Сабитова Алия Даулетжановна
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Северо-Казахстанская область, город Петропавловск
11.01.2015
0
732
4

Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар "Қазақ сазгерлері"

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІК ЖОСПАР

 

Сабақтың тақырыбы

Қазақ сазгерлері         7-сынып

Мақсаты

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар туралы білімдерін толықтыра отырып, ерекшелігін айқындай білу, сөздік қорын молайтып, мәтінді өз сөзімен баяндай алу

Міндетері

Білімділік:

ü  Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар жайында ұғым қалыптастыра білу;

ü  Оларды тиімді пайдалана білу;

ü  Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар емлесін сақтай білу;

Дамытушылық:

ü  Тапсырмалар орындағанда буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды ажырата білу;

ü  Сөздік қорын молайту;

ü  Өзіндік бағалауға дағдыландыру:

Тәрбиелік:

ü  Топта бірлесіп жұмыс істеуге дағдалындыру;

ü  Өзара сыйластыққа, белсенділікке тәрбиелеу;

ü  Қазақ сазгерлерінің шығармашылығын құрметтеуге үйрету.

Оқыту нәтижесі

Тапсырмалар орындағанда буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды ажырата алады. Өз ойларын дәлелдей алады, сұрақтар құрастыра алады және ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Әдіс-тәсілдер

Демонстрациялау, ББҮ кестесі, ассоциациялық постер жасау, «Өзіндік ойын» әдісі, топтастыру, Венн диаграммасы, шығармашылық жұмыс, «Тұжырымдамалық карта» әдісі

Бағалау

«Қазақ сазгерлерін білеміз бе?» бағалау парағы

 

Уақыты

 

Ресурстар

Сабақтың мазмұны:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

3 мин

Суреттер, үлестірмелі қағаздар, слайд

Амандасу. Сабақты ұйымдастыру мақсатында шаттық шеңберін ұйымдастыру, суреттер мен үлестірмелі қағаздарды пайдаланып топқа бөліну.

(Интерактивті тақтада атақты сазгерлердің шығармалары жазылады, оқушылар таңдаған үлестірме қағазға қарай топқа бөлінеді).

І топ: Құрманғазы Сағырбайұлы, күйлері: «Алатау», «Сарыарқа», «Адай», «Ақсақ киік», «Балбырауын».

ІІ топ: Дина Нұрпейісова, күйлері: «Байжұма», «Бұлбұл», «Науаи», «Қарақасқа ат», «Жігер».

ІІІ топ: Ахмет Жұбанов, шығармалары: «Қарлығаш», «Ақ көгершін», «Ұмытпа», «Ақ Шолпан», «Ария», «Көктем»

Оқушылар көңіл-күйлерін көтеріп, топқа бөлінеді.

5 мин

Слайд,

сұрақтар жазылған

Үй тапсырмасын қайталау үшін сұрақ қою арқылы тексеру

 

Әр түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап бере отырып, үй тапсырмасын қайталайды.

2 мин

Теледидар, бейнетаспа

Қазақ сазгерлері жайында мәлімет көрсетіледі. Берілген мәлімет бойынша сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы ашылады (демонстрациялау)

Бейнетаспаны көреді, сабақ тақырыбын ашады.

1 мин

«Қазақ сазгерлерін білеміз бе?» бағалау парағы

«Қазақ сазгерлерін білеміз бе?» деген бағалау парағы таратылады. Әрбір тапсырмалар сайын бағалау парағы бойынша оқушылар өзін-өзі бағалап отырады.

«Қазақ сазгерлерін білеміз бе?» деген бағалау парағымен танысады. Бір-бірін бағалап отырады.

6 мин

Үлестірме қағаз, сөздік дәптер, жұмыс дәптері, интернет желісі, электрондық сөздік

Әрбір топқа өз тобының тақырыбына байланысты мәтіндер таратылады. Оқушылар мәтінді оқып, сөздік жұмысы жүргізеді. ББҮ кестесін толтырады. (мәтінді оқып шығады, таныс сөздерді білемін бағанына, өзі іздеп тапқан, танысқан сөздерді білдім және аудармасын білгенмен мағынасын түсінбейтін сөздерді үйренгім келеді бағанына жазады).

Оқиды, сөздік дәптерге жазады, жаңа сөздерге синоним сөздерді і.

10 мин

Үлестірме қағаз, ватман қағаздар, маркерлер

Үлестірме қағаздағы мәтінді оқыту, мәтінді топ ішінде талқылатып, басқа топтарға постер арқылы түсіндіреді

Диалог арқылы жұпта, топта талқылау. Топ болып тақырыпты түсіндіру.

2 мин

Стикер, маркерлер

«Өзіндік ойын» әдісі. Әрбір топқа тақырып бойынша жауаптар беріледі. Оқушылар басқа топтарға сұрақ қояды.

 

Берілген тақырып бойынша сұрақтар құрастырады және басқа топқа сұрақ қояды.

5 мин

АКТ

 

Әрбір топқа берілген мәтіндерді асты сызылған сөздер болады, осы сөздерді оқушылар фонетикалық жағынан сипаттайды. Ерекшелігін анықтайды.

Буын үндестігі бойынша бар білетін ақпаратты топтастырады.

 

Асты сызылған сөздерді фонетикалық қасиеті жағынан сипаттайды. Буын үндестігі бойынша ақпаратты топтастырады.

2 мин

Үлестірме қағаз

Оқушыларға үлестірме қағаздар таратылады, қағазда буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларға мысалдар беріледі, осы мысалдар арқылы топтастыруды толықтырады.

Топтастыруды толықтырады.

4 мин

Дәптер, қалам

Венн диаграммасы.

шығармашылық және өнерпаздар сөздерінің ұқсастығы мен айырмашылығын дәптерге жазады, топ болып қорғайды

Еске түсіру арқылы екі сөздің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.

5 мин

Ватман, маркер

Шығармашылық жұмыс: Мәтін бойынша «Тұжырымдамалық карта» дайыңдайды.

Қазақ сазгерлері

Сыни ойлану арқылы шығармашылық қабілетін көрсетеді.

1 мин

 

Үй жұмысы: 3-тапсырма, 136 бет, оқулықтағы сөздікті пайдаланып, буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді тауып, дәптерге жазып алу.

 

1мин

Бағалау парағы, Кері байланыс ағаштары

Бағалау парағы бойынша бағалау.

Сабақтан алған әсерімен кері байланыс арқылы бөліседі.

Кері байланыс: «Алма» ағашы – сабақты меңгеріп, жеміс алғаны; «Бәйтерек» ағашы –сабақтан  алған әсері; «Тікенек» ағашы – жағымсыз эмоция.   

Бір-бірін, өз-өзін бағалайды. Сабақты меңгерсе «Алма» ағашына алма-стикеріне, жақсы әсер алса «Бәйтерек» ағашына жапырақ-с

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения