Гульсара
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Республика Казахстан, Северо-Казахстанская обл, г.Петропавловск
Регион:г Петропавловск
15.01.2015
0
1032
1

Шоқан Уәлиханов – суретші





Сабақтың тақырыбы:  Шоқан Уәлиханов – суретші
Сабақтың мақсаты: 

1. Оқушылардың Шоқан жайлы

білімдерін толықтыру, Шоқанның

суретшілік  өнері жайлы мәлімет беру.

2. Оқушылардың  сауаттылығын

арттыру,сөздік  қорын молайту,

дүниетанымын кеңейту.

 

3. Оқушыларды Шоқанның еңбектерін

бағалай  білуге, құрметтеуге,  

мақтан етуге тәрбиелеу. 

 

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:   әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, деңгейлік тапсырмалар орындау, сұрақ-жауап, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, мәтіндер, бейнематериал, т.б.

 

Сабақтың өту барысы:

 Ұйымдастыру кезеңі:

   Амандасу. Кезекшімен диалог. Оқушыларды түгендеу.

Сабақ барысы мен мақсатын айту.

 

Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардың дәптерлерін тексеріп өту. Өтілген материалдар бойынша оқушылармен диалог жүргізу.

 

Жаңа сабақ:

Кіріспе әңгіме. Слайдтар арқылы жаңа сабақ материалымен таныстыру:

1.     Шоқан Уәлихановтың өмір тарихы.

2.     Қызметі мен сапарлары.

3.     Шоқан қалдырған мұралар.

 

Мәтінмен жұмыс түрлері:

1.     Мәтінді мәнерлеп оқу.

2.     Мәтінді ауызша аудару.

3.     Деңгейлік тапсырмалар орындау.

                     

Шоқан Уәлиханов – суретші

  Шоқан Уәлихановты замандастары шығыстану іліміндегі қайталанбас ірі тұлға деп танығаны белгілі. Суретшілік өнер – тарихшы, географ, этнограф,фольклорист, саяхатшы Шоқанның сегіз қырының бірі ғана.

Шоқанның екі жүзге жуық суреттері сақталған. Ол суреттер Шоқан Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағының бірінші басылымының  5-і  томына енген. Ал «Өнер» баспасынан шыққан «Шоқан және өнер» атты  кітапта Шоқанның әзірге белгілі суреттерінің бәрі

басылып шықты. Бұл еңбектер Шоқан халқымыздың шын  мәніндегі тұңғыш суретшілерінің бірі екенін дәлелдейді.

 

Деңгейлік тапсырмалар орындау

         ІІІ деңгей

1.    Мәтінді мәнерлеп оқы.

2.    Мәтінді ауызша аудар.

3.    Мына сөздерге дыбыстық талдау жаса:

           Шоқан, тарихшы, географ, саяхатшы.

         ІІ деңгей

1.    Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жаз.

2.    Мына сөздерді жікте: суретші, этнограф, суретші, фольклорист.  

         І деңгей

1.    “Шоқан  Уәлиханов” тақырыбына диалог құрастыр.

2.    Мәтіннің 2 сөйлеміне синтаксистік талдау жаса.

Дәптермен жұмыс:

1.    Күнді жазу.

2.     Деңгейлік тапсырмалар орындау. (Әр деңгейдің бағасын айтып, көрсету)

3.    Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау:

Сөйлемдерді талдаңдар:

v Қазақ, орыс, француз тілдерін үйрену үшін, Шоқан көп еңбек жасаған.

v Г.Н. Потанин Шоқанның еңбектерін еркін түсініп, халыққа жеткізді.

v Петербургте ол идеялық жағынан көп өсіп, әлеуметтік жағынан толысып қайтты.

vШоқантану ғылымында Шоқанның тіл  біліміне байланысты зерттеулер, пікірлер көп болғандықтан, Еуропа тілдерін меңгергендігі туралы деректер бар.

 

«Сөздер сыры» ойыны.

Ыстықкөл сапары  деген сөз тіркесінен жаңа сөздер құрастыру.

 

Сабақты қорыту:

1.    Кластер толтыру.

2.    Жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою.

 

Үй тапсырмасы:

 « 3» - Шоқанның өмір тарихы бойынша сызба даярлау.

« 4» - Мәтінді мазмұндау.

 « 5» - «Шоқан – ұлы тұлға» тақырыбында реферат даярлау.

 

Бағалау:  Бағалау парағы арқылы оқушыларды бағалау.

 

 

Қоштасу: Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения