Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
03.05.2012
0
4310
0

Жасөспірімдердің сенімді мінез-құлқын дамытуға арналған тренингтік жаттығулар

Год: 2012

Страна: Казахстан


 

Қызылорда облысы,  Арал ауданы

№262 мектеп-гимназиясының психологы

 Ембергенова Әсем Салауатқызы

 

 Жасөспірімдердің сенімді мінез-құлқын дамытуға арналған тренингтік жаттығулар


 Әдістеме түрі: тренингтік жаттығулар

 Тренингтің міндеттері:

Сенімді мінез-құлық пен өзін-өзі реттеу дағдыларын жетілдіру;

Ішкі тұрақтылық сезімі мен өзіне деген сенімділікті қалыптастыру мақсатында тренингке қатысушы тұлғасының күшті және әлсіз жақтарын жан-жақты талдау;

Жағымды «мен» бейнесін құруға бағытталған психотехникалық тәсілдерді меңгеру. 

 

Қатысушылар: 9 сынып оқушылары

 

 

 

Барысы:

 

Өз мінез-құлқыңызды адекватты түрде бағалауға, өз-өзіне сенімді болу және өзіне сенбеу сияқты сапаларға көңіл аударуға үйренген жөн. Сенімсіз мінез-құлық адамға зиян келтіреді, өзіне сенбейтін адам кінәні сезіну және әлеуметтік біліктіліктердің жетіспеуі салдарынан өз сезімдерін тысқа шығармай, тұншықтырып тастайды деуге болады. Сенімді мінез-құлықты сенімді емес және агрессивті мінез-құлықтан ажырата білу қажет. Агрессивті адам үстем болу арқылы басқалардың құқығын бұзады. Агрессивтілік өзін-өзі құрметтеуге негізделмейді және өз өмірін қадағалау мүмкіндігін арттырады.

Өзіне сенімді адам белгілі бір құқыққа ие екендігін біледі, өз сезімдерін, тілектері мен қажеттіліктерін нақты анықтап, айқын түрде көрсете алады. Ол басқа адамдармен «тең құқылы» қатынас орната біледі. Жалпы айтқанда, өзіне сенімді адам өз «Менінің» қажеттіліктерін іске асыруға құқылы екендігін біледі және оларды іске асырудың тәсілдері мен  формаларын меңгереді, басқа адамдардың позициялары мен мәртебесін құрмет тұтады.

Сенімді мінез-құлықтың бірқатар ерекшеліктері бар:

Сөйлеудің эмоционалдылығы, сезімдерін ашық білдіре алу.

Өз пікірін өзгелерге жалтақтамай тура және әділетті түрде айта білу.

Мен есімдігін қолдану, айқын емес тұжырымдарды желеу етудің жоқтығы.

Мадақтауларды, өз күштері мен сапаларын жете бағаламауды қабылдай білу.

Сезімдері мен қажеттіліктерін еркін білдіру ретіндегі импровизация.

Төмендегі тренингтік жаттығулар арқылы сенімді мінез-құлық дағдыларын жетілдіруге болады:

 

 

 

«Үш есім» жаттығуы

 

Мақсаты:

өзіндік рефлексияны дамыту;

өзін-өзі тану бағдарын қалыптастыру.

 

Әрбір қатысушыға үш үлестірме қағазы таратылады. Бұл қағаздарға ол өзінің есімінің үш нұсқасын жазу керек (мысалы, сізді туысқандарыңыз, қызметтестеріңіз және жақын достарыңыз қалай атайды). Әрі қарай топтағы әр қатысушы осы есімді қолдана отырып, аталмыш есімге сай келетін немесе осы есімнің тууына себепші болған өз мінезіңіздегі ерекшелігін сипаттай отырып өзін-өзі таныстырады.

 

«Мақтану» жаттығуы

 

Мақсаты:

  1. өзін-өзі ашу дағдыларын қалыптастыру;
  2. топ алдында сөйлеу, өзін көрсету дағдыларын жетілдіру.

 

Қатысушылар шеңбер құрып отырады және оларға тапсрыма беріледі (дайындалуға 2-3 минут). «Әркім топ алдында өзінің қандай да бір сапасымен, біліктілігімен, қабілетімен мақтануы, өз бойында бағалайтын күшті жақтары жайлы айтуы тиіс».

Сөйлеуге 1 минут уақыт беріледі.

Топ қатысушыларының барлығы сөйлеп болған соң, жаттығуды орындау барысында пайда болған сезімдерді талқылау жүреді.

 

«Бәріне ортақ зейін» жаттығуы

 

Мақсаты:

  1. Қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдарын ұштастыра білуді дамыту;
  2. Қарым-қатынас құралдары арқылы қоршағандардың зейінін аудару дағдыларын қалыптастыру.

 

Ойынға қатысушылардың барлығына қарапайым бір тапсырманы орындау жүктеледі. Физикалық әрекеттерге жүгінбей, кез-келген құралдар арқылы қоршағандардың зейінін өзіне аудару керек. Барлық қатысушылар бұл тапсырманы бір мезетте орындайды. Соңында кім, қандай құралдар арқылы басқалардың зейінін өзіне аудара білгендігі талқыланады.

 

Жаттығуға 15 минут уақыт беріледі.

 

«Шеңберге кіру» жаттығуы

 

Мақсаты: топтық бірлікке ынталандыру; эмоциялық күштенуді түсіру.

 

Топ мүшелері бір-бірінің қолдарынан ұстап, тұйық шеңбер құрады. Алдын-ала жүргізуші алдыңғы ойын қорытындыларына сүйеніп, топтың қай мүшесі топқа ене алмай қалғандығын анықтайды және оған жаттығуды бірінші болып орындауды, яғни, шеңберді жарып, ішіне өтуді ұсынады. Дәл осылайша әрбір қатысушы ойнайды.

Тренингтік жаттығуларды жүргізіп болған соң, жалпы қорытынды жасалады. Онда әр қатысушының сұрақ-жауап алмасуы жүреді, сұрақтар тізбегін топ құрастырады.

 

Мысалы,

өзін-өзі тануда, өзін-өзі ашуда мен қандай қиындықтарға тап болдым?

Бұл кезде мен қандай сезімді бастан кешірдім?

Менің өз-өзімді іске асыруыма нелер кедергі келтіреді? т.с.с.

 

Пікір-талас біткен соң мынадай екі сұрақ тобына жауап беру арқылы шығармашылық түрде қорытынды кешенді жазбаша (немесе ауызша) талдау жұмысын жүргізуге болады;

тренинг барысында мен неге қол жеткізе алдым (неге жеткізе алмадым);

тренинг барысында өзара рефлексия кезінде (тренермен) маған ұнағаны… (ұнамағаны…).

 

Скачать тренинг

zhassprmderd-senmd-mnez.doc [39,5 Kb] (cкачиваний: 102)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения