Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
13.01.2015
0
338
0

Кітап оқудан жалықпау жолдары

Қазақстан,Маңғыстау облысы,Маңғыстау ауданы,Шебір ауылы

Қаратөбе орта мектебі

Қаратөбе орта мектебінің кітапханашысы

Аймурзаева Жанар Жолдасовна

Көп адамда бір күнде есепсіз әріптер саны ажыралмай жұтыла береді екен. Қызық мақалалар, жұмысқа қатысты кәсіби әдебиет, қажетсіз флуд, өзін дамытуға арналған мәтіндер. Бірақ, соларды оқудан ешкім “ләззат” алмайтын сияқты. Кітап оқуды мақсат еткен адамдар осы күйге жетпей тұрып, неше түрлі әдебиетті талғамай жұта берсе керек. Дегенмен, ол саналы әрі ойлы, “ләззат сыйлайтын” оқу еді.

Ал қазір кітап оқуға уақыт табу үшін тәуліктегі жиырма төрт сағаттың өзі аздық ететіндей. Бірнеше артық сағат қосылса, барлық көздеген кітабын оқып тастайтындай елестетеді. Бұл оқу жылдамдығы мен сапасын арттыруға арналған мақала емес. Керісінше, оқудың сиқырлы магиясын жоғалтып алмауды көздейді.
         Бәрі бірнәрсеге тіреледі. Әркім кітап оқудан ләззат алуы тиіс. Кітап – өмірлік ұстаз және әркімнің өмірін өзгерте алады. Ешкім кітап оқудың гиганты емес, бірақ әрбір адам кітапты ұқыпты әрі бар ынтасымен оқуы тиіс. Көп адамдар кітапты көп оқығысы келетінін, бірақ қалай бастау керек екеніндігін білмейтінін айтады. Лео Бабута осының сырына үңіліп көрген екен. 


1. Кітапты міндет болғандықтан емес, ләззат алғандықтан оқы.
Кітапты таныстарыңның бәрі оқығаны үшін оқуға тырысудың қажеті жоқ. Достарыңның арасындағы әңгімеден шеттеп қалмауға әрекеттеніп, өзіңді қинап, әріптен әріпті ажыратпай, мағынасыз жұта берудің зиян екенін ұмытпа. Өзіңе қызық кітаптарды тауып ал да өзің барғың келетін әлем туралы оқуға тырыс. Егер кітап бұл талаптарыңа жауап бермесе, әуре болма.

2. Оқуға уақыт табуға тырыс.  
Кітап оқуға уақыт табу көбіне қиын. Жұмыстан шаршайсың, әр уақытың есептеулі, жақындарыңа көңіл бөлу керек; әлемнен шет қалмау үшін интернетте сағаттап отырасың, теледидар қарауға көп уақыт жұмсайсың, қажетсіз мақалаларды бірінен кейін бірін кезексіз жұта бересің; таусылмайтын сериалдар қарайсың. Кітап оқуға күніне кішкене уақыт бөлуге тырыс. Мейлі ол 10 минут қана болсын, – ең құштарлы 10 минут. Кейін әдетіңе айналғанда, ол уақытты 20-30 минутқа көбейтуіңе болады. Агентте, скайпта достарыңмен қажетсіз әңгіме соққаннан, осы әлдеқайда пайдалырақ. Ақырында, кітапты қолға алып әжетханаға кіріп кетсең де ешкім саған кедергі келтірмейді.       

3. Оқығанда, ештеңеге көңіл аударма.       
Кедергі болатын барлық нәрседен алысырақ жайғас. Тыныш әрі бейбір орын тауып ал. Өзің таңдаған кітабыңмен бетпе-бет қал – сен және кітабың. Егер қолың бір нәрсе жасауға талпынып отырса, бір пиала шәй ішумен алдарқат. Барлық электронды құрылғылардан аулақ отыр. Еліктіретін факторлардың сенен барынша алыста болғаны дұрыс. Бәрінің де алдында планшет, ноутбук қосулы жатса, поштасын тексеруге еліріп тұратыны бар. Сондықтан, кітаптың е-нұсқасынан гөрі, қағазды нұсқасын таңдағаның абзал. Өзіңе ыңғайлы бұрышта оқып, ешкім және ешнәрсе кедергі келтірмеуі үшін.

4. Оқуды ештеңеге қарамай ұнат.      
Сен өзіңді дамыту үшін, не өзгелердің көзінің алдында ақылдырақ көріну үшін оқып отырған жоқсың. Сен оқудан ләззат алғандықтан, оқып отырсың. Кітап оқудың магиялық күші бар және ол сенің өміріңде көп нәрсені өзгерте алады. Жыл сайын қайта-қайта оқып, әрбір әрібін жаттап алған кітабыңнан әр оқыған сайын бәрібір жаңа ой таба аласың. Кітап оқу сені өзгертеді, жаңа ойларға жеткізеді, кездейсоқ әрекеттерге итермелейді. Кітап оқуды ештеңеге қарамай ұнатсаң, әйтеуір бір оқиғаның боларына сен.

5. Оқуды әлеуметтендіруге тырыс.    
Өзіңнің кітап оқуға қызығатын достарыңды тап, басын қос. Онлайн достар тапсаң да болады. Олардың бәрі ой бөлісіп, оқыған кітаптарың туралы сөйлесуге әрқашан дайын. Өзіңнің кітапсүйерлер клубыңды ұйымдастыр. Кітапқа қызығушылық тек қана жеке емес, әлеуметтік болуы мүмкін екенін ұмытпа.

6. Оқуды әдетке айналдыр.        
Күнделікті кірбің тірлікте кітап оқуға арнайы уақыт бөл және сол уақытты әдетке айналдыр. Ол күніне 5-10 минут та болуы мүмкін. Күнделікті бөлінген уақытың әдетке айналған сайын, оқудан ләззат ала бастайсың. Өзіңді кітап оқуға итермелейтін нәрселердің тізімін де жасап алғаның дұрыс. Сол тізімнен, күнделікті әдетіңнен ауытқымауға тырыс.

7. Атүсті, шала оқыма.      
Оқуды өзіңнің күнде жасайтын міндетті жұмысыңа айналдырма. Оған тезірек аяқтайтын тапсырмалар тізіміндегі кезекті шаруа деп қарама. Ұмытпа, ол өзіңді дамыту жоспарындағы орындалуы тиіс пункт емес. Оқыған кітаптар тізіміңді көбейту үшін де әуре болма. Кітап оқу сенің өміріңді қызықтырақ ету жоспары бойынша жасалуы тиіс.     

8. Егер кітап жалықтырса, лақтырып таста.      
Кітап оқу міндет болғандықтан емес, ол процестен ләззат алғандықтан оқы. Егер кітап қызық болмаса, лақтырып таста. Кітаптың алғашқы тарауында жалыға бастасаң, ойланбастан келесі кітапқа көш. Мүмкін бұл кітап сен үшін емес шығар. Мүмкін қазір бұл кітаптың уақыты емес шығар. Есіңде сақта, кітап оқудан ләззат алуың керек.

9. Өзіңе қызық кітаптарды ашуға тырыс. 
Оқылған кітап туралы өзге кітапсүйер достарыңмен ой бөліс. Кітапқа жазылған рецензиялар мен шолуларды оқы. Кейде болса да кітап дүкендері мен букинистік дүкендерді аралап шығуды ұмытпа. Дәл сол жерлерде өзіңе қызық кітаптарды тауып ала аласың. Кітапхана – тыныштық пен кітап оқудың магиялық күшін сездіретін нағыз кітап храмы. Ол жердегі кітап парақтарының ашылған даусы мен иісінің өзі жалықтырмайды.

10. Оқу жылдамдығын ойлап, әуре болма.
Кітапты жылдам оқу біреулерге қызығырақ көрінуі мүмкін. Бірақ, асықпай оқу да жақсы. Оқылған кітаптардың саны мен ол кітаптарды оқуға кеткен уақыттың ешқандай пайдасы жоқ. Кітап оқу жарыс емес. Кітап оқудан ләззат алғалы отырсың, ендеше асықпа. Бұл тамақ жеу не қыздың көңілін табу сияқты асықпай жасалатын процесс. Процестің өзінен ләззат алу керек. Асықпай, әр сөйлемнің ләззатын толығымен сезіп, түсініп оқы.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения