Айнагуль Сагинтаева
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Республика Казахстан
Регион:Восточно- Казахстанская область
13.01.2015
0
404
0

Қазақ тілі 4 сынып "Дауыссыз дыбыстар"

Сабақтың мақсаты:

·        Білімділік: Қазақ тіліне тән дыбыстарды терең меңгерту. Айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым әрекеттерін іске асыру.

·        Дамытушылық: 1-сыныпта алған білімдерін бекіту. Сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту.

·        Тәрбиелік: Қазақ тіліне, пәнге, ұлтқа деген сүйіспеншілік, сыйластық, достық сезімдерін тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,сөйлеу, тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер, карточкалар

 

Сабақтың барысы:

 

I.Ұйымдастыру кезеңі.

 

II.Модульдің құрамын түсіндіру.

 

III.Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру.

 

IV.Жаңа сабақ.

 

1. «Мен және менің отбасым» тақырыбына әңгіме жүргізу. Осы мақсатта 1-тапсырманы орындау. Сұрақ- жауапты тыңдап, оқыған соң өз мектептері жайлы оқушыларға әңгімелету.

 

2. «Оқылым» әрекетін іске асыру мақсатында 2- тапсырма, яғни «Оқушы боламын» атты өлеңді мұғалім оқып үлгі көрсетеді. Оқушылар дыбыс жүйесінің заңдылықтарын сақтап оқуы тиіс.

 

3. «Айтылым» әрекетін оқушының меңгеруі үшін «Кім қайда?»  сұрағына дұрыс жауап беруді үйрету. Оқушыларды жүйелі түрде сөйлеуге баулу.

Ата қайда?

Үйде жатыр.

Әже қайда?

Бөлмеде отыр.

 

Сергіту сәтін өткізу. 6 бет

4. Әдептілік әліппесі. Оқушыларға «Рақмет» сөзінің мағынасын түсіндіру. Практикалық жұмыс жүргізу.

 

 

5. Оқушыларға қимыл іс- әрекеттерді меңгерту үшін: Кітабыңды аш, дәптеріңді ал, есікті аш, терезені жап, тақтаға жаз, тұр, отыр, жүр. Күнделігіңді бер деген бұйрық  райлы тапсырмаларды орындату. Айтылым әрекетін іске асыру мақсатында тапсырмаларды бірнеше рет әр оқушыға айтқызу, басқа оқушыларға орындату.

 

V.Сабақты қорытындылау.

Жаңа сабақты бекіту.

а) сұрақ- жауап жасау;

ә) өлеңді мәнерлеп оқыту;

б) әдептілік әліппесін қайталау.

 

V.Үйге тапсырма.

    

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения