Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
17.01.2015
0
937
0

Тіл –ұлттың жаны

Қазақстан Республикасы,Ақмола облысы,Көкшетау қаласы

Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты

Тәрбиеші

Қасымбекова Баян Шайхеслямқызы

Мақсаты: Оқушыларға  мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстау жөнінде ,    әрұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт- дәстүрі , діні,тіл ерекшелігі

болатынын түсіндіру.  Оқушылардың тіл туралы білімдерін

жетілдіру , өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу , туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат тәрбиелеу .

Көрнекі құралдар : плакаттар « Тіл – асыл мұра » , «Тіл мерейі –ел мерейі»,

баяндама ,нақыл сөздер  жазылған плакат.

Тәрбие сағатының барысы : Ұйымдастыру. 2. Кіріспе оқу. 3. Тіл туралы

өлең, мақал-мәтелдер, баяндама тыңдай отырып тәрбие сағатымызды  бастаймыз .

 

Жүргізуші : Тіл - ұлттың жаны. Ал, ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл- халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі –оның бақыты мен тірегі . Елбасы Н.Ә. Назарбаев халықтың  болашағы туралы тереңнен толғай отырып , мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің  болашағы деген болатын . Ендеше өз тіліміз бен  дінімізді берік ұстап, оны құрметтей білейік», - деген болатын.Адам баласы дүниеге келіп есі кіре бастағаннан-ақ адамдық қасиеттерді, қалыптастыратын әдептілікті, ізгілілік пен ізеттілікті ана тілінде ұғып үйренеді. Халықтың тарихта қалуы- тіліне байланысты. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі . Өйткені халқымыз дәрежеге емес дәстүрге бағынған. Егемендік алғаннан кейін «Тіл туралы Заң» қабылданды. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды .

1-оқушы:

Ана тілі біздің туған анамыз

Анамыздай сыйлап, бағып қағамыз.

Ана тілін бағаласақ қалай біз ,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз

Ана тілін кім аялай білмесе,

Анасынан безген ұл деп қараңыз .

 

Жүргізуші: Тілсіз ұлт –тілінен айырылған ұлт, дүниеде ұлт болуы үшін бірінші шарт - тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың  құри бастағанын көрсетеді .

Ұлтқа тілінен қымбат басқа нәрсе болмасқа тиісті . Бір ұлттың тілінде  сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы,мінезі айнадай көрініп тұрады . Қазақ тілінде қазақтың  сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық , біресе құйындай тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі - бәрі көрініп тұр . Қазақтың сар даласы кең, тілі бай . «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-ата бабамызды, тарихымызды ұмыту,» - деп Бауыржан  Момышұлы айтқандай ана тілі адам баласының бойына ана  тілі адам  сүтімен еніп бойға тарайды .

 

Жүргізуші:

Тіл мәселесі – қазіргі ең бір шешуші мәселенің бірі . Біз –тілімізді ұрпақтан-ұрпаққа қастерлеп, жеткізетін қасиетті мұрамыз. Ұрпағымыздың асыл арманына, қуанышы мен қызығына қызмет етеміз.Ең  әуелі ана тілін үйреніп, жаттықпаған  бала басқа тілді де жақсы меңгермейді. Күмбірлеген күй, көкіректен жарып шыққан әнмен біздің ата-бабамыз, өзінің жан дүниесінің мұң-шерін,асқақ арманын тіл арқылы жеткізген. Баршамыздың бүгінгі бағдарымыз,Қазақстан болашағы – қазақ тілінде , «Ана тілін қадірлеу –әр азаматтың перзенттік парызы» , «қазақ қазақпен  қазақша сөйлессін» , «Ұлттық тілмен ұлттық сана қалыптасады», - деген Елбасымыз Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың дәйекті сөзінде .

2-оқушы:

Сүйемін туған тілді –ана тілін ,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім .

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін...

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.

3-оқушы:

Туған тілім- бабам тілі , өз тілім,

Туған тілім –бабам тілі , өз тілім .

Туған тілім – далам тілі , өз тілім .

Жүргізуші: Келесі кезекте біздің оқушылардың мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін байқап көрейік .

 

1.Ақыл көркі –тіл .

2.Тіл - көңілдің  ажары .

3. Өнер алды – қызыл тіл .

4.Тіл қылыштан өткір .

5.Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзады .

6.Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің тілі ортақ .

7.Тіземнен сүріндерсең, сүріндір ,

Тілімнен сүріндірме .

8.Басқа пәле тілден .

9.Бас кеспек болса да ,

Тіл кеспек жоқ .

10.Піл көтермегенді,тіл көтереді .

 

Оқушы: Мақал-мәтелдің мәні, маңызы зор, көп нәрсені қамтиды.Әрбір мақалдың тәрбиелік маңызы, мәні зор .

 

Жүргізуші: Ана тілі – халық боп  жасағаннан  бері жан дүниеміздің айнасы , өсіп-өсіп түрлене беретін, мәңгі  құламайтын бәйтерегі, - деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың  көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің  мақтаныш сезімі болуы керек . Ана тілі - осы тілді жасаған, жасап келе жатқан халқының мәңгілігінің мәңгілікті мәселесі . Егер Отанымызды, жерімізді, ұлтымызды ойлайтын, сүйетін болсақ алдымен ана тілде таза сөйлеп, сүттен ақ, судан мөлдір, Қазақстанның азаматы болашағы болайық. Тіл байлығы әр елдің мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Олай болса, өз ана тілімізді құрметтеу – перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық .

5-оқушы:

Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс-шаралар жүргізіп келеді .

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесі . Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. «Халқын сүйген - салтын сүйер» дегендей, мұндай мереке бір халықтың ұлттық байлығы. Сондықтан біз оны қадірлей де , қастерлей де білейік .

«Ана тілі» әні орындалады .

Осымен тәрбие сағатымызды аяқтай отырып сендерге айтарымыз:

Тіл тағдыры – ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әр ұлттың қайталанбас байлығы . Тіл бар жерде ұлт та, жер де болмақ . Тілден артық қазына жоқ екенін әрбір адам сезіне білу керек.  Кейбір жас буын «мен ана тілімен мақтанамын және мемлекеттік тілін құрметтеймін!» дейді. Тілден артық қазына жоқ екеніне тағы да көз жеткіздік. Мемлекеттік тіліміз – ана тілінің мерейі үстем бола берсін. «Өзге  тілдің бәрін біл, өз тіліңді  құрметте!» дегендей, өз тілімізді құрметтеп өсейік .

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения