Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
18.01.2015
0
890
0

Жыл мезгілдері

Казахстан, Кызылординская область,пос. Айтеке-Би
Средняя школа №216 им. К. Сатбаева
Учитель начальных классов
Арыстанбаева Мира

 

   Сабақтың тақырыбы:

 

 

Жыл мезгілдері

  

   Сілтеме

 

Жоспар

  

   Жалпы мақсаты

 

 

                                        

1. Жыл мезгілдеріндегі табиғат құбылыстары туралы түсінік беру.

2.Жыл мезгілдерінің бір-бірінен ерекшеліктерін білуге,әр мезгілдің әдемілігіне, әсемдігіне қызығушылығын арттыру.

  1. Оқушылардың ой-қиялын дамыта отырып,байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру.Оқушыларды ой түйіндеуге, пікірін дәлелдеуге баулу.

 

  

 

   Күтілетін нәтиже

 

  1. Жыл мезгілдеріндегі табиғат құбылыстары туралы түсінеді.

 2.Жыл мезгілдерінің бір-бірінен ерекшеліктері біледі,    әр мезгілдің әдемілігіне, әсемдігіне қызығушылықтары арттып, табиғатқа қамқорлық жасауға үйренеді.

   3. Оқушылар ой-қиялын дамыта отырып, байланыстыра сөйлеу дағдылары жетіледі.Оқушылар ой түйіндеуге, пікірін дәлелдеуге үйренеді.

 

  

   Негізгі идеялар

 

1. Жыл мезгілдері.

2.Жыл мезгілдерінің өзіне тән табиғат құбылыстары.

   Тапсырмалар

1.Үй жұмысы:

1) « Нан туралы өлең» өлеңін жатқа айту.

2) «Ас атасы – нан» тақырыбында эссе жазу.

2.Итермелеу сатысы

Ұжымдық жұмыс:1)  «Ойлан, тап» ойыны: Жұмбақтардың шешуін табу арқылы жаңа тақырыпты ашу.

2)  «Жыл мезгілдері»  өлеңінің авторы Ескен Елубаевтың өмірбаянынан қысқаша мәлімет беру. 

Конструкциялау сатысы

1.Мәтінмен жұмыс:а) Тізбектей оқу;

ә) Мазмұндау.

2.Топтық жұмыс: «Адасқан суреттер» ойыны (сурет қиындысынан әр мезгілге сәйкес сурет құрастыру және сол мезгілдегі ерекшеліктерге байланысты суреттерді топтастыру).

Нұсқалау сатысы

1.Жұптық жұмыс:Ұйқас сөздерді пайдаланып жыл мезгілдері туралы бір шумақ өлең құрастыру (Шығармашылық тапсырма).

2.Жеке тапсырма:  А,В,С деңгейіндегі тапсырманы орындау.

Бағалау

Бағалау критерилері

    Критерийлер

1 топ

2

топ

  3 топ

4 топ

Тақырыптың ашылуы

 

 

 

 

Құнды пікір айтылуы

 

 

 

 

Оқушының сабақтағы белсенділігі

 

 

 

 

Жалпы балл

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Өлең мәтіні бойынша өз сөздеріңмен  диалог  құраңдар

 

 

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

1.Ұйымдастыру кезеңі.(3-5мин)

1.Сыныпқа жақсы психологиялық жағдай туғызу.Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне

жылы сөз айтқызу.

2. Жыл мезгілдеріне байланысты  төрт топқа бөлінеді.

1-топ: Көктем

2-топ: Жаз

3-топ: Күз

4-топ: Қыс

2.Тобыңыздағы мүшелердің рөлін анықтаңыз:көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт

сақшысы, бақылаушы .

Назарларын сабаққа аудару.

  №1 тапсырма (Үй тапсырмасы)

Үй  жұмысы:

1) « Нан туралы өлең» өлеңін жатқа айту. ( Ишара )

2) «Ас атасы – нан» тақырыбында эссе жазу. ( Бағдаршам )

№2 тапсырма (Жаңа сабақ)

Итермелеу сатысы

Сабақ басталады:

Ұжымдық жұмыс:

1)“Ойлан тап”

Жұмбақтардың шешуін табу арқылы жаңа тақырыпты ашу.

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезең? (Көктем)

 

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұр шашады. (Күн)

 

Жапырақты бояды,

Атырапты бояды.

Бояп-бояп барлығын

Сап-сары ғып қояды.(Күз)

 

Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады.(Аяз)

2)  «Жыл мезгілдері»  өлеңінің авторы Ескен Елубаевтың өмірбаянынан қысқаша мәлімет беру. 

 Ескен Елубаев - 1942 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысыҚордай ауданындағыОтар стансасында туған. 1958 жылы Отар стансасындағы №529 теміржол орта мектебін бітірген. ҚазМУ-дің филология факультетін 1966 жылы тамамдаған. 1966 жылдан бастап «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Жалын», «Өнер», «Балауса» баспаларында, «Балдырған» журналының бас редакторының орынбасары болып қызмет істеген.

Конструкциялау сатысы

  1. Мәтінмен жұмыс:

 I  топ:     Көктем туралы жазылған өлең шумақтарын тауып оқы және мазмұнда.

II  топ:      Жаз туралы жазылған    өлең шумақтарын тауып         оқы және мазмұнда.

 III  топ:      Күз туралы жазылған      өлең шумақтарын тауып оқы және мазмұнда.

IҮ топ:     Қыс  туралы жазылған      өлең шумақтарын тауып оқы және мазмұнда.

        2.Топтық жұмыс: «Адасқан суреттер» ойыны (сурет қиындысынан әр мезгілге сәйкес сурет құрастыру және сол мезгілдерге сәйкес суреттерді топтастыру).

Нұсқалау сатысы

    1.Жұптық жұмыс:Ұйқас сөздерді пайдаланып жыл мезгілдері туралы бір шумақ өлең құрастыру (Шығармашылық тапсырма).

Көктем

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _      су ағып,

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _     жел есті.

_ _ _ _ _ _  _ _ _ _ _ _      _тізіліп,

_ _ _ _ _ _  _ _ _ _ _   кеп жетті.

 

Жаз

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  балалар,

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _   ойнайды.

_ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _  ойынның,

_ _ _ _ _  _ _ _ _ _ _  тоймайды.

 

Күз

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _   астыққа,

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _     піседі.

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _   теңселіп,

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _   түседі.

 

Қыс

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _    борап тұр,

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  орап тұр.

      _ _ _ _ _ _ _ _ _ _   балалар,

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  қарап тұр.

 

2.Жеке тапсырма:  А,В,С деңгейіндегі тапсырманы орындау.

    1. Өлең құрылысына талдау жаса.

    2. Жалғасын тап (мақалды аяқта).

    3.  Кез келген екі мақал жаз.

Рефлексия

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін пайымдау мақсатында стиктер тарату.

Кейінгі тапсырмалар

Өлең мәтіні бойынша өз сөздеріңмен  диалог  құраңдар

 

Кейінгі оқу

Өлеңді мәнерлеп оқып келу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения