Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
13.01.2015
0
427
0

Кітапхана қорын тексеруді ұйымдастырудың негіздері

Қазақстан,Маңғыстау облысы,Маңғыстау ауданы,Шебір ауылы

Қаратөбе орта мектебі

Қаратөбе орта мектебінің кітапханашысы

Аймурзаева Жанар Жолдасовна

Тексеру - жұмыстан босатылған қызметкермен бірлесіп, сонымен қатар орталық аудандық кітапхананың толықтыру және өңдеу бөлімінің қызметкерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

Қорды тексеру – қордағы бар баспа басылымдарының және басқа да материалдардың бар-жоғын анықтау, сондай-ақ олардың есеп құжаттарына сәйкестігін белгілеу мақсатында жүргізіледі.

Тексеру барысында

есептің жағдайын;

кітаптың қордан шығарылуының дұрыстығын;

қарыз;

қорды сақтау жұмысы бойынша кемшіліктерді;

жөндеуді, жаңартуды және ескіргендіктен есептен шығарылуы, мазмұны жағынан профилді емес құжаттардың анықталуын айқындайды.

Қорды тексеру:

кітаптардың сөрелерде орналасу ретін қалпына келтіруге,

қорды мазмұны жағынан ескірген және тозығы жеткен, дублетті және профильді емес кітаптардан тазартуға,

есепке, қорды сақтауға және қолдануға ұқыпсыз, зейінсіз, салқын қарағандықты анықтауға,

ұрлық жасау орын алған болса сол жағдайды ашуға мүмкіндік береді.

Кітапхана қорын тексеру

қор үшін материалдық жауапты тұлға (кітапхана басшысы немесе құрылым бөлімшесінің меңгерушісі (оқу залы, абонемент, филиал және т.б.) ауысқанда;

ұрлық, қиянат жасау немесе құжаттарды бүлдіру фактілерін анықтауда;

кітапхана қайта құрылған немесе жабылған жағдайда, табиғи апатқа ұшыраған жағдайда, өрт басқа да жағдай болғанда жүргізіледі.

Кітапхана қорын тексеру тәсілі (бақылау талондары арқылы, түгендеу кітабы арқылы) келесі мерзімде жүргізіледі:

Сейфте сақталатын өте құнды қорлар – жыл сайын;

Өте сирек кездесетін қорлар –3 жылда бір рет;

Құнды қорлар – 5 жылда бір рет;

Кітапхана қорының есептік бірлігі 100 мыңнан - 5 жылда бір рет;

Кітапхана қорының есептік бірлігі 100 мыңнан 200 мыңға дейін болса - 7 жылда бір рет.

Кітапхана қорының есептік бірлігі 200 мыңнан 1 млн. дейін болса 10 жылда бір рет.

Кітапхананың немесе оның бөлімдерінің басшысы ауысқанда кітапхана қорына немесе бір бөлігіне жүргізілген тексеру кезекті тексерілуге теңеледі.

Тексеру түсіндірме хат жазылған және жоқ басылымдардың тізімі көрсетілген акт жасаумен аяқталады.

Актіде көрсетілген тексеру нәтижелері сақтау комиссиясында немесе қор жөніндегі басқа алқалы жиында қаралады. Шешім негізінде есептен шығару туралы акт бекітуге беріледі.

Қорды тексеру бойынша барлық жұмыстар үш кезеңмен жүзеге асады:

 

1) дайындық жұмысы;

2) қорды тексеру;

3) нәтижесін салыстырып құжатпен рәсімдеу және қорытынды шығару;

Дайындық жұмысы.

 

Мүмкін болған жағдайда тексеруден бір ай бұрын кітапханада, тексеру қай айда басталып қай айда аяқталатыны туралы, және оқырмандарға тексеру басталғанша қолда бар құжаттарды қайтару туралы өтініш білдірген хабарландыру ілінеді. Қормен даярлық жұмыс жүргізеді: қордың дұрыс орналасқанын тексереді, оқырмандардың кешіктіріп тапсырған немесе құжаттарды өңдеуде кешіктірілген кітаптарды орналастырады. Бақылау талондарын жазу үшін қағаз, қораптар,нөмірлі бөлгіштер, түрлі-түсті қарындаштар және т.б. дайындайды. Тексеруге қатысқан әрбір қызметкерге күн сайын нақты жұмыс есебін жүргізу қажет.

Тексеру тәсілін таңдау, кітапхананың жұмыс жағдайына, қордың орналасуы мен көлеміне байланысты.

Кітапхана қорын бақылау талондарының көмегімен тексеру.

 Бұл қорды тексерудің ең көп тараған түрі. Оның мәнісі мынада, әрбір құжаттың данасына каталогтық карточканың жартысындай мөлшерде талон жазылады.

 Қорды бақылау талонымен тексерудің екі тәсілі бар.

1) талонды есептік құжат бойынша құрастырады, содан кейін сөредегі қормен салыстырады;

 

2) талондар тікелей сөреде тұрған құжаттардан (кітаптар, және т.б.) жазылады. Әрбір кітапқа бақылау талоны жазылады. Онда түгендеу нөмірі, автордың фамилиясы немесе атауының бірінші сөзі көрсетіледі. Әр талон кітаптың ішіне салынады. Комиссия мүшелері жазбаның дұрыстығын тексереді.

Барлық қорға талон жазылғаннан кейін, оқырмандарға берілген құжаттарға талон жазылады (мәліметтер оқырман формулярларынан алынады). Оқырмандарға немесе көшпелі кітапханаларға берілген кітаптарға талондар кітап формуляры және жазбалар бойынша құрастырылады. Кітаптарға, оқырман формулярларына, көшпелі кітапхана кітаптарының дәптеріне тексерілгені туралы белгі қойылад

Бақылау талондарын түгендеу нөмірлері бойынша орналастырады. Тексеруді бақылау талондарын түгендеу кітабымен салыстыру арқылы жүзеге асырады, жазудың алдына тексерілгені туралы белгі қояды. Түгендеу кітабы бойынша жетіспейтін кітаптардың тізімін құрастырады.

Қолданылған талондарды келесі тексеріске сол жүйелілікпен, салыстырылған есептік құжатпен сақтап қояды.

Кітапхана қорын түгендеу кітабының көмегімен тексеру, оләр кітапты түгендеу кітабындағы жазумен салыстыру болып табылады. Тексеруді екі қызметкер жасайды: біріншісі – кітапты бірінен соң бірін сөреден алады (немесе берілген кітаптардың формулярларын алады) және олардың түгендеу нөмірлерін атайды. Екіншісі – осы нөмір бойынша түгендеу кітабынан кітапты іздеп табады. Кітап пен жазбаны салыстыру жүргізеді.Кітапқа тексерілгені туралы белгі қояды, ал түгендеу кітабының «Кітапхананы тексеру туралы Белгі» бағанына шартты белгілер (қанат белгі) қояды; шартты белгінің болмауы, кітаптардың қорда немесе оқырмандарға берілген кітаптардың арасында табылмағанын білдіреді. Табылмаған басылымдар туралы мәліметті «Есептік каталогтың тіркеу карточкаларының дәптерінен» және есептік каталогтан тауып, арнайы параққа жазып алады.

Тексеру нәтижесі 3 данада белгілі түрдегі актімен рәсімделеді. Комиссияактіде кітапханада қорды сақтауды ұйымдастырудың дұрыстығы туралы, оның есебі мен берілімнің жүргізілу жағдайына, осы сұрақ бойынша тапсырмалар мен нұсқаулардың орындауына қорытынды жасайды, жалпы құны мен дананың жетіспеушілігін көрсетеді. Комиссия ОКЖ директорына тексеру нәтижесі бойынша құжаттарды береді. Ол кінәлілердің материалдық жауапкершіліктерінің дәрежесін анықтап және актіні бекітеді. Бекітілгеннен соң актінің бір данасы толықтыру бөліміне беріледі, екіншісі -  бухгалтерияға, ал үшінші данасы кітапханада, немесе кітапханадағы қоры тексеруден өткен бөлімде қалады. Акт бекітілгеннен кейін, табылмаған басылымдар есептен шығарылады, ал олар жайлы мәліметтер каталогтар мен картотекалардан алып тасталады.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения