Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
16.01.2015
0
615
0

Мәтін және сойлем

Қазақстан Республикасы,Ақмола облысы,Көкшетау қаласы
Көкшетау № 2 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Бектемирова Қ.Х.

Сабақтың  мақсаты

Білімділік: Дыбыстан сөз,сөзден  сөйлем, сөйлемнен  мәтін

 құрастыра  білу дағдыларын арттыру

 Дамытушылық : Өз бетінше ізденіп шығармашылықтарын,сөздік қорларын дамыту,қорытынды жасауға, байланыстырып  сөйлеуге үйрету

Тәрбиелік:Адамгершілікке, ұқыптылыққа,жылдамдыққа тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,көрнекілік,талдау,ізденушілік

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу,дүниетану,музыка

               Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезең

-Сәлеметсің бе , арайлап атқан таңым!-Сәлеметсің бе,Жер-анам!

-Сәлеметсіз бе,апай! –Сәлеметсің бе, досым!

-Көңіл күйлерің қалай?-Жақсы! (сұқ саусақтарын көрсетіп)

- Біз қандаймыз? (әдептіміз, тәртіптіміз, ұқыптымыз, зейіндіміз)

ІІ. Жаңа сабақ.

-         Сабақтың  мақсаты  және  құрылымымен таныстыру

1 кезең. Кім шапшаң?  « Миға шабуыл» ойыны

3 топқа 5 сұрақтан беріледі

І топ сұрақтары:

  1.      Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  2.      Бір жылда неше ай бар?
  3.      Қазақстан Республикасының рәміздері?
  4.      Көкжиектің негізгі тұстары?
  5.      Қазақ әліпбиін ашқан?

ІІ топ сұрақтары:

  1.      Сөйлем неден құралады?
  2.      Бір аптада неше күн бар?
  3.      Қазақстан Республикасы  әнұранының авторы кім?
  4.      Құбыламаның қай тілі оңтүстікті көрсетеді?
  5.      Елбасының соңғы жолдауының тақырыбы?

ІІІ топ сұрақтары:

  1.      Буыннан не құралады?
  2.      Бір метрде неше сантиметр бар?
  3.      Елтаңбаның авторы кім?
  4.      Сұлба дегеніміз не? (нақты бейнесі ме,сызба ма?)
  5.      Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері

2 кезең. Кім зейінді?

  Қайрат сабақтан келгенде үйден жазылған қағаз тауып алды. Оны кішкентай қарындасы Айжан жазыпты. Қайрат не жазылғанын түсіне алмады. Айжанның не жазғанын оқып көр.

МЕНДОСЫМНЫҢҮЙІНЕКЕТТІМБІРСАҒАТТАНКЕЙІНКЕЛЕМІН

-         Айжанның жазуын оқу неге қиын болды?

-         Ол сөйлем жазудың қандай ережелерін білмейді?

-         Әр сөйлемде неше сөз бар?

-         Соныменен, сөйлем туралы не білесіңдер?

3 кезең. Кім шешен?

Байлықтың атасы – еңбек,

 

үйренбей білім ұқпас.

Жаман аттан аяғым артық,

 

анасы – жер.

Екпей егін шықпас

 

жаман жолдастан – таяғым артық.

-  Әр мақалдың жалғасын тауып жаз.

- Мақалдың мағынасын түсіндір

Сергіту сәті. «Қара жорға» әні

4 кезең. «Ойлан, дәлелде»

Мәтін туралы не білесіңдер?

Мәтін дегеніміз не?

Мәтін мен сөйлемнің қандай байланысы бар?

3 топқа әр түрлі мәтін таратылады.

1 топ мәтіні:

   Болаттың кірпісі бар еді. Бір күні таңертең тұрса, кірпісі жоқ. Ол қайда кетуі мүмкін? Болат етігін кимек болды. Аяғына тікен қадалды. Етігін шешіп еді, ішінен кірпі шыға келді. Кірпінің өзіне тапқан үйін қарашы!

-         Бұл мәтіннің қай түріне жатады?

-         Мәтінге тақырып ойластырып жазыңдар.

2 топ мәтіні:

Піл – өте үлкен жануар. Аяқтары баған тәрізді жуан. Құйрығы ұзын, басы үлкен. Құлақтары түйежапырақ сияқты жалпақ, төмен қарай салбырап тұрады. Көздері кіп-кішкентай, бірақ ақылды және қайырымды.

-         Бұл мәтіннің қай түріне жатады?

-         Неліктен солай ойлайсыздар?

-         Мәтінге тақырып ойластырып жазыңдар.

3 топ мәтіні: (Мәтіннің басы беріледі)

Кітап  оқу -  өте пайдалы іс.

-         Неліктен?

-         Мәтінді жалғастырыңдар.

5 кезең. «Кім тапқыр?»

Ребусты шеш және 2 сөйлем құрастырып жазыңдар.

С 2 Р ”І

6 кезең. Қорытынды

Сөз                  Дыбыс               Сөйлем             Буын               Мәтін

Сөздер тізбегін ретімен жаз. Тізбектің әр бөлігі нені білдіреді?

ІІІ.Үй тапсырмасы,бағалау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения