Аязбаева Анар Рахматуллаевна
Должность:учитель начальных классов с казахским языком обучения
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:г. Астана
10.01.2015
0
1154
2

Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ "Хайуанаттар дүниесі"

 

 

Астана қаласы № 31 мектеп-гимназиясы

 

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі: Аязбаева Анар Рахматуллаевна

 

 

 

4 сынып

 

Әдебиеттік оқу

 

Сабақтың тақырыбы:    Хайуанаттар дүниесі. Бейсебай Кірісбаев

 

Сабақтың мақсаты:

 

-         Сынып оқушыларының төрт түлік мал, мал шаруашылығы және малшының тұрмыс-тіршілігі туралы алған білімдерін тиянақтау, толықтыра түсуге жағдай туғызу.

 

Сабақтың міндеті:

 

-         Тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту арқылы сөйлеу тілдерін дамыта түсу.

 

-         Төрт түлік малды құрметтеуге, малшы еңбегі мен ауылшаруашылық еңбектің құндылығын сезіндіру арқылы ұлттық тәрбиеге бейімдеу.

 

Әдіс-тәсілдері:  сұрақ-жауап, көрнекілік,  ішінара  іздену,  салыстыру  

 

Сабақтың көрнекілігі: төрт түлік малдың суреттері, төрт түлік малға арналған ырым-тыйымдар жазылған плакаттар, интерактивті  тақта,  слайдтар,  оқулық

 

Сабақтың барысы:                         

 

І    Ұйымдастыру

 

Күлімде, күн, күлімде.

 

Жер жасарып, көгерсін!

 

Кешегідей бүгін де

 

Қанат қақсын көгершін!

 

Күлімде, күн, күлімде,

 

Бүлдіршіндер қуансын.

 

Қырдың көкшіл түгіндей

 

Қолдарына ту алсын!

 

Күлімде, күн, күлімде,

 

Күлсін барлық бала шат!

 

Берекелі бүгіндей

 

Бейбіт болсын болашақ!

 

ІІ    Үй тапсырмасын нақтылау

 

-         Домалақ ананың қасиеті туралы не айта аласыңдар?

 

-         Әңгімеде жылқы малының қандай қасиеті байқалады?

 

І. Қызығушылықты ояту.

 

Келеді бір жануар,                          Басында  таяғы бар,

 

Үстінде бір тауы бар.                     Төрт аяғы бар.

 

                            (түйе)                    Егіз құшағы бар,

 

Көкке шаншып  құйрығын,            Иегінде сақалы бар.

 

Келеді шауып жүйрігім.                                                    (ешкі)

 

                            (жылқы)

 

Басында мүйізі бар,

 

Үстінде киізі бар.

 

                           (сиыр)

 

Кішкене ғана бойы бар,

 

Айналдырып киген тоны бар.

 

                                            (қой)

 

Топтардың пікірін тыңдау.

 

 «Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі» деп тізбектеледі.

 

Сұрақ-жұмбақ

 

Ел көркі — мал, өзен көркі— тал

 

Бір түлікке бай болғанша,
Әр түлікке сай бол.

 

Түлік — төлден өседі.

 

Малдың жайын баққан білер,
Оттың жайын жаққан білер.

 

Осы мақалдардың мағынасын ашып береді.

 

 

 

Әңгімелесу

 

1.      Мал шаруашылығының  пайдасы.

 

2.        Ауыл  шаруашылығы  министрін  білеміз бе?

 

3.        Қазақстанда  мал  шаруашылығына  қандай    қолдау көрсетіліп жатыр?

 

1.      Ауыл шаруашылығы министрімен  таныстыру

 

АСЫЛЖАН САРЫБАЙҰЛЫ МАМЫТБЕКОВ

 

1968 жылы 17 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында дүниеге келген. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын бітірген.

 

2011 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі.

 

2.        Қазақстанда  мал  шаруашылығына  қандай   қолдау көрсетіліп жатыр?

 

 

 

     АӨК-ті 2014 жылға дейін дамытудың салалық бағдарламасына жемазық дақылдары егіс алаңдарын кеңейту бойынша шаралар қарастыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарлануда

 

Шалғайдағы мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту жоспарлануда.

 

Бірінші кезеңде шахталық және дөңгелек құдықтар қалпына келтірілетін болады, екіншісінде жайылымдарды жақсарту   жүргізілетін болады.

 

Сергіту сәті:

 

Жүнім менің сабалақ

 

Барақ итпен бірдеймін.

 

Бірақ та мен абалап,

 

Көрінгенге үрмеймін.

 

Бөрідейін тиемін

 

Бөрілерге азулы.

 

Ал ыкылас-ниетім

 

Көкейімде жазулы.

 

Төрт түлік малға иттің катысы жайлы.

 

1.      Автормен  таныстыру

 

Бейсебай Кірісбаев(1955-2003)

 

    12 қыркүйекте туған. 1974— 1975 жылдары Ақсу аудандық (Талдықорған облысы) «Өмір нұры» газетінде әдеби қызметкер болды. 1980 жылы Қазақ мемлекеттік  университетінің журналистика факультетін бітірген. 1980—1982 жылдары республикалық «Білім» қоғамының баспа бөлімінде кіші редактор қызметін атқарды. 1982—1985 жылдары «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінің әдебиет және өнер бөлімінде жұмыс істеді. 1985—1992 жылдары «Балдырған» журналының бөлім редакторы, 1992 — 2003 жылдары бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.

 

     «Тамшы» атты алғашқы жинағы 1979 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген. 1982 жылы «Алты әзілкеш» («Жалын», 1982) атты ұжымдық жинаққа топтама өлеңдері енген. «Аппақ бақ-бақ» («Жалын», 1984), «Адамша кел» (топтама, «Жалын», 1991), «Кілтипан» («Жалын», 1992), «Ықылық» («Жазушы», 1998), «Жаңылтпаштар» («Балауса»,1998) кітаптарының авторы.

 

ІІ. Мағынаны тану.

 

Топпен  жұмыс

 

Ақ қағазға маркермен тізіп отырады. Өлеңді әр топ өздеріне бөлінген шумақтарын мәнерлеп оқиды.

 

ІІІ. Ойтолғау.

 

Тыйым  сөздер

 

 

 

Малды теппе, ақты төкпе.

 

Малды  басынан  теппе.

 

Малға  теріс  мінбе.

 

Түйенің  астынан  өтпе.

 

Топта жүмыс.

 

1- топ.  Ойсылқара.  Түйенің төлі, пайдасы мен  зияны. Эссе жазу.

 

2-топ.    Зеңгібаба. Сиырдың төлі, пайдасы мен зияны. Өлең жазу.  

 

3-топ.   Қамбарата. Жылқының төлі, пайдасы мен зияны. Сурет салу.

 

4-топ.   Шопан ата. Шекшек ата.  Қой мен ешкінің пайдасы мен зияны. Мүсіндеу .

Оқушылардың шығармашылық жүмыстарын тыңдау.

Үй  жануарлары мен дала жануарларын  «Венн диаграммасымен»  салыстыру 

Сабақты қорытындылау.

 

1.      Білгім келеді

 

2.      Мен үшін жаңа

Не білдім 

 

1.      Маған ұнады

 

2.      Не үйрендім

 

Үйге тапсырма.   Түліктердің жастарына қарай атауларын  жазып келу.  

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения