Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
13.01.2015
0
358
0

Студенттер арасында тәрбие шараларын жүргізудегі педагогикалық шешімдер

Қазақстан Республикасы,Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы

Маңғыстау энергетикалық колледжі

Арнайы пәндер оқытушысы

Абдикаримова Гульнара Джалекеевна

Студенттер - ұтқыр әлеуметтік топ, өзінің ұлттық және әлеуметтік құрлымымен ерекшеленеді, жасына қарай, сонымен бірге сол уақытқа тән ерекше қабілетті болу. Бұл ерекшеліктер студенттердің қалыптасуымен байланысты оқу үрдісімен бірге өзгеше студенттік мәртебесіне қатысты уақытша ұстанымдарды ұстану. Студент өмірінің өзгешелігі, тұлғаны қарқынды дамытуға белсенді қарым-қатынасқа қолайлы жағдай туғызады. Әлеуметтік бағыттарды қалыптастыруда, жоспар бойынша бірінші орынға құндылықты бағыттар шығады.

Студенттердің әлеуметтік бейімділік шарттары мыналарды талап етеді:

1) креативті, дамытатын орта, студенттердің ғылыми ізденушілігін дамыту тек оқу үдерісінің шеңберінде ғана емес, сонымен қатар кафедра клубтарының, ғылыми үйірмелер; жеке шығармашылық, әлеуметтік-мәдени әрекеттердің әртүрлі формалары мен бағыттарын қамтамасыз ету;

2) жоғары оқу орнының қоғам үшін ашықтыңы - елдердегі жоғарғы оқу орындары арасындағы байланыс, бірігіп шаралар өткізу, республикалық жастар ұйымдарына қатысу;

3) студенттерді оқуға келгеннен бастап әлеуметтік-мәдени әрекеттерге тарту, себебі университет туралы олардың қабылдаулары бірден оның әлеуметтік мәдени ортасын қалыптастыруда өздерінің қажетті қабілеттіліктерін пайдалану.

Оқудан тыс тәрбие жұмысындағы негізгі бағыттар

  1.  Азаматтық және әлеуметтік ұстанымдар белсенділігінің қалыптасуы:

- университеттік, қалалық, республикалық шаралар, акциялар, қозғалыстар, гуманистік, әлеуметтік және моральдық-психологиялық бағыттарға қатысу;

- жастар Комитетінің ұйымдастыруымен өтетін патриоттық сипаттағы шараларға қатысу;

- студенттер арасынан және оқытушылар құрамынан этникалық және ұлт аралық келісімді сақтау үшін шаралардың өткізілуі;

- конференция, семинар, тақырыптық кештер, елдегі ұмытылмас оқиғаларды өткізу;

- студенттердің саяси мәселелерге қатысу жөнінде әңгімелер, пікір-сайыстар, «дөңгелек үстелдер»;

- оқу тәрнтібін бақылау, жатақхана тәртібін сақтау.

  1.  Моральдық-психологиялық тәрбие және адамгершілік:

- этикалық тақырыптардағы кештерде сұрақтар мен жауаптарға қатысу;

- кәсіби негіздегі және этикалық мәндегі лекцияларды тыңдау.

3. Таңдалған мамандыққа тәрбиенің саналы қатынасы:

- байқауларға, курстық жұмыстарға, студенттік конференциялар мен семинарларға қатысу;

- кітапхана қызметкерлерінен кеңес алу, кездесу;

- қарапайым дидактикалық құралдарды, ғылыми рефераттық шолу мәселелерін дайындау;

- университетті жабдықтауға арналған сенбіліктерге қатысу.

4. Эстетикалық тәрбие:

- эстетикалық бағыттағы клуб жұмысына қатысу;

- демалыс кешін ұйымдастыру;

- жазушылар мен өнер қайраткерлерімен кездесу;

- студенттердің шығармашылығы және өз күшімен ұйымдастырылған көркемөнері.

  1.  Дене тәрбиесі:

- бөлімдерде дене дайындығын жетілдіру, жарыстарға қатысу;

- топпен жұмыста денсаулық сақтауды насихаттау;

- спорттық дене тәрбиесіндегі шараларды ұжыммен өткізуді ұйымдастыру.

Бүгінгі күні жоғарғы оқу орындарында тәрбие жұмысы үдерісінде қиынықтар туындауда. Университет ішінде болашақ мамандардың рухани-адамгершілік бейнесіне байланысты қарама-қайшылықтар мен даулар жиі кездеседі. Тәжірибе көрсеткендей, студенттердің ұстанымдарының ескерілуінсіз бұл қарама-қайшылықтың негізгі қайнар көздеріне кейде беделді басшылық қатысады, еңбек және оқу үдерістерін ұйымдардың жетіспеушілігі, оқыту әдістері мен формаларының сәйкессіздігі, оқу жоспарларының уақыт талабына сай болуы; академиялық мәдениет деңгейінің қанағаттанғысыз, қызметтік міндеттерінің айқын орындалмауы, жеке мінез-құлықтарының сәйкессіздігі, әсіресе жас оқытушылардың кәсіби этикалық нормаларының, еңбек тәртібін бұзушылық, студенттерге деген талаптың төмендігі, алған білімдеріне көңіл қоймау.

Оқу-тәрбие үдерісінің негізгі мақсаты мен міндеті жоғарғы білімді адамдарды және білікті мамандарды дайындаумен байланысты, кәсіби өсуге қабілетті және кәсіби әрекет жасауға дайын ақпараттық жағдайдағы қоғам және жаңа ғылыми технологияларды дамыту. Қазақстандық қоғамға, бүгінгі күні жұмыс берушілерге білікті, өнегелі, жігерлі, өмірлік белсенді ұстанымы бар, үздік сапалы, алғыр ойлы, халықаралық ынтымақтастыққа дайын жастар қажет.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында жаңа ұлттық пайымдау ұсынылды: 2020 жылға қарай Қазақстан – білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс.

Қазақстан әлемдік қауымдастықта экономикалық әлеуеті мықты ел

ретінде танылды. Алда осы әлеуетті барынша тиімді түрде іске қосу және экономиканың жоғары қарқынмен дамуы негізінде қалың бұқара топтарының әл-ауқатын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл – Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясы, Бала құқықтары туралы конвенция, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының Халықаралық декларациясы, Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясы, Болон декларациясы және т.б.

Білім беруде оқыту мен дамытудың ортақ процесіне кіріктірілген педагогикалық қызметтің органикалық құрамдасы болуы тиіс тәрбиеге басымдық беріледі.Осыған байланысты тұлғаны қалыптастыру проблемасының кешенді әзірлігі, оның әлеуеттік мүмкіндіктерін барынша толық іске асыру мүмкіндігін іздестіру – Қазақстанда педагогика ғылымы дамуының магистралды бағыты болып табылады.

Осының барлығы қоғамның жаңа тәрбиелік әлеуетін қалыптастыру қажеттілігін ескереді. Қазақстанда тәрбие қызметінің нормативтік негізін құрайтын құжаттар әзірленді. Алайда, ұлттық және жалпыхалықтық мәдени құндылықтарда тәрбиеленген тұлғаның әлеуетті бейнесі қалыптаспаған және нормативті бекітілмеген.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения