Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
16.01.2015
0
608
0

Жеке тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерінің дамуына ықпал ететін ізгілікті білім беру ортасын құру: өзін-өзі тану, өзін-өзі іске асыру

Қазақстан,Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы

Қандыағаш қалалық №4 орта мектебі

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

Койшыгарина Арайлым Жоламановна

Мақсаты:

  •          тәрбие үрдісі оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерді игеруіне бағыттау;
  •          оқушылар рухани- адамгршілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында әрекеттік, іскерлік дағдыларды игерту;
  •          оқушылар жеке тұлғаның және әлеуметтік мәні бар рухани-адамгершілік қасиеттерді өз іс-әрекетінде, мінез-құлқы мен тіршілік әрекетіне көрсете алу мүмкіндігін ерікті түрде таңдата білу.

 

Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт.

Оқушыларды рухани- адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу- бүгінгі  қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани – адамгершілік қасиеттерді қалыптасады.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік-рухани тәрбие беру, ізгілікті білім беру ортасын құру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды  қалыптастыру  оның туған кезінен басталуы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың  бойына жастайынан  ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік таңдау жасауына ықпал етуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани –адамгершілік тәрбие –екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан – тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді.

Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік  әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің  қайнар бұлағы-халқында, отбасында, олардың  өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті  күнделікті тұрмыс –тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан  бойына  сіңіреді.

Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», -дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне  адамгершіліктің  асыл қасиеттерін үздіксіз  ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның  өзіндік  көзқарасының  қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал  етері сөзсіз.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын  ұлы мұрат – міндеттерінің  ең бастысы- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.  12 жылдық білім тұжырымдамасында «мақсаты- өзінің және қоғамның мүддесінде  өзін-өзі белсенді  етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі  орташа өмір сүруге бейім, бәсекеге  қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді  тұлғаны дамыту және қалыптастыру»-делінген.

Осы мақсатты жүзеге асыруда  «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани –адамгершілік білім жобасы мектептерде пән ретінде оқытылуда.

Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа – қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.

«Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», депті Ақан сері. Олар: жалған айтпады, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.

Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Ола болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға , оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу- адамгершілік тәрбиенің  басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.

«Еліміздің күші-патшада, сәбидің күші-жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта  білсек – ұлы жеңіс болары анық.

Қорыта айтқанда, «Өзін-өзі тану» бағдарламасының  мазмұнында ескеріліп, көзделген эмоционалдық тұрғыдағы ауқымды жүргізілген алуан түрлі іс-әрекеттер баланың адамгершілік рухани дамуының негізін қалауға және өмірлік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл білім мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балалардың бойында ең басы қажеттілік өзін-өзі дамытушылық қажеттілігін қалыптастыруы тиіс.

Қай қоғамда, қай мемлекетте болсын, қарым-қатынас адами құндылықтар, оның ішінде адамгершілік құндылықтар қалыптастыру кез-келген мектептің міндеті болса, баланың өзін тануына, басқаны тануына, баланың болашақ дамуына «Өзін-өзі тану» пәні зор ықпал етеді.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения