Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
03.05.2012
0
5045
1

ЕРЛІК ӨНЕГІСІ–ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ҚҰРАЛЫ

 

Год: 2012

Страна: Казахстан

 Ембергенова Әсем Салауатовна

№262 мектеп-гимназия мұғалімі
Қызылода облысы, Арал ауданы

ЕРЛІК ӨНЕГІСІ – ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ҚҰРАЛЫ

 

Жас ұрпақ – біздің өмірімізді жалғастырушы ғана, еліміздің мызғымас болашағы. Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім өз-өзінен қалыптаспайды, ол оқу-тәрбие үдерісінде мемлекеттік саясат негізінде жүргізілуі керектігін бүгінгі заманның өзі талап етіп отыр. Оқушыларды елжандылыққа, өз Отанының адал азаматы болуға, ұлттық, халықтық тұрғыда тәрбиелеудің маңызы зор. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев: «Біз демократия мен нарықтық экономиканы принципті түрде сақтаймыз. Алайда әр қоғамның өз ерекшелігі бар, діни, тарихи қасиеттерге ие. Ал енді бұны кімде-кім түсінбесе, жақындық және рухани тұрғыда өз халқының мәдени кейпінде болмаса, онда ол өз тамырын ғана жоғалтып қоймайды, сонымен бірге одан кез келген басқа мәдениет теріс айналады. Бұл – тура мағынасындағы мәңгүрттікке бастайтын тура жол»,- деп, қоғам үшін де, ұлт үшін де аса маңызды мәселе жөнінде орнықты пікір айтты. Бұл – бүгінгі күнде өз тәуелсіздігіне қол жеткізген Қазақстан үшін өз келбетінен айырылып қалмау мақсатындағы өзекті де өткір пікір.   Қазақстанның мектеп оқушыларына этностық ерекшеліктерімізді, халқымыздың тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін насихаттау жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің жолы болып табылады.

Қазақ халқының тарихында күнделікті өмірін, қоғам дамуымен бірге кешіп, әдеби, мәдени мұраларын ел мүддесімен ұштастырып отырған. Ертеде әжеміз бесік тербеткенде бесік жырын айтып, нәрестенің болашағына болжау жасап, көкірегіндегі көрікті сөзбен арман – мақсаттарын әрлеп жеткізуші еді. Батыр болар, ақын болар, шешен болар ұрпағын ерте танып, келешегінен үлкен үміт күтіп, тілек айтқан. Одан өсе келе батыр бабаларының қайсарлығын, ерліктерін немересіне бала тілімен ертегі етіп жеткізу арқылы баланы елжандылыққа, қайсарлыққа, намысшылдықа баулыған. Бесікте бастау алған тәрбие отбасының, халқының, атамекенің, намысын қорғау, ата-бабасының тері сіңген атамекенің сүю сияқты ізгі адамгершілік қасиеттер тәрбиесі баянды жалғасын тауып, жемісі үзілмей, жеткіншек санасына сынадай сіңе беретін. Осы бір желілі үрдіс біздің маңдайымызға жүрегі елім, жерім деп соққан арыстай азаматтарды сыйлады. «Отан үшін жан пида» дей білетін қайсар жүректі батырлар тату етті. Исаттай мен Махамбеттей тарландарды Абылай мен Кенесарыдай айбарларымызды халық, халықтың тәлім – тәрбиесі тудырды.

Сан ғасырдан бері қазақ халқының тәрбие жөніндегі өнегелі сөздері мен істері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі отансүйгіштік сезімнен бастау алады. Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын өскелең ұрпақты  тәрбиелеуде  халқымыздың ғасырлар бойғы жинақталған тәрбие әдістерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қабілеттерді олардың бойына дарытты. Осылардың бәрі адамзат тәрбиесінде патриотизмнің қандай рөл атқаратындығын көрсетеді.

Қазақ халқы қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен елдігін сақтап қалу үшін күресе отырып, туған елге, кіндік қаны тамған қасиетті жерге деген махаббатын ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп беріп отырды. “Туған жер” ұғымын бала бойына ерте сіңіруге тырысып, оны Отан, ел-жұрт ұғымдарымен байланыстырып отырған. “Отан от басынан басталады”, “Отан оттан да ыстық”, “Елің үшін отқа түс күймейсің” деп тәрбиеленетін қазақ баласы үшін Отан - отбасынан, ата-жұртынан, туып өскен топырағынан басталады.

Қазақ елінің  ғасырлар бойы қалыптасқан отансүйгіштік тәлім-тәрбие дәстүрлерін, әдістері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі оқушы тұлғасын тәрбиелеуде оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды  қолдану – уақыт талабы. Тарихты парақтасақ, қазақ патриотизмі ерте кезден бері қалыптасты. Оның дәлелі, халықтық мәнге ие мол рухани мұра - түркі халықтарына ортақ тас ескерткіштеріндегі (Орхон-Енисей жазулары) тағылымдарда,  орта ғасырлар ойшылдары (Махмұд Қашқари,  Жүсіп Баласағұн,  Ахмет Ясауи) мен жыршы-жыраулардың (Асан Қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Махамбет, т.б.), қазақтың ағартушы-гуманистерінің (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбайұлы, т.б.) және КСРО-ның алғашқы жылдарындағы қоғам қайраткерлерінің (А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б.) ой-пікірлерінде көрініс табады.

Орта мектептің оқу-тәрбие үрдісіндегі отансүйгіштік тәрбие мәселесіне қатысты латыш ғалымы Ф.Ф.Лоюк өзінің «Ерлік-патриоттық тәрбие арқылы жоғары сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарға қабілетін дамыту» деген ғылыми диссертациясында ерлік-патриоттық құндылықтарға «Отанды сүюге, ерлік жасауға дайын болу, мақсатқа жете білуге, Отанды қорғауға әзір болу, Отанының тағдыры үшін азаматтық жауапкершілікті сезіну, ерлік, намыс, өжеттілік, т.б» жататынын атап өтеді [40, 18]. Сонымен қатар Ф.Ф.Лоюктің диссертациясында отансүйгіштік тәрбие беруде ерлік сабақтарын, ер балалар слетін өткізу, мектеп музейінің жұмысына қатысу және жасөспірімдерді әскери мамандықты таңдауға үйрету секілді мәселелер қарастырылады.

Қазақстандықтардың жауынгерлік, ерлік дәстүрлерімен тарихи тағылымымен таныстыру жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің негізі бола алады. Патриоттық сезімнің нысанымен қайнар көзі  Отан десек, оның мазмұны – туған жер, ұлттық тіл, ұлттық дәстүр, батыр бабалар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерін ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы бола алады.

 Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білгеқаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: “Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатындығын көрсетеді.

Туған халқымыздың өткен тарихынан отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт азаттық көтерілісін алып қарасақ , ондағы батырлардың ешқайсы бүгінгідей (кеңес дәуірдегідей) жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған. Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған. Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден, сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды.

«Өткен уақыт үнсіз мүлгиді, келер уақыт баяу жылжиды, ал бүгінгі күн құйындай ұйтқиды» деген қанатты сөз бар. Бұл үшін де парық-парасат, білім-білік, ерік-жігер керек емес пе? Ұрпағын сүйген баба ғана қасиетті, Отанның болашақ азаматына: «Тарихыңды зерделе, аға ұрпақтың саған деген аманаты – ерлік, тәрбие алар сәтіңді бос жіберіп, қапы қалма», - деген. Тарихты зерделеу арқылы біз ұрпағымызға Отанымыз бен халқымызға шексіз берілгендік, қаһармандық патриотизмнің шынайы сабақтарын аламыз.

Егер тәрбиелік идеал теориясы негізінде қазақ батырларының қаһармандық бейнесі жан-жақты сомдалса, онда ол отансүйгіштік тәрбиенің негізгі құралы ретінде педагогикалық айналымға еніп, оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру үрдісінің сапасын арттырар еді, өйткені бүгінгі күн талабына сәйкес отансүйгіштік тәрбиенің  мазмұнын толықтырып, әдіс-құралдарын іріктеу қажеттілігі айқындалады.

Біздіңше патриотизм – ол өзінің туған жеріне, ана тіліне, мемлекетке деген сүйіспеншілік сезімі.

“Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам.

Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім.

Өткенін білмеген – халықтың қадірін білмейді, халық қандай жайды бастан кешірді, бүгінгі заманға қалай қол жеткізді? Халық өз тарихын жасау үшін тер төгіп, қанын сарп етті, азап шекті, тар жол, тайғақ кешуден өтті, жерін қорғап, елін сақтады – осының барлығын бүгінгі ұрпақ білуге, қастерлеуге тиіс.

 Тәуелсіздік – қазақ халқының сан ғасырлық арманы. Отанымыздың көгінде көгілдір туымыздың мәңгілік желбіреуі – тәуелсіздігіміздің арқасы.

 Тәуелсіздіктің туы өздігінен тігілген жоқ. Осы жолға жету үшін қанша тер төгілді? Тәуелсіз елдің еркін ұлты ретінде бойын түзеп, өзгелермен терезе теңестіру үшін, патриоттық, намысшылдық, сезімдерін қалыптастыру керек. Бір сөзбен айтқанда, елінің, жерінің өткенін сезінбей, оның ерлікке, адамгершілікке толы тарихын, өнерін жете ұғынбай отаншылдық сезімді ояту мүмкін емес. Сондықтан да өткен тарихты объективтік тұрғыдан саралап зерделеуге ұмтылу – заман талабы.Қазір біз ғасырлар тоғысында өмір сүріп отырмыз, яғни XXI ғасыр табалдырығын аттаған сәтіміз. Көш басын өркениет жолына біржола бұрған екенбіз, сол ұлы көшті адастырмай алға апарар ұрпағымыздың нұрлы болашағы мен бағыт бағдарын айқындап алғанымыз жөн.

Ойымызды нақтылай отырып, қазақ батырларының қаhармандық бейнесінің теориялық моделін ұсынамыз. Ол мақсаты, қағидалары, нормативтік негіздеулері, мазмұны, әдісі, құралдары және нәтижелерінен тұрады.

 

 

 

Мақсаты

 

Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру

 

 

Қағидалары

 

Батырлық, қаһармандық, отаншылдық, «Отан отбасынан басталады»,

«Ер бір сөзді» 

 

 

 

 


Мазмұны

Оқу үрдісінде

Тәрбие үрдісінде

Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, Қазақстан географиясы, Алғашқы әскери дайындық пәндері, «Ерлік дәстүрлері» факультативтік курсы

«Отантану» арнайы курсы, «Айбын» патриоттық клубы, «Қаһарман» әскери оқу жаттығу лагері, «Жігіт сұлтаны», КТК,   т.б.

 

 

Әдістері

 

 

Тест, сауалнама, рольдік ойындар, жаттығулар, т.б.

 

 

Құралдары

 

 

Батырлық жырлары, шежірелер, көркем шығармалар, тарихи әдебиеттер

 

 

Түрлері, формалары

 

Факультативтік сабақ, семинар сабақ, топсеруен, ғылыми конференция, т.б.

 

 

Нәтижесі

 

 

Отансүйгіштік қасиеті қалыптасқан тұлға

 

 

 

 

ТҰЛҒА

 

 

 

 

БІЛУІ ТИІС

ҚАСТЕРЛЕУІ ТИІС

АУЛАҚ БОЛУЫ КЕРЕК

Ана тілін, туған жер тарихын, шежіресін, Отан тарихын, туған өлке табиғатын, т.б.

Салт-дәстүрін, топырақты, қаһармандықты, ерлікті, қасиетті орындарды, батырлықты, мемлекеттік рәміздерді

Бес нәрседен, жеті пәледен, жаман әдеттен, жалқаулықтан, т.б.

 

 

 

ОТАНСҮЙГІШТІК САНА-СЕЗІМІ ЖЕТІЛГЕН ОҚУШЫ

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Дүйсенбаев А.Қ. «Қазақ батырларының бейнесі арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалқ шарттары» Атырау, 2006ж
  2. ғаламтор сайты - БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ. Б.Д. Тажикова
  3. «Ұлттың ортақ ұраны: Отан, Тәуелсіздік, тұрақты даму» Егемен Қазақстан Республикалық газеті 2006 жылы

 

Скачать

erlk-negs.doc [61,5 Kb] (cкачиваний: 62)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения