Кусаинова Саркыт Габдрашитовна
Должность:Воспитатель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Восточно-Казахстанская область,город Усть-Каменогорск,село Самарское
16.01.2015
0
1733
0

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Ұйымдастырылған   оқу   іс- әрекетінің   технологиялық   картасы

 

Топ: « Құлыншақ ».                                                                      

Білім  беру  саласы: « Қатынас ».

Бөлімі:  Сауат   ашу.

Тақырыбы: Сөзге   дыбыстық   талдау .Түлкі .

 Мақсаты: Балалардың   жыл   бойы   алған  білімдерін   тексеру,    сөйлем,  сөз, буын,  дыбыс  туралы  түсініктерін   бекіту. Түлкі   сөзін  оқу,  қанша   дыбыстан   құралғанын   ажырату, талдау.  Балалардың   ой-өрісін,  сөздік   қорын,  тіл   байлығын   дамыту,  сөйлем  құрастыруға   дағдыландыру.  Топпен  жұмыс   істеуге,  ұғымталдыққа,  достыққа     тәрбиелеу.

Әдіс –тәсілдер:  сұрақ –жауап,  ойын.

Қостілдік    компонент:  Түлкі- лиса,  дыбыс- звук,  буын- слог.

Қажетті   құралдар: Слайд, мозайка, жұмбақтар, ребустар, сурет-схема, указка,   қызыл,  көк, қара   текшелер ,   жұлдызшалар,  фишкалар.

    Әрекет        кезеңдері

                             Тәрбиешінің  іс- әрекеті

 Балалардың   іс-   әрекеті

Ынталандыру, сезімді  ояту.

                 1.    Шаттық   шеңбер

 

-Көңіл-күйлерің   қалай ?

Үлкенге  де  сіз.

Кішіге  де  сіз.

Барша  жұртты   құрметтеп,

Бас  иеміз  біз.

Сәлеметсіздер  ме?

Мен  күнде  сендерді  бала –бақшаға  келген –келмегендеріңді  белгілеймін, мектепке  барғанда  тектеріңді айтып , белгілейді. Қазір  ойын  ойнаймыз, қай  дыбыысты  айтсам сол  дыбыстан  басталатын  балалар  орындарына  отырады. /Д,Б,А,Н,Ж,Т,Қ,З,С,М,О./

 

Амандасады

Тамаша .

 

 

 

 

 

 

Орындарына  отыру.

Ұйымдастырушылық-

ізденушілік

    Бізге   қонаққа  бір  аң   келе  жатыр,  оны  білу   үшін  біз  жұмбақтар  шешейік.  Жұмбақтардың  шешуі  т  дыбысынан   басталады.

                    

 2.    .Жұмбақ   шешу.

1.  көзі  өткір   жұлдыздай,

    Жүні  жібек  құндыздай,

   Үлп-үлп   еткен  киімді.     /тиін/

     Ол  не?

2.   Орман   емшісі  қай  құс?  /тоқылдақ/.

3.    Бір-ақ  уыс  көлемім,

       Шыбын –шіркей  қорегім.

      Бау  -бақшаны  қорғаймын.

       Ал   атым  ше?  /торғаймын /.

4.   Өзі  бір  қу,  жүрген  жері   айқай  да   шу.

       Бұл    не ?

-Қонаққа   түлкі    келеді. Түлкімен   амандасады. Ол   сендердің  мектепке   дайындықтарыңды  тексере   келіпті.

-Не  арқылы  бір-бірімізге  ойымызды  айтамыз?

-Сөйлем  неден  құралады?

-Түлкінің      сөзінен  сөйлем  құрайық.

Тиін  сөзімен  сөйлемдер  құрап,  неше  сөзден  тұратынын  айту.

-Сөйлем  не  үшін  қажет?/біреу  туралы,не  бір  нәрсе  туралы  айту  үшін  қажет./

 

-Сөз  неге  бөлінеді?

-Орманда  түлкінің  иттері  бар   екен.

Олар мына  үйлерде  өмір  сүреді.

Иттерге  2-3  буыннан  тұратын  аттар  ойлап  табасыңдар,  буынға  бөліп  тексереміз.

 

-Сөз  неден  құралады?

-Дыбыс  деген  не?/естиміз,  айтамыз./

-дыбыстар   нешеге   бөлінеді?

Дауысты  дыбысты  қызыл,  дауыссыз  көк  текшемен   белгілейміз.

Дауысты  дыбыс  созылып, әндетіпайтамыз.

Дауыссыз  дыбыс  кедергіге ұшырайды.  /тіл,тіс, ерін /.

 

3.     Сергіту   сәті.  Бірге  билейік.

 

4.    Түлкі  сөзінде   неше  дыбыс   бар?

-Оны  қайдан  білдіңдер?  әр   терезе  1  дыбыс   үйі.

Өз  беттерімен  орындарында  сөзді  талдайды.

-Кәне  қолдарыңа   указканы  алыңдар, сөзді  оқып  отырып   талдаңдар. Екпін  қою.

Тексеру , болған  соң   тақтаға  шақырып ,  әр  балаға  талдату.

 

Түлкі    сөзін  оқып, 1-дыбысты    т   ерекше оқу,белгілеу   дауыссыз

Сөзді  оқып,  2-дыбыс   ү  белгілеу.

Сөзді  оқып, 3-дыбыс  л  белгілеу.

Төртінші   дыбыс  к  дауыссыз.

Бесінші   дыбыс  і-і-і  дауысты.

-Неше  дауысты  дыбыс  бар?

-дауыссыз   ше?

-екпін  қай  дыбысқа  түсіп  тұр?

Сөзді  оқып,  т-дыбысын  алып  тастаңдар.

л-дыбысын   алып  тастаңдар.

к-

і-

 -қай   дыбыс  қалды?  /Ү/

-Ол  қандай   дыбыс, неге?

 

5.  Ребус  шешу.  Қыз  балалардың  есімдері.

Ж :  Ай/гүл,  Алма/гүл.

 

6.   Дидактикалық  ойын  «Сөздің  1-дыбысынан сөз    құрау»

Кеме  , ілгіш,   раушан  /гүл/ , піл,  із.

Қар, алма,  радио,ғарышкер,  ананас.

Аймақтық  компонент  біздің  ауылымызда  кездесе  ме?

 

7.  Түлкіге  тәтті  сөздер  сыйлайық.  А,б,қ  дыбыстарынан  басталатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түлкінің   тапсырмаларын орындау.

Сөйлем  арқылы.

Сөзден  құралады.

Бірнеше  сөйлем айтады, сөз  жігін ажырату.

2-3 баладан  сұрау.

 

 

Буынға

Ақ-төс, Ша-рик,..

Жол-ба-рыс.

 

 

 

 

Дыбыстан

Дауысты,  дауыссыз.

 

 

 

 

 

Бес  дыбыс,

Бес   үйшік

орындарында,

талдау  жасау,

3-4  балаға  оқыту,

 

 

 

 

2  дауысты,3  дауыссыз  дыбыс.

 

Орындарында  алады.

Тақтада  алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кірпі  сөзі

Қарға

 

 

 

Алма,  ананас,апельсин,

    Рефлексивті-  түзетушілік.

-Бүгін   сабақта   не  істедік?

-Саған   қай   тапсырма  ұнады?

-Кім  жақсы  қатысты?

-мен  сендерге  ризамын., жұлдызшалар  тарату.

-Түлкі   де  сендерге  риза,  тапсырмаларды  дұрыс  орындадыңдар. Сендерге  сыйлықтар  әкеліпті.

Өз   ойларын  айтады.

 

 

Түлкімен қоштасады.

                                  

                                    Күтілетін   нәтиже:

Нені  біледі: Сөз  дыбыстан  құралатынын,  сөздің   бөлігі  буын  екенін, сөйлем  сөзден  құралатынын.

Қандай  түсініктерді   игердіТүлкі      сөзіне   дыбыстық      талдау     жасауды.

Меңгерген  дағдылары  мен  іскерліктері:    Сөзге  дыбыстық   талдау  жасауды, берілген  дыбысқа  сөздер   айтуды,  сөйлемдер  құрап ,  ара  жігін   ажыратуды  меңгерген..

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения