Пользователь с логином mukusheva68 не найден.
30.04.2012
1
3456
0

MS Access. Деректер қоры

Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған
№3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты
Информатика пәнінің мұғалімі
Мукушева Г.Р.

 

10 «А» сынып


Сабақтың тақырыбы:

MS Access. Деректер қоры


Сабақтың мақсаты: 1. MS Access мәліметтер базасының негізгі
объектілері жайлы білім қалыптастыру.
2. Оқушылардың пәнге қызығушылығын, танымдық белсенділігін, ұқыптылығын арттыру.
3. Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім, іскерлік дағдыны жетілдіру.
Сабақтың түрі: Интерактивті.
Қолданылатын программалар:
1. Microsoft Access программасы.
2. Microsoft Power Point программасы.

Сабақтың жоспары:
1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. – 3мин
2. Өткен тақырыпты сұрау. – 3 мин.
3. Жаңа сабақты түсіндіру. – 9 мин.
4. Зертханалық жұмыс. 17 мин.
5. Сергіту сәті. – 4мин.
6. Сабақты бекіту. – 5 мин.
7. Үйге тапсырма беру – 2мин.
8. Қорытынды.. – 2мин
Сабақтың барысы:
1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
2. Өткен материаллдардан сұрақ-жауап алу.
– Мәліметтер базасы дегеніміз не?
– Мәліметтер базасы дегеніміз–ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым.
– Мысал келдтіріндер.
– Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз– жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені.
– Microsoft Access қандай мәліметтер типімен жұмыс істейді?
– Мәтіндік, МЕМО өрісі, сандық, мерзімі/уақыты, қаржылық, санауыш, логикалық, OLE объектілер өрісі, гиперсілтеме, ауыстырушылар шебері.
– Кесте құру жолы.
Жаңа сабақ.
Бірінші бағанға өріс атаулары енгізіледі. Егер қолтаңба қасиеті еңгізілмесе, онда болашақ кестенің сәйкес бағаны өріс атауымен аталады. Әрбір өрістің атауынаң жанында мәліметтер типі бағанында оның типі көрсетілген. Ол үшін сол ұяшыққа тышқан батырмасы пайда болады, оның ішіне кіріп тізімнен қажетті типті таңдап аламыз.
Бланкінің төменгі жағында өріс қасиеттерінің тізімі орналасқан. Оның кейбіреулері өзі алдын-ала берілген. Жалпы алғанда өріс қасиеттерін енгізу міндетті емес. Оны өз қалауымызша баптауымызға болады.
Кестені құрған кезде түйінді өрісті енгізген дұрыс. Сол арқылы кестелер арасындағы байланысты ұйымдастыруға болады. Қандай да бір өрісті түйінді өріс ретінде беру үшін, өріс атауына тышқанның оң жақ батырмасын басып, шыққан жанама менюден Түйінді өріс (Ключевое поле) бөлімін таңдап алу керек.
Дайын болған кесте Мәліметтер базасы (База данных) терезесіндегі кестелер тізіміне қосылады. Құрылған кесте осы терезеде тышқанның батырмасын екі рет басу арқылы ашылады. Жаңа кесте ешқандай жазбалары жоқ бағандардың атауынан тұрады. Мәліметтер әдеттегідей толтырылады. Ұяшықтан ұяшыққа өту ТАВ пернесі арқылы жүргізіледі. Кестенің төменгі жағында Өту батырмалары (Кнопки перехода) панелі орналасқан. Жазбалар саны өте көп болған жағдайда кестеде жылжу үшін осы панельдің элементтерін пайдаланған дұрыс. Енгізу барысында мәліметтер ұяшықтан тысқа шығып кесте, бізге белгілі әдіспен, яғни тышқанның нұсқағышын бағандардың шекарасына орналастырып, қажетімізше жылжытамыз.
Кестеге мәліметтер енгізілгеннен кейін оны сақтаудың қажеті жоқ, барлық мәліметтер автоматты түрде сақталынады.
Кестенің құрылымын өзгерту қажеттілігі туған жағдайда, оны Конструктор режімінде ашу қажет.
3. Зертханалық жұмыс.
Дербес компьютермен жұмыс
Тақырыбы: Конструктордың көмегімен негізгі кестелерді құру.
Логика - есептері
 Берілген фигурада неше үшбұрыш бар?
 Қорада тауықтар және қояндар бар. Оларда барлығы 15 бас, 50 аяқ болса, қорада неше тауық, неше қоян бар?
 Аспанда бес туйеқұс ұшып барады. Олардың екеуін аңшы атып алды.
 Неше түйе құс ұшып кетті?
 4 қасқыр 4 қойды 4 сағатта жейді. Ал 10 қасқыр 10 қойды неше сағатта жейді?
Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Конструктордың көмегімен негізгі кестелерді құру.
1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз ( Пуск–Программы– Microsoft Access).
2. Microsoft Access терезесінде Жаңа мәліметтер (Новая база данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз. ОК батырмасын шертіңіз.
3. Жаңа мәліметтер базасының файлы (Файлы новой базы данных) терезесінде Мои документы бумасын таңдап алып, файлға АҚ Қазахтелеком* деп ат беріңіз. Жаңа АҚ Қазахтелеком мәліметтер базасының терезесі ашылады.
4. Кестелер панелін ашыңыз.
5. Конструктор режимінде кесте құру белгісіне екі рет шертсеңіз кесте құрылымын даярлау бланкісі ашылады.
6. Бірінші кесте үшін төмендегідей өрістерді енгізіңіз:
өріс атауы өріс типі
• Алтынтау мәтіндік
• Көкшетау Минералды Сулары мәтіндік
• ЖШС Тыныс мәтіндік
• АҚ Казахтелеком мәтіндік
• АҚ Халық Банкі мәтіндік
• Сейнур мәтіндік
• Көкшетау Су Арнасы мәтіндік
• Автопарк мәтіндік
• Ш.Уалиханов университеті мәтіндік
• Мектеп мәтіндік
7. Болашақ *** кестесімен байланыс орнату үшін түйінді өріс беруіміз қажет. *** өрісін қайталанбайтын өріс ретінде таңдап алуыңызға болады. Казахтелеком және Директоры өрістерінің комбинациясын түйінді өріс ретінде пайдаланамыз. Бланкінің жоғарғы бөлігіндегі өрісті ерекшелеп алыңыз. Тінтуірдің оң батырмасын шерту арқылы жанама менюді ашыңыз және одан Түйінді өріс (ключевое поле) бөлімін таңдап алыңыз.
8. Конструктор терезесін жабыңыз. Терезені жабу кезінде кестеге АҚ Қазахтелеком деп ат беріңіз.
9. 5–9 бөлімдердегі амалдарды қайталап, Қызметшілер кестесін құрыңыз. Оған төмендегідей өрістер енеді:
өріс атауы өріс типі
• АҚ Казахтелеком мәтіндік
• Директоры мәтіндік
• Орынбасары мәтіндік
• Бөлім бастығы мәтіндік
• Байланыс операторы мәтіндік
• Бас есепші мәтіндік
• Есепші мәтіндік
• Инженер мәтіндік
• Күзет бастығы мәтіндік
10. Бұл кестеге түйінді өріс енгізбесе де болады–берілген тапсырмада ол талап етілмейді.
11. АҚ Қазақтелеком: мәліметтер базасы терезесінде құрылған кестелерді кезекпен ашып, он шақты жазбалар енгізіңіз.
Жұмысты аяқтап кестелерді жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.
Сергіту сәті. Үш тілде айту – қазақ, ағылшын, орыс
Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның баллары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны 107 (пернетақта,клавиатура, keyboard,)

Жануарға ұқсас аты бар,
Бағдар көрсетер заты бар.
Кілемше үстінде тұрады.
Ең қажет құрылғы. (тінтуір,мышь,mayse)
Төрт бұрышты әйнек, тұнып тұрған әлек. (монитор,дисплей, displai)
Ақпараларды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады. (принтер,басып шығарғыш, принтер,)
Қабат, қабат қаптама
Ақылың болса аттама (кітап, книга, book)
Жақтаулар арқылы шектелген
Экрандағы төртбұрышты аймақ (терезе, окно, windows)
Аса қажет өмірге халық үшін
Пайдаланамын күн сайын жарық үшін (ток, ток, energy)
6. Сабақты бекіту.
Тест сұрақтары
1. Microsoft Access деген не?
А) мәліметтер базасын қолданушыға арналған программа.
В) компьютер мен адамның өзара сұхбаттасы құралы.
С) мәтіндік редактор.
Д) амалдық жүйе.
2. Microsoft Access қандай программалық жасақтамаға жатады?
А) жүйелік.
В) қоданбалы.
С) қызметтік.
Д) оқытушылық.
3. Ақпарат сақталынатын Microsoft Access программасынның негізгі объектілері.
А) кесте.
В) қалып.
С) сұраныс.
Д) есеп.
4. Кесте құруды неден бастаған дұрыс.
А) макетін беруден.
В) өрістерін енгізуден.
С) мәліметтерді енгізуден.
Д) жазбаларды енгізуден.
5. Microsoft Access мәліметтер базасының қандай терезесінде орнатылған байланыс параметрлері беріледі?
А) Мәліметтер схемасы терезесінде.
В) Байланыс терезесінде.
С) Бас терезесінде.
Д) Мәліметтер базасы терезесінде.
6.Деректер типі болып табылады
А) Мәліметтер
В) Байланыс терезесінде
С) Мәтіндік, сандық, ақшалай, дата/уақыт, логикалық
Д) Өрістер, жазбалар
7. «Жаңа кесте» диалог терезесінде нұсқалар тізімі
А) кестелер режимі
В) конструктор
С) кесте шебері
Д) барлығы дұрыс

Дұрыс жауаптар
1) А 2) В 3) В 4) В 5) А 6) С 7) Д
7. Үйге тапсырма беру. Microsoft Access кесте құру, кесеаралық байланыс. Кесте құру.
8. Сабақты қорытындылау. Сабақты қорытындылай келе,
«Білмегенін сұрап, үйренген–ғалым,
арланып сұрамаған–өзіне залым»
демекші, кімде қандай сұрақтар бар? Бүгін біз не білдік, не үйрендік?

Комментарии пользователей /1/
Ailara92@mail.ru | 27 ноября 2013 12:16
winked
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения