева Акмарал Болегеновна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Акмолинская область,Бурабайский район, с. Окжетпес
18.01.2015
0
291
0

Мақала "Лапландияға саяхат"

Лапландияға  саяхат

 

        Қыс  мезгілі  бала үшін қызыққа толы. Жаңа жылы мен Аяз ата, шана, шаңғысымен  балалардың  қызыға  күтетін мезгілі.  Ақ  көрпеге  оранған  жер көздің  жауын  алады.   Бұл мезгілдің кереметін  біздің  Бурабай жерінде тамашалаған бір ғанибет.  Кентімізде туризм дамып келе жатыр.  Бурабай қонақтары  мен балаларға арналған Көкше төрінде ,  Щучье  көлінің  жағасында орналасқан  Лапландия  оның дәлелі.     

        Қыс  келісімен-ақ,  Санта -Клаус  резиденциясына   барғысы келетіндер  көп. Іргеміздегі  алысты жақындатқан  Бурабай кентінің әкімі Муратов Ерлан Құрманұлына алғысымыз шексіз.  Ерлан  Құрманұлы  балаларға  арнайы екі сағаттық  саяхат  ұйымдастырды. 

        Балалардың  қуанышында шек жоқ.   Бәрі бір сиқырды күткендей, жүректері ерекше лүпілдеді.  Балаларды  жылы шырайлы эльфтер қарсы алып,  қызықты  экскурсия  өткізді.  Содан кейін  Санта –Клауспен  қауышты, өз тілектерін білдіріп,  эльфтер мектебінде салған суреттерін  сыйға тартты.  Әр бала  Санта Клаусқа хат жазып,    арнайы сиқырлы   поштасына  салып жіберді. Сырғанақтан зымыра ұшып, уақытты  көңілді  өткізді. Балалар  үйге  жақсы көңілмен, толқып қайтты.

         Осындай  ұмтылмас  бақытты сәттер үшін  Ерлан  Құрманұлына   көп  рахмет айтамыз.  Еңбегіңіз жемісті,  денсаулығыңыз мықты болсын!

 

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі: Джуматаева А.Б.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения