Самиева Балкенже Онгарбековна
Должность:учительница начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Республика Казахстан, город Уральск, поселок Шынгырлау
13.01.2015
0
294
0

«Қол қойылымы, фортепианода ойнаудың еркін жолдарымен үйрету» БҚО Шыңғырлау ауданының фортепиано класының мұғалімі Жармаганбетова Зауреш Ерболовна

Тақырыбы: «Қол қойылымы, фортепианода ойнаудың еркін жолдарымен үйрету»

Мақсаты:

·       Аспапта ойнауда дұрыс отыруы;

·       Дыбыстың дұрыс шығуы;

·       Бір топ жаттығулар: қолды қалықтаған, сіреспеген түрде ойнау, клавиатураға қолды қалықтаған түрде түсіру; Клавиатураға түсіру үшін, буыннан бастап саусақ ұштарын жақсы сезіну;

Көрнекілігі: Ноталық әдебиеттер, плакаттар, суреттер.

Барысы:

Баланың бірінші аспапта ойнағанда, оның қолының бос, иілген, күштің бүкіл қолмен, иықтан саусақтардың ұшына дейін жаттығу жасаттыру, түсіндіріп отыру.

І.Өтілгенді қайталау.

- Қандай дыбыстар болады?

-Төмен және жоғары.

-Өз ішіңнен ортасын  тауып клавиатураға түзу сызық жүргіз.

-Сол жағынан дыбыстар төмен (аю, барыс, жолбарыс), оң жағынан (құстар, қоян, тышқан)

-Октава деген не?

-Клавиатурада неше октава бар?

- Сегіз.

-Қане, енді ноталар қайда тұратынын еске түсірейік.

-до, ре, ми, фа, соль, ля, си.

-Дыбыстар жоғары және төмен болады. Ұзақ және қысқа болады.

-Ең ұзақ дыбысты қалай айтамыз?

-Ол дыбысты қалай санаймыз?

ІІ. Аспапта ойнау үшін, аспап жанында дұрыс отыру керек. Отырғанда клавиатураға қойылған  қол горизанталь қалыпта болу керек. Тек қана дұрыс отырғанда  қолдың бүкіл бөліктері еркін қимылдар жасау керек.

-Қане қолыңды алға соз. Саусақтарың қара клавиатураға нақты тұру керек. Әр уақытта  баладан ыңғайлы ма?-деп сұрап тұру қажет. Егер баланың қолы қосылып тұрса, оған қолыңның жүріс кезінде қалай болды, солай еркін ұстатқызып, қолын қайта-қайта сілкілдетіп, оң және сол қолмен бірдей жұмыстану керек. Қолың – ол сенің дауысың. Қолың сөйлей алады, дыбыстың қатты, жәй және жүректен әндете айтсаң, солай ойнайсың. Бүкіл денеңді бос болуын гимнастика арқылы жаттығулар орындаймыз.

1-жаттығу. «Сағат тілі»

2-жаттығу. «Піл» Қол көтеріп, денеңді бос ұстап аяқ бүгіліп, түзеліп тұрасың. Енді аспап жанына отыр.

·       Жәй қозғалыспен қолыңды үшінші саусағыңмен, оң қолыңмен соль (нотасын) клавиатурасына І октаваға қой. Қолың жоғардан клавиатураға қону керек. Сол  дыбысты тыңдап, кейін қолыңды клавиатураға жоғардан сауаұ ұшымен клавиатураға қон. Балаға оныңқолыныңбес, иілген күштің бүкіл қолмен, иықтан қолдың саусақтардың ұшына дейін жассаттыру керек (судың шлангадан аққандай секілді).

·       Осы жаттығуларды ре, фа-ның, си- бемоль, до дыбыстарын қайтала.

·       Дәл осы жаттығуларды сол қолмен кіші октавада қайтала үшінші саусақпен.

ІІІ. Қорытынды.

-Бүгінгі сабақта қандай тақырып өттік?

-Аспап жанында қалай дұрыс отыру керек?

-Денені босұстау үшін қандай гимнастикалық жаттығулар керек?

Бағалау.

Үй тапсырмасын беру.

Дыбыстыдұрыс шығарып ойнау.

Дене гимнастикалық жаттығуларын жасау.

 

Қолды клавиатураға түсіргенде қалықтаған сіреспеген қалыпта жаттықтыру.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения