Майгул Нукетаева
Должность:Учитель
Группа:Посетители
Страна:Казакстан
Регион:ВКО Тарбагатайский р-н село Кумколь
15.01.2015
0
644
0

Өзен және көл





«Сасан би атындағы орта мектеп» КММ

  

Ашық сабақ

 

Тақырыбы: «Өзен және көл»

                                                     Өткізген : М.Ә.Нүкетаева

  

2013-2014 оқу жылы

 

Сабақ  тақырыбы : Өзен және көл

Сабақ мақсаты :  

1. Өзен және көл туралы өткен сыныптардан және өмірден білетіндерін еске        

түсіру арқылы  Қазақстанның ірі көлдері мен өзендері туралы мағлұмат беру;

2. Оқушылардың ой-өрісін,  шығармашылық қабілеттерін дамыту;

3. Табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға, сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, суреттер,слайдтар,электрондық оқулық.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, әңгіме,  көрнекілік, ізденіс,

Сабақтың түрі: аралас сабақ .

Сабақтың барысы:    

I Ұйымдастыру кезеңі.

 Психологиялық  дайындық .

 Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде 9- шы орында, онда өзен-көлдердің, орман-таулар көп, осынау ұлан-байтақ қазақ жерін, табиғаты өзен-көлдерін ластанудан сақтау келер ұрпақтың, яғни  өздеріңнің  қолдарыңда. Сондықтан бүгінгі сабағымызды осындай бай да әсем, тәуелсіз елдің табиғатын қорғауға арнаймыз.

Төмендегі өлең шумағын оқимын.

Ей, қазақтың ұланы,

Болғайсың дала қыраны.

Жер-суын қорғау бабаңның

Өлмейтін мәңгі ұраны.

II Үй тапсырмасы

«Жер асты сулары» тақырыбын 2-3 оқушы мазмұндап береді. Оларға үй тапсырмасын қорытындылау мақсатында мынадай сұрақтар қоямын:

1) Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді?

2) Су неше түрде кездеседі?

3) Жердің неше бөлігін су алып жатыр

4) Судың қандай кереметі бар?

5) Жер асты суларының қандай маңызы бар?

6) Минералды сулар қалай пайда болады?

7) Шипалы су дегенді қалай түсінесің ?

ІІІ. Жаңа сабақ

Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңін  оқимын. Өлең оқылып жатқанда сылдырлап аққан су дыбысы естіліп тұрады.

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертіңді қашырады.

Өксіген оттай жанған жануарлар,

Өзеннен рахат тауып басылады.

Ел қыстап күн көреді жанабында,

Дәм болар алуан-алуан балығында.

Тас таста, алтын тас та сынамаққа,

Сонда да аққан өзен қалыбында.

         Өлең оқылып болғаннан кейін, кімнің, қандай өлеңін тыңдағандықтары жайлы сұраймын. Балалардан  жауап алғаннан кейін, бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбы «Өзен және көл» екендігі хабарлаймын.

1.Жаңа сабақты түсіндіремін.

Өзен мен көлдерге байланысты жұмбақтарды шешкіземін.

 

 

 

Мойны сұрақ белгісі,

Бұл қандай көл құсы ? (Аққу)

Сурет артындағы сұрақ: Каспий теңізі

 

 

Республика өзендерінің  едәуірі көлдер мен теңіздерге барып құяды. Елімізде

48262 ірі- ұсақты көл бар.

-Ең үлкені -Каспий теңізі

-Неге  оны теңіз деп атайды екен? Себебі, Каспий теңізі әлемдегі ең ірі су көзі Оның үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ол тұйық су.  Оны Қазақстан, Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түркіменістан қоршап жатыр. Оған 130 жуық өзен құйылады.

-Каспий теңізі бекіре, қортпа балығы, мұнай, газ, итбалыққа бай.

 

 

Кеудесі қайқаңдап,

Жүреді байпаңдап. (Қаз)

Сурет артындағы сұрақ: Арал теңізі

 

 

 

Келесі –Арал теңізі. Үлкендігімен 2 орында . Қазіргі кезде Арал теңізі 40 пайыз тартылып бара жатыр. Оның жағасы 200 км дейін шегініп қалған.

-Қалай ойлайсыңдар, не себептен оның көлемі кішірейді? 

Арал теңізіне құйятын Сырдария суы түрлі шаруашылық мақсаттар үшін дұрыс пайдалынбағалы бәрімізге белгілі. Сырдария суларының көп мөлшері мақта суаруға жұмсалады, теңізге жетпейді.

Сол кезде жіберілген қателіктерінің салдарынан суы тартылған жерде пайда болған тұздар жел арқылы ұшып , адам денсаулығына, мол жайылымдарына зиян келтіреді. Осы тұздар тіпті Памир тауларының мұздықтарынан  да табылуда. Арал теңізі 2 су қоймаға бөлініп кеткен: Үлкен және  Кіші Арал. 


 

Суға батпайды, қолға ұстатпайды. (Балық)

Сурет артындағы сұрақ: Балқаш көлі

Қазақстанда көлеміне қарай 3 орында Балқаш көлі тұрады.

-Кәне, картадан тауып алайық.

-Неге оның түсі әртүрлі?

Ерекшелігін картаға қарап анықтап көрейік. /батыс бөлігі тұщы, шығыс бөлігінің суы ащы/

Батыс бөлігінде суы мол. Іле өзенінің құяр жерінде суы тұщы. Көл суының деңгейі,  оған құятын өзен суы ағынның өзгеруіне байланысты.

-Олар неге араласпайтынын білгілерің келе ме?

Көлдің батыс және шығыс бөліктерінде тұздық айырмасын оның ортасындағы ұзын түбек шектеп тұрады. Балқаш көлінің жағасында Мыс комбинаты бар.

 

 

Тәулік бойы бақалап,

Мезгілімен жатпайды. (Бақа)

Сурет артындағы сұрақ: Зайсан көлі

 

 

Зайсан көлі - Қазақстанның көлдерінің Оңтүстік Алтайдағы көлі Шығыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан. Солтүстігінен Нарын мен Күршім, оңтүстігінен Сауыр – Тарбағатай жоталарының сілемдерімен қоршалған тектоникалық қазаншұңқырда жатыр. Көл теңіз деңгейінен 395 м биіктікте. Жағалауы жайпақ. Тектоникалық бөген көлдер типіне жатады. Зайсанға Қара Ертіс өзені құяды да, Ертіс (Ақ Ертіс) ағып шығады. Өзеннің жалғасы көл табанындағы ені 2 км, тереңдігі 10 м-ге дейін баратын ұзынша ор түрінде байқалады.Су режимі Қара Ертіспен байланысты.Жазда таудағы қар ерігенде көл деңгейі көтеріледі. Қыста төмендейді. Су деңгейінің маусымдық ауытқуы 1 – 2,5 м. Ең төмен деңгейі сәуірдің басында байқалады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Ертістегі Бұқтырма СЭС-і салынғанға дейін көл айдынының аумағы 1788 км2, ұзындығы 111 км, ені 30 км, орташа тереңд. 4 – 6 м (ең терең жері 10 м) болатын. Бөгет салынғаннан кейін көл Бұқтырма бөгеніне қосылып кетті. Көлемі артып, жаға сызығының пішіні өзгерді. Зайсанда балықтың 23 түрі мекендейді, оның 17-сінің кәсіптік маңызы бар. Әсіресе, бекіре, ақбалық, таймень, көксерке, табан, аққайран, сазан, т.б. көптеп ауланады. Көл маңында бірнеше балық кәсіпшілігімен айналысатын ауылдар (артельдер) бар. Суына ондатр жерсіндірілген. Көл айдыны кеме қатынасына пайдаланылады. Соңғы жылдары көлге құятын Қара Ертіс өзенінің суын Қытайда шамадан тыс пайдалану салдарынан Бұқтырма бөгенінің деңгейі төмендеп, аумағы кішіреюде. Қосылатын су мөлшері бұдан әрі азая берсе, Зайсан көлі бөгеннен оқшауланып, бұрынғы табиғи қалпына қайтып оралуы мүмкін.

Шуға бөлеп жағаны,

Қанаттарын қағады.

Айдын судың түлегі,

Шабақ іліп жүреді. (Шағала)

Сурет артындағы сұрақ: Есіл өзені

Есіл - Ертіс өзенінің сол саласы, Обь өзен жүйесіне жатады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ресейдің Түмен, Омбы облыстары жерімен ағады. Бастауын Сарыарқадағы Нияз тауы етегінен алып (560 м биіктіктен), Ертіс өзеніне сол жағынан құяды. Ұзындығы 2450 км (Қазақстандағы ұзындығы 1400 км). Дүние жүзінде екінші реттегі ең ұзын сала саналады. Су жиналатын алабы 177 мың км². Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі құлау еңістігі 513 м, әр 1 км-дегі еңістігі 21 см.

Сергіту сәті:    Табиғатым тамаша,

                           Көз тоймайды қараса.

                           Табиғатты қорғаймыз,

                            Жаман бала болмаймыз.

 Оқушылар мәтінді тізбектей оқиды.

Дәптермен жұмыс жасатамын.

 - Су, өзен, көл туралы қандай мақал-мәтел, нақыл сөз білесіңдер?

 Топтастыру әдісі

 -Қандай өзен мен көлдерді білеміз?

 

ІҮ. Қорыту

Өзендер мен көлдердің адам өміріндегі маңызы қандай?

     Оқушылар жауаптарында  қалалар, елді мекендер, өнеркәсіп орындары өзен маңына таяу салынатынын, үлкен өзенде аса маңызды қатынас жолы болатынын, өзен суымен егістіктер суарылатынын, су күшінен электр қуаты өндірілетінін айтады.

     Одан кейін, қазақта «Судың да сұрауы бар» деген мақал бар, ендеше суға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

     Оқушылар бұл сұраққа өздері білетін "суға түкірме", "суға дәрет сындырма", "суға қоқыс төкпе" секілді тыйым сөздерді айтады.

      Суды қадірлеп,бағасын түсініп, орнымен қолданып, әрі аялай білуіміз керек. Суды аялай алмағанымыздан Аралымыз тартылып кетті. Неше түрлі қоспаларды жасап жүріп, теңізімізден айырылдық. Бұл – адамзаттың қолымен жасалған қасірет. Ендеше, суға қатысты айтылған әрбір тыйым сөздің астарында өзіндік мән бар екендігін естен шығармайық.

Ү. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, мазмұндау,көлдер туралы жазу.

ҮІ. Бағалау.

 

 

 

 

Тест       тапсырмасы.

 

1.Өзеннің ағып шығатын жері қалай аталады?

а) арна      ә) бастау             б) сала

 

2. Өзеннің жер бетіндегі белгілі бір ойысты бойлап ағатын бөлігі қалай аталады?

А) саға              ә) сала            б)арна

 

3. Жолдан қосылатын өзендер негізгі өзеннің несі деп аталады?

А) саласы             ә) арнасы                 б) сағасы

 

4. Өзеннің көлге, теңізге барып қосылатын жері қалай аталады?

А) бастауы              ә) сағасы                   б) арнасы

 

5. Құрылық бетіндегі ойыстарды алып жатқан су қалай аталады?

А) өзен                   ә) көл                           б) арық

 

6. Каспий, Арал, Балқаш қандай көлдер?

 

А) тұзды               ә)тұщы                           б) дәмсіз«Сасан би атындағы орта мектеп» КММ

 

Ашық сабақ

 

Тақырыбы: «Өзен және көл»

 

 

 

 

 

 

                                                     Өткізген : М.Ә.Нүкетаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013-2014 оқу жылы

 

Сабақ  тақырыбы : Өзен және көл

Сабақ мақсаты :  

1. Өзен және көл туралы өткен сыныптардан және өмірден білетіндерін еске        

түсіру арқылы  Қазақстанның ірі көлдері мен өзендері туралы мағлұмат беру;

2. Оқушылардың ой-өрісін,  шығармашылық қабілеттерін дамыту;

3. Табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға, сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, суреттер,слайдтар,электрондық оқулық.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, әңгіме,  көрнекілік, ізденіс,

Сабақтың түрі: аралас сабақ .

Сабақтың барысы:    

I Ұйымдастыру кезеңі.

 Психологиялық  дайындық .

 Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде 9- шы орында, онда өзен-көлдердің, орман-таулар көп, осынау ұлан-байтақ қазақ жерін, табиғаты өзен-көлдерін ластанудан сақтау келер ұрпақтың, яғни  өздеріңнің  қолдарыңда. Сондықтан бүгінгі сабағымызды осындай бай да әсем, тәуелсіз елдің табиғатын қорғауға арнаймыз.

Төмендегі өлең шумағын оқимын.

Ей, қазақтың ұланы,

Болғайсың дала қыраны.

Жер-суын қорғау бабаңның

Өлмейтін мәңгі ұраны.

II Үй тапсырмасы

«Жер асты сулары» тақырыбын 2-3 оқушы мазмұндап береді. Оларға үй тапсырмасын қорытындылау мақсатында мынадай сұрақтар қоямын:

1) Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді?

2) Су неше түрде кездеседі?

3) Жердің неше бөлігін су алып жатыр

4) Судың қандай кереметі бар?

5) Жер асты суларының қандай маңызы бар?

6) Минералды сулар қалай пайда болады?

7) Шипалы су дегенді қалай түсінесің ?

ІІІ. Жаңа сабақ

Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңін  оқимын. Өлең оқылып жатқанда сылдырлап аққан су дыбысы естіліп тұрады.

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертіңді қашырады.

Ө

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения