Махмутова Лаура Абсаттаровна
Должность:математик и информатик
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Казахстан, Акмолинский область, Астана
08.01.2015
0
635
2

«Білгірлер, тапқырлар» сайысы





Тақырыбы: Білгірлер, тапқырлар сайысы

Сайыстың мақсаты:

 1.Оқушылардың тез ойланып, ұтымды жауап қайыра білуге,

2. Жүйелі, еркін сөйлеу дағдыларын дамыту.

3. Логикалық ойлауын дамыту.

4. Өз бетінше ізденуін дамыту.

5. Оқушылардың математика мен информатикаға деген қызығушылығын арту.

Көрнекілігі:

Командалардың аты, стенгазеттер, төрешілер алқасы, эмблемасы командалардың, ұпайлар,математикалық формулалар, информатикалық қызмет сөздер, ұпайлар, таратпа карточкалар, ұран-сөздер, безендіретін көрнекілер.

Сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру.

Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру.

Құрметті ұстаздар оқушылар, қонақтар бүгінгі біздің «Білгірлер, тапқырлар сайысы» атты сайысмызға қош келдіңіздер!
<!-- [if !supportLineBreakNewLine]-->

Жалпы ескертулер мен ойынның шартымен танысу.

Жүргізуші:

1.     Әр командада 6 адамнан қатысады.

2.     І- тур. Әр команда өздерінің қабырға газеттерін қорғайды, ондағы бір команда ұлы математикті ал екінші команда компьютер атасын таныстыра өтеді. (баға 5 баллдан береді).

3.     ІІ- тур. «Сен білесін бе ?» ойыны ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру. Әр ұяшықтағы сандар ұпайлар болып келеді.

4.     ІІІ- тур. «Адасқан жұлдыздар»  ойыны математикалық формулаларды (5 формула-5 балл)құрастырады және пернетақта қызмет сөздерін (5 перне қызметі-5 балл )сәйкестендіріп табады.

5.     ІV- тур.  «Капитандар сайысы»  әр команда капитанына қатені табу мәтіні беріледі (баға 5 баллдан береді) және математикалық 5 сұраққа жылдам жауап беру. (Әр сұрақ-1 баллдан)

 

6.     V-тур. Компьютердің пайдасы мен зияны (пікір-талас) журилер баға береді.

Ойынды бастамас бұрын әр топ өзідерін таныстырады.

 

I  топ: ЭМ-12

Топтың аты: «Болашақ»

Ұраны:  Болашық тобы алға!

                      Биіктерге самға

                      Достығымыз барда

                      Жүреміз тек алда!

 

 

Қатысушылар:

1.      Жанболат

2.     Шамиль

3.     Азат

4.     Ержанат

5.     Нурбол

6.     Иманбек

 

II топ: АЖД-20

Топтың аты: «Жалын»

Ұраны:Журегіміз жалын,
Шоғын урле қозғап.
Оты тіл мен дарын,
Жанар мәңгі МАЗДАП

 

Қатысушылар:

1.     Ғани

2.     Сағи

3.     Ақеділ

4.     Сәлім

5.     Бейбарс

6.     Сымбат

 

 

 

 

 

 


<!-- [if !supportLineBreakNewLine]-->

І-тур   «Қабырға газетінің байқауы»

 

Жүргізуші- Бақ пен бап сыналар бұл жарыста қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Ал жас қырандар «Қабырға газетінің байқауы» турын бастаймыз.

 

Әр топқа  ұлы математик пен информатик   жөнінде қорғауды карточка арқылы таңдап алады да, әр команда өздерінің қабырға газеттерін қорғайды ондағы ұлы метематик пен информатик атасын таныстыра өтеді (баға 5 баллдан береді).  Мәліметтерді интернет арқылы қарастырамыз да баспаға шығарып аламыз.

Оқушылар тапсырмаларын орындап жатқанда музыкалық қойылым қойлады.

 

ІІ- тур  «Сен білесін бе?»

Жүргізуші-

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біруінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Енді біреудің қатты істейтін миы бар.

Ендігі кезек «сен білесің бе» ойыны берілген ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береміз әр ұяшықтағы сан ол ұпай болып келеді.

 

 

ІІІ-тур  «Адасқан жұлдыздар»

Жүргізуші-

Айналайын алға ұмтылыңдар Дарындар!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар!

Мынау тұрған жұлдызша ішіне,

Перне қызметі мен формула құрыңдар.

 

Берілген мына жұлдызшалар ішіндегі математикалық формулаларды, пернетақта қызметінің жалғасын  біріктіп табамыз 5 формула, 5 пернетақта қызметі бар. Әр дұрыс формула мен қызмет сөздерге 1- баллдан беріледі.

Көрермендермен жұмыс

 

 

ІV-тур  «Капитандар» сайысы

Жүргізуші-

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!

Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен.

 

«Капитандар сайысы»  әр команда капитанына қатені табу мәтіні беріледі толығымен дұрыс жауап берсе (баға 5 баллдан береді) және әр команда капитаны қарсылас топқа  математикалық 5 сұрақ дайындайды  жылдам жауап беру. (Әр сұрақ-1 баллдан)

 

 

Жауабы:  8 қате жіберілген

Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет

2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі

3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылыды

4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады

5. Сәтінді басып алу үшін  принтерге қағаз салады

6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек

7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады

8. Плоттердің екінші аты – графиксызғыш құрылғы

 

Жауабы:  3 қате жіберілген

1.     Word графикалық редактор емес

2.      Word-та суреттің кез келген бөлігін бояу оңай емес

3. Графикалық bmp форматы векторлық форматқа жатпайды.

 

V-тур  «Пікір-талас»

Жүргізуші-

Ойын- толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалғыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар.

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

 

Ендігі кезек екі топтың компьтердің пайдасы мен зияны жөнінде пікір –таластарын көрелік. Екі топқа карточка беріледі онда зияны мен пайдасы деген сөз жазылған. Сол карточка арқылы топ не жөнінде қорғайтынын анықтайды. (3мин уақыт)

 

 

Жүргізуші- қане, қазылар алқасы топтардың бағасын беріңіздер!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения