Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
03.05.2012
2
5587
0

«Қиын бала» дегеніміз кім?

Год: 2012

Страна: Казахстан

Ембергенова Әсем Салауатовна

№262 мектеп-гимназия мұғалімі
Қызылода облысы, Арал ауданы

«Қиын бала» дегеніміз кім?

Осы бір сұрақ көптеген ата-ана мен педагогтарды және жалпы жұртшылықты жиі толғандырады, әрі оған бір-екі ауыз сөзбен жауап бере салу жеткіліксіз. Өйткені, баланың «қиын» аталуы аз ғана уақыттың нәтижесі емес.

Әдетте, бала мектепке дейінгі және оқу кезеңдеріндегі өсу, даму эволюциясынан өтеді. Сол кездерде жанұядағы тәрбиеде кеткен кемшіліктер мен оқу-тәрбие жұмысындағы ақаулар ұштасып, баланың қалыпты жағдайдан ауытқуына себепші болады. Атап айтқанда, ересектер тарапынан баланың саналы деген талап-тілек, мұқтаждықтарын өнегелі тұрғыдан ескермеу, олардың жас мөлшері мен балалық психологиясына көңіл бөлмеу сияқты кемшіліктер байқалмай кетіп жатады.

 

Әсіресе, отбасында қалыптасқан микроклимат (жанұя мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасы, үй тіршілігін әрқайсысының шама-шарқына қарай бөлісіп атқаруы, адамгершілік қадір-қасиеті, қоршаған ортаға көзқарасы, дүниетанымы, олардан алатын әсерлері мен күнделікті әдет-дағдылары) баланың мінез-құлқының жақсы не жаман болып өсуіне көп ықпал етеді. Өкінішке орай, жанұя біткеннің бәрі бірдей ойдағыдай емес. Дұрыс жанұя болса да, бала тәрбиесіне қырағылық жасай алмай қалатындары да кездеседі. Біраз жанұяларда мораль принциптеріне сай келмейтін жағымсыз қылықтар орын алады. Ендеше, қиын баланың пайда болуындағы объективтік және субъективтік факторлар ретінде мынадай  себептерді айтқан орынды. Біріншіден, білім мен мәдени өресі төмен ата-аналар ішкі жан-дүниесіне үңілмей, педагогикалық заңдылыққа сыймайтын талап –тілек қояды, әрі оны сөзсіз орындауын талап етеді. Бұл жердегі қателік балаға қойылған талаптың оның жасына, қабілетіне, іскерлігіне, мүмкіндігіне сай келу-келмеуін ескермеуде. Соның салдарынан бала жанұя ортасында адамгершілік қадір –қасиеттері мен эстетикалық сезім-талғамдары, логикалық ой өрісі жағынан өмір талабына сай өріс ала алмайды. Оған дәлел, педагогикалық зерттеулердің қорытындысы бойынша үнемі ұрыс- жанжал, төбелес, бірін-бірі жәбірлеу кездесіп тұратын жанұяларда өскен балалардың 40-43 пайызы, ішімдік орын алған ортада өскен балалардың 30 пайызы, жезөкшелік пен моральға қайшы әдеттермен айналысатын ата-ана өсірген балалардың 12 пайызы «қиын бала» аталады. Оларға тән қасиеттер – дөрекілік, қатыгездік, ұрлық, жалқаулық, қиқарлық, тағы басқа жағымсыз мінездер.

Көптеген ата-аналар өндірістік еңбектен бала тәрбиелеуге қолы босамайтынын, уақыт аздығын сылтау етеді. Соны желеу ететіндердің  көпшілігі баласының кешкісін және бос уақытында немен айналысатынын, кімдермен бірге жүретінін біле бермейді. Елімізде еңбекпен айналыспайтын адам кемде кем, өндірістік міндетін атқара жүріп тәрбиелі, іскер, білімді, мәдениетті ұрпақ өсірген ата-аналар да мыңдап саналады. Олардан үйренетін жақсы дәстүр – баланы жасынан өзі қызығатын нәрсеге қарай баулып, бос сенделуге жол бермеуі (музыка, спорт, түрлі үйірме жұмыстары), әрі үйдегі үлкенді-кішілі мәселенің бәріне баланы араластырып, ортақ мүдде үшін міндеттілікке, жауапкершілікке тәрбиелеуі.

Баланың жас ерекшелігіне мән берудің зор маңызы бар. Олардың 13-14 жасқа аяқ басқандағы бір ерекшелігі, жора-жолдастарымен оңаша сұхбаттасуға, әсіресе кешке қарай қыдыруға әуестігі басталады. Сондай сәтте жолдастары кім, қай жерде болады, немен айналысады, түнге қарай мектеп режимінде белгіленген уақыттан аспау сияқты тәртіпті ескермеген ата-анаға баласын уысынан шығарып алу қиын емес. Ал бетімен жүрген, әсіресе түн жарымға дейін көше торыған қаңғыбастар қоғам, заң тәртібін бұзуға бейім келеді, немесе баланың сондайлардың ықпалына тез түсуі де ғажап емес.

 

Педагогикалық зерттеу мақсатымен ата-аналарға кешкісін баласының немен айналысуы жайында анкета жаздырғанда олардың 54 пайызы түнде баласының қайда жүретінін білмейтінін, 46 пайызы кешкісін жұмыстан шаршап келуіне байланысты баланы күнделікті қадағалауға мүмкіндігі жоқтығын мойындайды. Ал «қиын» бала ретінде есепке алынғандардың бос уақытын қалай өткізетінін сұрағанда, үй шаруасына көмектесетіндері 5, сабақ әзірлейтіндері 3, спортпен айналысатындары 1,5, театрға баратындары 13, көркем әдебиет оқитындары 9, кино көретіндері 64, бұзықтық жасайтындары 3 пайыз болып шықты. Мектептегі оқу бағдарламасына ілесе алмай, үлгермеушілер санын көбейтетін оқушылардың 85 пайызы осындай «қиын» балалар екені анықталды. Сондай-ақ, жанұя жағдайында баланың күн режимі дұрыс ұйымдастырылмауы, сабаққа әзірленуге мүмкіндік жасалмауы да үлгермеуге себепші болады.

 

Скачать урок

kiyn-bala.rar [1,75 Mb] (cкачиваний: 136)

Комментарии пользователей /2/
nikitosssiitt@gmail.com | 22 мая 2012 04:09
Всем привет!Отличная погода сегодня! Настроение просто супер!Давайте поболтаем

Всем привет!Отличная погода сегодня! Настроение просто супер!Давайте поболтаем
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения