Гульсара
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Республика Казахстан, Северо-Казахстанская обл, г.Петропавловск
Регион:г Петропавловск
15.01.2015
0
2005
0

Төрт түлік мал

Сабақтың  тақырыбы:   Төрт  түлік  мал

Сабақтың  мақсаты: 

1.    Оқушыларға төрт  түлік  мал  туралы

                 мәлімет беріп, түсінік  қалыптастыру.

2.    Оқушылардың  сөздік  қорын  молайту,

                 ой-өрісін дамыту.

3.    Оқушыларды   үй   жануарларына    

                   қамқорлықпен  қарауға  тәрбиелеу.   

Сабақтың  түрі:    саяхат сабағы

Сабақтың  әдіс-тәсілдері:  түсіндіру, дәптермен  жұмыс, сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, т.б.

Сабақтың  көрнекілігі:  суреттер, слайдтар, саяхат

бағыты, т.б.

Сабақтың  өту  барысы:

 Ұйымдастыру  кезеңі:

  Амандасу. Психологиялық  сәт:

Қазақ  тілім,  өз  тілім,

Абай,  Мұхтар сөйлеген  дана  тілім.

Қастерлейді  ұл-қызың  мәңгі  сені

Болашағым,  бақытым  дара  тілім..

Оқушыларды  түгендеу.

-        Бүгінгі  сабағымыз ерекше  сабақ. Бүгін  бізге  қонақтар  келіп,  сендердің  білімдеріңді сынайды.

-        Балалар, қазір  біз  «Қазақ  еліне»  саяхат  жасаймыз. Мұнда ауылдар  бар  екен. Әр  ауылдың  тұрғындары  сендерге  өз  тапсырмаларын  әзірлеп  отыр.

-        Қане, даяр болсақ, сапарға  аттанайық.

Бірінші  тоқтайтын  ауылымыз: Ойсыл  қара  ауылы .

Бұл  ауылдың  тұрғындары – түйелер. Ботаның сендерге  арнаған  тапсырмасы бар.

 Сөздік  жұмысы.

Төрт  түлік  мал – 4 вида домашнего  скота

Түйе – верблюд                           бота – верблюжонок

Жылқы – лошадь                        құлын – жеребенок

Сиыр – корова                            бұзау – теленок

Қой – овца                                   қозы – ягненок

     Ешкі – коза                                 лақ – козленок

-        Жаңа сөздерді  хормен, жеке-дара оқушылардан  аудармаларын  сұрау.

-        Слайд арқылы  жаңа сөздерді  таныстыру.

Сергіту  сәті:

Сыңғыр-сыңғыр сырғалар,

Құлағымды  ырғалар.

Оң қолымда  білезік,

Сол  қолымда  білезік.

Саусақтарда  сақина

Қане, санап  көрейік:

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.

Сапарымызды  одан  әрі  жалғастырамыз. Келесі  ауылымыз: Зеңгі баба ауылы.  Бұл  ауылдың  тұрғындары – сиырлар. Бұзаудың  сендерге  даярлаған  тапсырмасы  мынадай:

«Сөздерді  аяқта» ойыны

Ойынның  шарты: өлең шумақтары  мен  жұмбақтардың  шешуін тауып, дәптерге жазу.

vҰмытпай ғой,  ұлым                   Басында  екі  таяғы  бар,            

Жылқы  баласы – құ...                Төрт  аяғы  бар.

vҚұлақтары  шұнақ,                     Адам  деуге  болмайды,

Ешкі  баласы – ла...                     Сақалы  тағы  бар. Еш..

vКезікті  бір  жануар,            Кішкентай  ғана  бойы  бар,

Үстінде екі тауы  бар. Т...    Айналдырып  киген  тоны  бар....

vБіліп  жүр, ұл  мен  қыз-ау,

Сиыр  баласы – бұ...

Сапарымыздың  келесі  тоқталар  ауылы – Қамбар ата  ауылы.  Бұл  ауылдың  тұрғындары – жылқылар. Ендеше,  құлынның  тапсырмасын  көрелік.   Дәптермен  жұмыс.

Бүгінгі  күннің  ретін  жазамыз.

   1 – тапсырма

Сөйлемдегі  сөздерге  жақша  ішіндегі дұрыс  жалғауды  жалғаймыз.

Сиыр (дың; дің)  бұзауы  бар.

Түйенің  бота (сі; сы) бар.

Ешкі (де; да) лақ  бар.

Жылқының  құлын (ы; і) бар.

Сергіту  сәті:

Жаза, жаза, саусағым,

Әлсіредім, шаршадым.

Билеп, билеп алайын,

Сосын қайта жазайын.

Міне, сапарымыздың  соңғы  тоқталар ауылы – Шопан ата  ауылына да келіп жеттік.  Бұл  ауылдың  тұрғындары – қойлар.

Балалар, қозының даярлаған  тапсырмасын  көрейік.

«Сөздерді тауып көр» ойыны.

Шарты: сызба  ішінен әріптерді бір-біріне  жалғап, сөздерді  табу.

Сабақты қорыту: сұрақ-жауап  әдісін қолдану.

-   Балалар, бүгін біз қандай жануарлармен таныстық?

-   Түйе баласы қалай аталады?

-   Қозының анасын қалай  айтамыз? т.б.

«Енесін тап» ойыны. 

Шарты: жануарлар мен олардың адасқан төлдерін тауып қосу.

Үйге  тапсырма:   110 бет 3 – тапсырма. (өлеңді жаттау)

Бағалау: Оқушыларды сабаққа  қатысу  белсенділігіне  сай бағалау.

Марапаттау.

Қоштасу: осымен сабағымыз аяқталды. Сау  болыңдар! 

Төрт  түлік  мал Төрт  түлік  мал
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения