Жансулу Адамзатова
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:город Астана
11.01.2015
0
645
0

Отан отбасынан басталады

36 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Адамзатова Жансұлу Оразбекқызы

 

4 сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Отан отбасынан басталады

 

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың Отан, отбасы туралы түсініктерін кеңейту; лексикалық тақырыпқа байланысты сөздерді дұрыс қолдана білу, дұрыс сөйлем құра білу;

 

2) тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту, мәнерлеп оқуға жаттықтыру;

 

3) үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, әдептілікке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын ояту, отбасының саналы мүшесі болуға тәрбиелеу. 

 

Сабақтың түрі: пысықтау сабақ, дәстүрлі емес.

 

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс.

 

Ресурстар: интербелсенді тақта,фото, ватман, суреттер, оқулық.

 

Сабақтың барысы:

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

 

Қайырлы таң досым, 
Қайырлы күн болсын
 
Күніміз жарық болсын
 
Аспанымыз ашық болсын.
 
Амансыз ба, қонақтар
 
Амансыз ба, әлем
 
Баршаңызға амандық сәлем.

 

- Сәлеметсіңдер ме. Балалар, бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы: «Отан отбасынан басталады»,  яғни біз Отан, отбасы туралы жайында айтып әңгімелесеміз. Әңгімемізді бастамас бұрын мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын, бір-бірімізге тілек айтайық. 

 

   Шаттық шеңбері:

 

  Алақан мен жылуды, айналаға таратайық,

 

  Бір-бірімізге жақындасып,

 

  Бақыт, күлкі сыйлайық.

 

  Жүректі біз ашайық,

 

  Бақыт нұрын шашайық.

 

  Барлық жақсы тілекті,

 

 Сіздерге біз арнайық.

 

- әдемі бол

 

- ақылды бол

 

- отанның қорғаны бол

 

- батыл бол

 

- ізетті бол

 

- мейірімді бол

 

- әдепті бол

 

- сәттілік тілеймін

 

- Балалар, мен де сендерге сәттілік тілеймін
-Сыныпта кім кезекші? 
-Сыныпта кім жоқ? 
- Бүгін нешесі?

 

- Аптаның қай күні?

 

- Қазір жылдың қай мезгілі?

 

  1. Үй жұмысын тексеру. «Біздің отбасымыз» мәтінді мазмұндау

 

- Отбасы дегеніміз не? (Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар. ). 
- Сен отбасында кімсің? (Мен отбасының мүшесімін, әкем мен анамның баласымын, атам мен әжемнің немересімін т.б.)
      

 

  1. Жаңа сабақ: Топпен жұмыс

 

1)    Сабақтың мақсаттарымен таныстыру. 

 

-          Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Отан отбасынан басталады».

 

 3) Мәтінмен жұмыс (слайд)

 

Отбасы- шағын мемлекет

 

Отбасы әр адамның шағын Отаны. Әр адам отбасында өсіп - өніп тәрбие алады. Біз жастайымыздан өзгелерге қамқор болуды, ата - ананы, үлкендерді сыйлауды отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын,ең қымбат жандар отбасымызда. Отбасы - шағын мемлекет.

 

а) Мәтінді мәнерлеп оқу

 

ә) Сөздік жұмысы

 

- Қиын, түсініксіз сөздерді талқылау

 

Шағын – небольшой

 

Өсіп өну – расти и развиваться

 

Жастайымыздан – с детства

 

Өзгелерге – быть заботливым

 

Қамқор болуды - быть заботливым

 

Қымбат - дорогой

 

б) сұрақ-жауап.

 

2)      Сурет бойынша жұмыс (слайд):

 

-          Суретте не бейнеленген?

 

-          Отбасы қандай?

 

-          Отбасыда кімдер бар?

 

-          Енді осы сурет бойынша дұрыс сөйлемдер құрыңдар. (сөздер бөлек-бөлек жазылған)

 

·         жемпір                    тоқып отыр                әжем

 

·         оқып отыр             қарындасым               кітап

 

·         анам                       пісіріп  жатыр             тамақ   

 

·         теледидар              көріп  отыр                  атам

 

 Сергіту сәті. Видео «Мен қазақпын»

 

4) Дәптермен жұмыс

 

- Сөздерді сыңарларымен сәйкестендіру.

 

Берілген сөздер: ата, аға, әпке, жеңге, әже,жезде, шеше, сіңлі, әке.

 

- Берілген сөздердің ішінде қыздарға қатысты қандай сөздер бар?

 

Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау.

 

І топ – сіңлі

 

ІІ топ – әпке

 

(әр топқа сөз беріледі)

 

5) Диалог құру «Менің отбасым»

 

ІІІ. Сабақты бекіту. Рефлексия
- Еліміздің Отаны – Қазақстан. Ондағы барлық халық өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүруде.
 
- Ал еліміз жөнінде қандай тілек айтар едіңдер?

 

- Тілектеріңді күзгі жапырақтарға жазып, құмырыға жапыстырыңдар.

 

- Отбасымызға тілеген жақсылық Отанымызға да арналады. Сондықтан «Отан – отбасынан басталады» деген сөзді естеріңде сақтаңдар. 

 

Адамға өмірде ең қымбаттысы-отбасы. Отбасында  сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады

 

ІV. Үйге: мәтінді мазмұнын айту, сөздерді жаттау

  1. Бағалау

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения