Сабитова Алия Даулетжановна
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Северо-Казахстанская область, город Петропавловск
11.01.2015
0
883
4

Қазақ тілінен ашық сабақ "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік сайысы





«ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ

Камила: - Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «ХХ ғасыр көшбасшысы» сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

ХХ ғасырдың ұлы жемісі – қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата- бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз – ұлттық рухты көтеру, халқымыздың аса бай рухани қазынасы – ана тілімізді ардақтау.

Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет – ғұрыптары, дәстүрлері бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі өте бай, көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру әр азаматтың парызы.

Сондықтан  ортамызға бүгінгі сайыскерлерімізді шақырамыз. Олар тілді сүйемін, білемін, үйренемін, ойға түйемін деген мақсатпен келіп отыр.

 

Сайыстың шарты:

Ø1 кезең      БӘЙГЕ

Ø2 кезең      ПОЛИГЛОТ

Ø3 кезең      ҒАЖАЙЫП АЛАҢ

Ø4 кезең      ЖОРҒА

 

1 кезең БӘЙГЕ: қолдарыңыздағы таңбаларды көтеріп, сұрақтарға жауап береміз, әр жауап берген сұраққа 5 ұпай.

1.     Қазақстан Республикасының астанасы?

2.     Қазақстан қашан тәуелсіздік алды?

3.     Қазақстан Республикасының рәміздерін ата

4.     Астана қай өзеннің жағасында орналасқа?

5.     Қазақ  тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім ұшты?

6.     Заттың қимылын білдіретін сөз табы

7.     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы кім?

8.     Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу тойы?

9.     Әнұран қайырмасының бірінші жолы

10.                       Қазақстанның астаналарын ата

 

2 кезең ПОЛИГЛОТ. Жұмбақтарды шешуін тауып, үш тілде айтуыңыз керек. Әр жауап 10 ұпай.

1.     Екі ағайынды,

Екеуі де бір үйде,

Бірін-бірі көрмейді.

(Көз – глаза - ...)

2.     Асқар тауда қара орман.

(Шаш – волосы - ...)

3.     Өзі сондай аппақ

Жесең оны тәтті –ақ.

(қант – сахар - ...)

4.     Ти, ти десем тимейді,

Тиме десем тиеді.

(Ерін – губы - ...)

5.     Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады.

(аю – медведь - ...)

6.     Айдалада ақ отау,

Аузы – мұрны жоқ отау.

(жұмыртқа – яйцо - ...)

 

3 кезең       ҒАЖАЙЫП АЛАҢ(бір саланы таңдайсыз)

 

1.     Қазақстан тарихы:

20 – Қазақстанда неше облыс бар? (14)

30 - Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды? (1996 жылы 24 қаңтарда)

40 - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі кім? (С.С. Біләлов)

2.     Қазақ тілі:

20 - Заттың атауын білдіретін сөз табы (зат есім)

30 - Көптік жалғауларын ата

40 - Қатаң дыбыстарды ата

3.     Мақал-мәтелдер

20 - ... оттан да  ыстық (Отан)

30 - Өзін-өзі білген ер бақытты, ... (Өзін-өзі билеген ел бақытты).

40 - Где богата земля,

там и народ богат. (Жері байдың – елі бай)

4.     Жұмбақтар

20 - Асты тас,

Үсті тас,

Ортасында жанды бас. (тасбақа)

30 - Тақиям толған сөк,

Ерте тұрсам дым да жоқ.

(Жұлдыз)

40 - Судан алады,

Суға салса өледі. (Тұз)

 

4 кезең      ЖОРҒА соңғы екі сайыскер жарысы.

І сайыскер:

1.     Жылдан құр қалған жануар.

2.     СҚО орталық қаласы.

3.     ҚР-ның мемлекеттік тілі.

4.     Басты байлық.

5.     12 ай.

6.     СҚО әкімі.

7.     Көру мүшесі.

8.     12+2=?

9.     Зат есімнің көпше түріне мысал келтір.

10.                       Әндіі орындаушы адам.

ІІ сайыскер:

1.     Жылбасы не?

2.     Петропавл қаласықай өзеннің жағасында орналасқан.

3.     ҚР-ның ұлтаралық тілі.

4.     Есту мүшесі.

5.     Петропавл қаласы қашан қаланған.

6.     Сен қай мектепте оқисың.

7.     8+2=?

8.     Зат есімнің жекеше түріне мысал келтір.

9.     Сурет салушы адам.

10.                        7 күн.

 

Камила:      Сайыскерлер ойынын,

                    Тамамдадық біз бүгін,

                    Әділқазы береді,

                    Дұрыс, әділ шешімін.

 

 

Камила: Көрермен қауым, ықылас қойып тыңдағандарыңызға рақмет. Мереке құтты болсын! Сау болыңыздар!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения