Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
07.01.2015
0
640
0

Дене шынықтыру – денсаулық көзі.

Қазақстан Республикасы,Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылы
Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Қизатаев Қанат Мұқанұлы

Жанды дене қозғалыста болмаса өледі. Адам баласы сонау ерте заманнан бері ұзақ өмір сүрудің жолын қарастыруда.Әрине, қанша өмір сүрсе де әркім өзіне жауапты. Себебі, барлық адам бірдей бір уақытта өліп жатқан жоқ қой. Демек, әр адамның өмір сүру ұзақтығы өзіне байланысты.

   Осылайша адамзат күні бүгінге дейін ұзақ өмір сүрудің жолын қаншалықты іздегенмен, жетістіктің шыңы көрінбейді. Ұзақ өмір сүрудің негізі – денсаулықты сақтау. Денсаулықты сақтау -  ұзақ өмір сүру үшін күрес. Кезінде әйгілі француз дәрігері Тиссо – қандай да болмасын ауруға қолданатын дәріні дене қозғалысы-ақ алмастыра алады, ал дүниедегі емдеудің барлық құралы адамның саналы қозғалысын алмастыра алмайды, - депті. Демек, осындай ғылыми қағидаға сүйенсек, яғни ұзақ өмір сүру үшін бізге қозғалыс керек екен. Ол үшін әр адам өзінің шама-шарқына қарай дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуға тиісті көрінеді.

   Сонда дене қозғалысы дегеніміз не?

 Адамзаттың таңертең орнынан тұрғаннан, кешке қайтадан орнына жатқанға дейін қозғалыста болатындығы баршамызға аян. Денсаулықты сақтап, ұзақ өмір сүру үшін бұл қозғалыс тіршілік талабын қанағаттандыра алмайды. Сондықтан да дене шынықтыратын жаттығуларының бір түрімен, яғни спортпен айналысу немесе шұғылдану әр азаматтың жеке басының міндеті деп есептейміз.

   Спортпен шұғылдану деген сөз, міндетті түрде спорттық жеңіске жету деген мақсат емес, денсаулықты сақтау, организмді дұрыс қалыптастыру, денені дұрыс шынықтыру мақсаты болу керек.

   Адам өзінің күнделікті тіршілігінде, еңбек процесінде толып жатқан әрекеттер мен әр түрлі қозғалыс жасайды. Осының бәрі кейбір жекеленген мүшелердің қалыптасып жетілуіне зор әсер етеді. Кейбір жағдайларда мұндай ықпалдардың керісінше әсер етуі де мүмкін.

   Спортпен жаттыға бастаған кезде қай спорттың түрі болмасын, оның мән-мағынасын білген жөн. Ал спорттық ойындарды алсақ, баскетбол, волейбол, футбол т. б. Жаттығулардың кестесі дұрыс дұрыс құрылса ғана өз нәтижесін береді. Сонда ғана шұғылданушыны қызықтырып әр уақытта бір жаттығудан келесісіне ынталандырып отырады. Егер керісінше болса, ол шұғылданушыны қызықтырмайды. Содан барып ол бұл спортты тастап кетуге мәжбүр болады.

  Жаттығумен ойдағыдай шұғылдану, негізінен жаттықтырушыға байланысты. Жаттығуды белгілі бір ғылыми жүйеге негіздеп, жаттығушының шама-шарқына қарай ынталандырып отырса ғана көзге түсетін спортшы дайындауға болады. Жалпы, қазіргі кезде күллі халықтың спортпен шұғылданатындай мүмкіншілігі жоқ. Сондықтан да көпшілікке денсаулық сақтау мақсатында табиғи ортаны дұрыс жолмен пайдалану қажет. Баршамызға белгілі, бізді қоршаған табиғи ортаға жататындар жанды дененің тіршілік көзі – ауа, су және күн сәулесі. Аталған табиғи ортаны пайдаланудың денсаулық үшін баға жетпейтін әсері бар.

   Қорыта келгенде, жаттығу – дене тәрбиесі саласындағы ең жоғары көрсеткіштерге жету жолында жеке бастың көп жылдар бойы үзбей, жүйелі түрде спортпен шұғылдануы. Соның нәтижесінде спортшының қабілеттілігі артып, күннен күнге дене мүсіні жетіліп, күш-қуаты қалыптаса береді.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения