Дусаева Бекзат Бектурсыновна
Должность:учитель казахского языка
Группа:Посетители
Страна:Казахстан СКО Тимирязевский район
Регион:Северо-Казахстанская область
08.01.2015
0
1711
2

Қазақ тілінен сабақ жоспары "Мен жеті жастамын"

Қазақ тілі сабағы                                                                                                    1-сынып

Сабақтың тақырыбы:    Мен жеті жастамын

  Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды жастарына сәйкес сөйлете білуге үйрету, сандарды қайталау. Ө дыбысы мен әрпін меңгерту.

2. Сөздік қорын байыту. Лексикалық тақырып бойынша жіктік жалғауларын дұрыс қолдана алу арқылы сұрақ қою және жауап беру дағдыларын қалыптастыру.

3.Оқушыларды сыйластыққа, әдептіліккке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, түсіндіру, ойын

Сабақтың көрнекілігі: оқу құралы, суреттер, плакаттар, аудиотаспа

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

ІІ. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру.

Туған күндері жайлы сұрастыру.

Сенің атың кім? Бүгін кімнің туған күні?

 

ІІІ.Жаңа сабақ: Кітаппен жұмыс.

Жаңа сөз:  жас-возраст (лет)

Мұғалім сөздің лексикалық мағынасын түсіндіреді.

1.Суретке қара. Тыңда, қайтала.

Суретке қарап: Мен алты жастамын. Мен жеті жастамын сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен қайталайды. Аудиотаспадан қайталайды

2.Тыңда, қайтала. Үлгі бойынша сөйле.

-   Сен неше жастасың?

-   Мен алты жастамын.

-   Данил, сен неше жастасың?

-   Мен жеті жастамын.

3. Қайталау.

Мұғаліммен бірге саусақтарын санайды.

 

Ал санайық, санайық,

Сан сырына қанайық!

Бір саусақты жұмайық,

«Бір саны», - деп ұғайық!

Екі саусақ жұмайық

«Екі сан» - деп тынайық!

Үшіншісін жұмайық,

«Үш саны» - деп шығайық!

Тағы бірін жұмайық,

Төрт санына ылайық.

Жұдырықты жұмайық,

"Бес болды» - деп ұғайық.

Оң қолдың енді біреуін,

Тағы да ептеп жұмайық,

«Алты сан», - деп ұғайық,

Екіншісін жұмайық,

«Жеті сан» - деп ұғайық!

Үшіншісін жұмайық,

«Сегіз ғой» - деп тынайық!

Тағы бәрін жұмайық,

Тоғыз санға ылайық.

Жұдырықты жұмайық,

«Он болды» - деп ұғайық.

 

 

Оқушылар суреттегі сандарға қарап тағы да санап шығады..

 

4.Толықтырып айт.

Мен бес жастамын.  Сен алты жастасың.

Мен сегіз жастамын. Сен жеті жастасың.

Мен жеті жастамын. Сен төрт жастасың

 Оқушылар «мен» және «сен» жіктеу есімдіктерін және жіктік жалғауларын дұрыс қолдануға үйренеді.

 

 

Сергіту сәті
Тереңдет ойыңды,

Тiк ұста бойыңды.

Құстарға ұқсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап

 

5.Тыңда, қайтала.

Өө дыбысы және оның әрпі

1. Хормен айтқызу.
2. Жұппен айтқызу.
3. Жеке айтқызу.
 

Өмірбек, төрт, көл, өшіргіш  -  ө әрпі бар сөздерді үйренеді.

6.Сөздерді тыңда қайтала.

...мірбек,   т...ртк...л,  ...шіргішсөздеріне тиісті әріпті қойып, мұғалімнің көмегімен қайталайдыжәне қазақ тіліне тән ө дыбысымен танысады.

Ө әрпін ауада жазу
Ө әрпін тақтада жазу

Жазу дәптеріндегі 1,2 тапсырмаларда оқушылар жаңадан үйренген ө дыбысының әрпін жазуды үйренеді.

1.       Тапсырма. Кел, жазайық!  Дәптермен жұмыс
Ө әрпін көшіріп жазу арқылы көркем жазуға үйренеді..

      2.      Бастыр. Жаз.  Ө әрпінің салыну жолдарын басып жазу арқылы дәптерге жазу

Әә ,Ққ, Ғғ, ң, Іі, Өөоқушылар өткен қазақ тілінің төл дыбыстары мен әріптерін жазып шығады. Суреттегі текшелерді санату арқылы қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталайды. Қызыл текшелерде дауысты, ал көк текшелерде дауыссыз дыбыстардың берілгеніне, жуан және жіңішке айтылуына назар аударады.

Жаңа  сабақты қорытындылау.

Қандай әріппен таныстық?

Өө - дыбысы дауысты ма? Дауыссыз ба?

Сен неше жастасың?

Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.

 Балалар сау болыңдар!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения