Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
11.05.2012
0
3995
1

Талаптыға нұр жауар» білімділік сайысы

Год: 2012

Страна: Казахстан

Ақтөбе облысы, Темір ауданы,

Шұбарқұдық №2 қазақ-орыс орта мектебінің

информатика пәнінің мұғалімі

Бабаниязов Жанат Садуакасович

 

Тақырыбы:

«Талаптыға нұр жауар» білімділік сайысы»

Мақсаты: Оқушылардың ақпараттық технологиялар туралы  білімін тереңдету мен қатар компьютерлік  жабдықтарды пайдалану туралы оқушыларға түсінік беру.

Көрнекілігі: Слайдтар, арнайы тапсырмалар, электрондық оқулық

Түрі: сайыс

Информатика болашаққа бастайды,

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып 21-ші ғасырға,

Барлық әлем  жаңалығын тастайды.

 

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

      «Білімділік сайысына» кеп тұрған

Сайыскерлерді шақырайық ортағa.

 

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!

Мектепішілік «Талаптыға нұр жауар» білімділік  сайысына қош келдіңіздер!

Олай болса бүгінгі «Талаптыға нұр жауар» білімділік  сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа төрелік етуші әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

  1. Алмуханова Гүлнар апай - оқу ісінің меңгерушісі, әділқазылар алқасының төрайымы
  2. Қайболдина Анаргүл – жаратылыстану-математика пән бірлестігінің жетекшісі, әділқазылар алқасының мүшесі
  3. Кулекенова Гүлданай – информатика пәнінің мұғалімі, әділқазылар алқасының мүшесі
  4. Медиева Жұлдыз -информатика пәнінің мұғалімі, әділқазылар алқасының мүшесі

 

«Талаптыға нұр жауар» білімділік  сайысы мына бөлімдер бойынша өткізіледі:

1-бөлім    Таныстыру

2-бөлім    Топ басшылар сайысы

3-бөлім    «Мақал – сөз мәйегі»

4-бөлім    «Қас-қағым сәт»

5-бөлім    Қатені тап

6-бөлім    Зерделілер сайысы

7-бөлім Көрермендермен ойын

8-бөлім    Қорытынды

 

*****************************************************************************************************

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды, білімді жас талантқа,  – дей отырып, ойынымыздың «Таныстыру» бөлімін бастаймыз.

1-бөлім   Таныстыру

Әр топ басшысы өз тобын таныстырады. Ұпайды әділқазылар алқасы қояды.

 

*****************************************************************************************************

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер,  – дей отырып, ойынымыздың "Топ басшылар сайысы деп аталатын бөлімін бастаймыз. 10 ұпайдан есептеледі.

 

 

2-бөлім   Топ басшылар сайысы

1-топ басшысы

  1. Компьютердің «миы»?    (процессор)
  2. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы (модем)
  3. Сыртқы жады                     (диск)
  4. Графикалық редактор бұл құрылғысыз жұмыс істемейді (тышқан тетігі)
  5. Көп пернелі құрылғы              (пернетақта)
  6. Паскаль қандай тіл?     (программалау тілі) 
  7. Тармақталған алгоритм деген не?      (Қадамдардың тізбектеп орындалуы кейбір шарттарға байланысты болатын алгоритм)

 

2-топ басшысы

  1. Мәтінді жою пернелері? (Delete, Backspace)
  2. Принтердің неше түрі бар? (3)
  3. Интернетпен қосылуды  жүзеге асыратын заңды тұлға (Провайдер)
  4. «Microsoft» фирмасының президенті  (Билл Гейтс)
  5. Интернет желісі қай жылы пайда болды? (1969 жыл)
  6. Циклдік алгоритм деген не? (Жеке команда немесе команда топтары  көп рет қайталанатын алгоритм)
  7. «Көбейтілуге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті шағын компью-терлік программа қалай аталады? (Вирус)

 

*****************************************************************************************************

Ойын толқын жатқанда асып -тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып,  – дей отырып, ойынымыздың

«Мақал – сөз мәйегі» бөлімін бастаймыз.

3-бөлім   «Мақал – сөз мәйегі»

Топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет.           10 ұпайдан есептеледі.

 

  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

                                                                     (Жігітті досына қарап, бағала)

  1. Байт биттен құралады.

                                                                     (Теңге тиыннан құралады)

  1. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.

                                                                   (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

  1. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.

                                                                      (Аттың сыры, иесіне мәлім)

  1. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса.

                                         (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса) 

  1. Білмесең, «анықтама»-дан сұра.

                                                              (Білмесең білгеннен сұра)

  1. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы.

                                                              (Бір ақылдан, екі ақыл артық)

  1. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды.

                                                              (Досы күштіні-жау алмайды)

  1. Күлсең ескірген компьютерлерге күл.

                                                               (Күлсең кәріге күл)

  1. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

                                                   (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

 

*****************************************************************************************************

 

 

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар

Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Қас-қағым сәт» бөліміне де келіп жеттік . Оқылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек. 10 ұпайдан есептеледі.

 

4-бөлім   «Қас-қағым сәт»

1-топ

1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі    (бит)

2. Ақпаратты шығару құрылғысы        (принтер)

3. Сурет салуға арналған программа   (Paint)

4. Вирусты тауып жоятын бағдарлама  (Антивирус)

5. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (Калькулятор)

6. Бір байтта қанша бит бар?   (8)

7.Компакт-дискіні оқуға арналған құрылғы (CD-ROM)

8. Дауыс жазуға арналған құрылғы (микрофон)

9. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс желісі   (интернет)

10. Екілік жүйесінің сандары  (0,1)

11. Адам мен компьютердің қарым-қатынас тілі  (интерфейс)

12. Электрондық кестенің жұмыс аймағы        (кітап)

13. Ең алғашқы программаны жазған адам     (Ада Лавлейс)

14. Жойылған нысандар орналасатын қапшық  (себет)

15. Деректерді сақтауға арналған құрылғы  (жады)

 

2-топ

1. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)

2. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама   (WORD)

3. Дыбыс шығаратын құрылғы   (колонка)

4. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі   (алгоритм)

5. Электрондық кестенің ең кіші элементі   (ұяшық)

6. Windows сөзінің аудармасы   (терезе)

7. Мәліметтерді енгізу пернесі  (Enter)

8. Компьютер деген не?   (ақпаратты өңдеу құралы)

9.Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі  (Delete)

10. Пернетақта қандай құрылғы   (мәліметтерді енгізу құрылғысы)

11. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан   (латын)

12. Компьютер жады нешеге бөлінеді (2)

13. Бір килобайтта қанша байт бар (1024)

14. Монитор түрлері (электронды түтікшелі, сұйық кристаллды, плазмалық)

15. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрал (модем)

 

*****************************************************************************************************

 «Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

      Еңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың Қатені тап  бөлімін-де екі топ берілген сөйлемнің қатесін тауып дұрыс жауабын  беруі қажет.  Жауап дұрыс болса, сол ұпай топ есебіне жазылады, ал қате болса шегеріледі.

 

5-бөлім «Қатені тап»

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.

1.Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын.

Жауабы:  8 қате жіберілген

2. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді  есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін мен векторлық  .bmp форматында сақтаймын.

                                                                              Жауабы:  3 қате жіберілген

                   Ғылымның сырын ұғына,

            Шығыңдар білім шыңына.

            Ұқыптылық пен зеректік,

            Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына, - деп келесі Зерделілер сайысына көшейік. 10 ұпайдан

 есептеледі.

6-бөлім   Зерделілер сайысы

  1. 1.    Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми (процессор)
  2. 2.    Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз (монитор)
  3. 3.    Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ  деп мүлде айта алмай-тын, иә-ні қолдап қайталайтын береген (пернетақта)
  4. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы (тышқан)
  5. 5.    Тышқанның ең жақын туысы (трекбол)
  6. Қағазға тоймайтын мешкей (принтер)
  7. Принтерден асып түсетін мешкей (сканер)

 

*****************************************************************************************************

Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген

Бар ғылымды сыйдырып

Білетіні көп бізден

Жаңалықтың жаршысы

Жұртты елең еткізген

Информатикаға мың алғыс! – деп, әділқазылар алқасына сөз береміз.

Жүргізуші:     Кезек келді көрерменді тергеуге,

Жауап беру қиын емес білгенге.

Ойыншының ұпай санын көбейтер,

Бар ма залда демеуші боп келгендер.

7-бөлім. Көрермендермен ойын

Ретюьпмок - компьютер

Россецорпос - сопроцессор

Акнолок - колонка

Ртьлиф - фильтр

Ротином - монитор

 Атқатенреп -пернетақта

 

8-бөлім. Қорытынды

Жарыс соңында әділқазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытындылайды. Жарысқа қатысушыларды марапаттау.

 

Скачать урок

talaptyga-nur-zhauar.doc [78,5 Kb] (cкачиваний: 19)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения