Жакупова Сауле Жаксылыковна
Должность:Учитель
Группа:Посетители
Страна:Казакстан
Регион:Казакстан СКО Айыртау ауданы Саумалкөл селосы
15.01.2015
0
487
0

Ашық сабақ: Әдебиеттік оку ;Қазақстан

Әдебиеттік оқу

2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан. Қазақстан туы.

 

 Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушының бұрынғы алған білімін тереңдетуіне, бір-бірінің жауабын толықтыру арқылы ізденімпаздықпен жұмыс жасауына жағдай жасау.

Дамытушылық:Баланың сөйлеу мәдениетін, ойын дамыта отырып, дәлелді сөйлеуге үйрету. Бейнелі сөздерге көңілдерін аудара отырып, дұрыс қолдануға бейімдеу.

Тәрбиелік мәні:Сабақ барысында бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың стратегиясы: «Білемін», «Білгім келеді», «Не үйрендім?»

Әдіс -тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру,  көрсету, көрнекілік.

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Қолданылатын технология: дәстүрлі

Сабақтың өту әдісі: сұраққа жауап, ой қозғау.

Көрнекілігі: Қазақстан жайлы суреттер.

Сабақтың жоспары:

I. Ұйымдастыру.

        II. Үй тапсырмасын сұрау.

  III.  Қызығушылығын ояту.

  IV.  Жаңа сабақ.

       а) С. Қалиұлы жайлы мағлұмат беру.

        V.  Оқулықпен жұмыс.

        а) Мағынаны тану.

        ә) Тапсырма

        б) Мақал

       VI.     Сабақты бекіту. (Ой толғаныс)

VII.    Бағалау.

      VIII.     Үйге тапсырма

 

Сабақтың барысы: оқушыларды дұрыс отырғызып, сабақ құралдарын түгендеу.

 

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

III.  Қызығушылығын ояту.

     1. Қызығушылықты ояту. Оқушылармен  «Білемін, Білгім келеді, Не үйрендім?» стратегиялары арқылы жұмыс жүргізу. Осы мақсатта кестенің 1-бөлімі толтырылады. Әр оқушы «Мен Қазақстан жайлы не білемін?» деген сұраққа жауап беріп, жауаптарын

жазады.

 

 

            Білемін

           Білгім келеді

   Не үйрендім?

Егеменді ел, тәуелсіз. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Президенті бар. Жергілікті ха-

лық – қазақтар. Басқа ұлт өкіл-

дері де тұрады. Мысалы, орыс,

ұйғыр, татар, т.б. Жері үлкен, елтаңбасы, туы, астанасы, әнұраны және конституциясы

бар.

Жер көлемі қанша?

Тудың ені мен ұзынды- ғы қандай? Тудың авторы кім? Елтаңбаның авторы кім?

 

 

 

 

  IV.  Жаңа сабақ.

       а) С. Қалиұлы жайлы мағлұмат беру.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Серғазы Қалиұлы 1929 жылы туған. 1945-49 жылдары Семей педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиеті факультетін тамамдаған.

1981-2004 жж. аралығында үздіксіз 23 жыл бойы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында аға ғылыми қызметкер (1981-83, тарих зертханасының меңгерушісі (1983-86) институт директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (1986-93) этнопедагогика және тәрбие зертханасының меңгерушісі, 1993-2002 жылдары педагогикалық зерттеу орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

        V.  Оқулықпен жұмыс  

      а). Мағынаны тану.

1. I,II бөлім толықтырылған соң оқушыларға Қазақстан және Қазақстан туы жайлы жазылған мәтіндер оқылады.

2. Бұл жерде оқушыларға қосымша жаңа мағлұмат беріледі.

      – Шәкен Ниязбеков ұсынған жоба негізінде жасалған. Туымыздағы күн бейнесі – нағыз өмір символы, «Көгімде күнім сөнбесін» деген тілеу. Ал тудағы бүркіт бейнесі – тәуелсіздік алып, қанатына қомдаған қазақ елінің әлемдік өркениет биігіне ұмтылу. Төл туды даралап тұрған тағы бір белгі алтын жолақ – қошқар мүйіз оюы.

  3.Оқушыларға мәтінді өздеріне тізбектей оқыту.

  4. Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алынады.

- Қазақстан жерінің көлемі қандай?

- Қазақстан туы қандай ғимараттарда ілінгенін байқалады?

- Қазақстан Республикасының шетелдерде қандай рәміздері арқылы танып білуге болады?

ә). Тапсырма

1. Мәтін мен өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқы.

2. Қазақстан туын сипатта.

б). Мақал

Ел – елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы.

(Берілген мақалдың мәнін түсіндір).

    VI.     Сабақты бекіту. (Ой толғаныс)

 «Елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы» деген мақалдың мағынасын ашу.

     «Нені үйрендім?» бөлімін толықтыру.

        

VII.  Бағалау.

  VIII.    Үйге тапсырма беру: Өлеңді жаттап алу. 9 бет.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения