Бажанова Сауле Омерханқызы
Должность:учитель физики - информатики
Группа:Посетители
Страна:Қазахстан
Регион:Алматинская , Карасайский, Турар
13.01.2015
0
657
0

Жылқы малы аса қасиетті жануар

Алматы облысы

Карасай ауданы 

Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп

Бастауыш пәні мұғалімі

Тургымбаева Кульшай Садыковна

Тақырыбы:

«Жылқы малы аса   қасиетті жануар»                                       

         «Жүйрікте де бар, қазанаты бір бөлек» деп  жатамыз. Жылқыны не үшін «қазанат» дейміз? «Қазанат» деген сөз-шыдамды,берік,мықты,тұлпар сынды, әлді жүйрік десе жүйрік, жүрісіне мықты, мойымайтұғын деген мазмұнды беріп тұрған секілді.

         Жүріс тұрысына,түр-түсіне және жаратылысына қарай қазақ жылқы малын бірнеше түрге бөлген. Солардың бірнешеуіне тоқталайық арғымақ, қазанат, жабы, тобышақ текежәуміт, қазақы ат, пырақ, дүлділ, аңалтеке, жүйрік тұлпар, күлін (сәйкүлік) саңлақ, жорға су, жорға, төкпе жорға, айдама, айдама жорға, жайқалған жорға, ояңқылау, жетек ат, қосаң ат, түп ат, көсем ат.

         Ертеде ата-бабаларымыз қару жарағы мен астындағы атына сүйеніп, елін- жерін, намысын қарғады. Бірнеше жүз мыңдаған қолды бастап, сонау Сахалиндегі татар бұғазынан Батысқа қарай Азияны  талай рет көктей өтіп, Батыс елдеріне ойран салды сонау түкпір Түнсібірден оңтүстікке беттеп талай рет, Араб, Парсы, Үнді жерлеріне сұғынды. Шығыста Қытайды қорқытып, бес мың шақырымдық қытай «жау балшығын» осы күнгі қытай қорғанын салдырды. Осы бір таңғажайып жорықтар мен қыруар тарихтың жасалуы тек қана жылқы түлігінің орасан молдылығы мен ат күшіне байланысты болған.

         Мыңдаған  жылдарға созылған жорықтар мен тарихи оқиғалар қазақтың табиғи ұлт  болып қалыптасуына орасан зор ықпал жасауы.

         Қазақ-қарамалы,  жасанды ұлт емес, табиғи ұлт. Табиғи ұлттың табиғатпен белсенді байланысының айғағы- жылқы. Қазақтың ұлттық ділін, қазақтың туған тілін жасасқан аса қасиетті жануар.

        Жылқы-ішсе сусын, жесе азық, мінсе көлік. Қазақ жылқының  төзімділігіне шек жоқ. Жаугершілік заманында бабаларымыз өзімен бірге үйір-үйір жылқы айдап жүретін болған. Шөлдесе қымызын ішіп, ашықса етін жеп, жүре берген. Әрі қашқанға да, қуғанға да  шапшаң қимылды жылқы оңтайлы. Жалт бұрылған икемділігі де шайқас үшін жаралғандай. Қазақ ат арқылы Үндістаннан Араб еліне дейін, Сахарадан Европалық Италия, Франция елдеріне дейін емін-еркін көшіп қонған. 1920 жылы қазақтардың кейбір шаңырағындағы 30-40.000-ға жуық жылқы малы болыпты. Ал бүкіл қазақ даласында 20.000.000-ға тарта жылқы басы бар еді. Кеңес үкіметінен кейін көршілес орыс елінің солақай саясатының кесірінен сол жылқыларды етке өткізіп, қырып салды. Қазақы  жылқыны көбейту керек. Қазақы  жылқыны сен асырамайсың, ол сені асырайды. 1,5м қар жауса да, өз шөбін өзі тауып жейді. Қазағымыздың кейбір қалталы азаматтары өкінішке орай таза қанды жылқы асырамайды, қаражатын далаға шашып жатыр. Әкелінген әлгі таза қанды жылқылары ұзаққа шабуылға жарамайды. Мінуге де жарамайды. Ал қазақ жылқы тек сақтайды. Тек сақтайтын аң-құс санаулы. Дегенмен тек сақтау бұл жаратылыстағы барлық тіршілік иелеріне тән нәрсе, аққу, кәмшат, құндыз тек сақтайтыны хақ. Америкада пума деген жолбарыс тек сақтайды.

         «Қазақ жылқы тектес» деп бекер айтпайды. Жылқы сүті мен етінің шипалы екендігін бұл күнде бүкіл әлем біледі дейміз, бірақ әлем білмесе, бүгін біліп отыр. Ал қазақ баяғыда ақ білген. Жылқы етінің қасиеті сол, ол барлық адамға шипасын тигізеді. Қазақта «жылқы еті жақпаған адам өледі» деген. Бұл нені білдіреді? Бұл дені сау адамның барлығына қорек болады деген.

         Осыған ұқсас мынадай тәсіл бар, жылқы етін жеген адамға жақса қырық жыл ауруынан айрықтырыды. Жақпаса қырық жылғы кеселіңді шығарады дейді. Жылқы етін қанша жесең де күпті болмайсың тез сіңеді.

         Жылқы малы өте киелі жануар кез келген шөпті жемейді. Иіскеп таңдап жейді. Басқа малдың аяғы тиген немесе аузы тиген шөпке жылқы жоламайды. Лай су ішпейді, суатты кешіп тереңінен, тұнығынан ішеді. Алдымен дәмін татып көріп, сонан соң аузын шайып, содан соң ішеді.

         Жылқыдан асқан мал бар ма?Биенің сүті сары бал. Қымызынан асқан дәм бар ма? Баяғыда Ақтамберді мырза осы жырлаған қымыз жай ғана сұйық емес, ол астың да қызметін атқарады, қымыз ішкен адам тоқ жүреді. Ол асты да қорытады. Тамаққа тойып алып, қымыз ішсең, тамақтың қайда кетіп қалғанын білмейсің.

         Қымыз ағза қызметін жақсартып, адамды жасартады. Қан құрамын реттейді. Жүрек қан тамырлары  аурулардың алдын алады. Зәр шығару органын қызметін жақсартады. Жүйке жүйесінің жұмысын дұрыстайды. Ас қорытуға көмектеседі. Жыныстың қуатын арттырады . Өкпе ауруларын емдейді. Созылмалы асқазан ауруларын (гастрит) жазады, созылмалы өт қабынуын, созылмалы энтеринті, созылмалы тік ішек ауруларын, созылмалы тік ішек ауруларын, созылмалы бауыр қабынуын, асқазан жарасын және 12 бармақ ішек ауруын емдейді. Қымыз қан тамырларын кеңейтіп, қан айналымының жақсаруына мүмкіндік туғызады. Сонымен қандағы түйіршіктерді талқандап, қанның жүрісін қалыпқа түсіреді. Қымызды жүйелі ішкен адам қан айналысының белсенділігі артуы нәтижесінде әртүрлі жүрек ауруларынан айығады.

         Қымыз адам жүйкесі жұмысының жақсарудың таптырмас емі болып табылады. Әсіресе орталық жүйенің жұмысын реттейді. Адам көңіл күйін көтеріп, шаршағанын басады. Дене жұмысынан шаршаған адам, қымыз ішетін болса, шаршағаны басылып, қан айналымы жақсарып, жүректің қалыпты жұмыс істеуіне қол жеткізеді. Аш қарынға саумал ішкен пайдалы. Ол асқазан мен ішек жараларын емдейді. Тік ішек жұмысын жақсартып, оның бойында ас қалдықтары қатып, қалмауын қамтамасыз етеді. Пайдалану кезінде іш-құрылысы ауыратын адам қымыз қымыз саумалын таңертең ашқарынға ішкен абзал. Асқазан сілекейлерінің тітіркендіргіш қызметін баяулатады. Сөйтіп ішкі жаралардың беті қабыршықтанып бітуіне әсер етеді. Іш аурулары негізінен дұрыс тамақтанбағандықтан, әртүрлі спирттік ішімдіктерді мөлшерлерден тыс ішкендіктен ас құрсақ жүргендіктен болады. Қымыздың қызметі сондай асқазанның созылмалы ауруларының өзін жазу мүмкіндігіне ие.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения