Кантаева Марал Жаксыбаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
06.01.2015
0
1190
1

Ыбырай Алтынсарин-шағын әңгіме шебері.





Пәні: қазақ әдебиеті       

Сыныбы: 10

Сабақтың

тақырыбы:

  Ыбырай Алтынсарин – шағын әңгіме шебері

Сабақтың мақсаты:

 

Оқушылардың Ыбырай өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін пысықтау, әңгімелерінің тақырыбын ашу, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Күтілетін нәтиже:

 

Тіл мәдениеті, сөз байлығы, сөздік қоры молаяды, шығармашылық қабілеті артады, өздігінен жұмыс жасауға дағдыланады.Өз пікірін қорғайды, өзгенің пікіріне құрметпен қарайды.

Керекті жабдықтар:

Интерактивті тақта. Презентация. Үлестірме парақтар. Бағалау парағы.

Кезеңдері:

Мұғалімнің

  әрекеті

Оқушының 

әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу

 

Тренинг өткізу.

 

Сабақ алдында психологиялық тренингке қатысады.Топ ережесін еске ала отырып, суреттер арқылы екі топқа бөлінеді. Топ басшыларын сайлайды.

 

1.Үй тапсырмасын сұрау

2.Топқа бөлу

 

Өткен сабақта қазақ даласына білім нұрын төккен, ұлы кемеңгер ұстаз Ы.Алтынсарин туралы өткенбіз, олай болса, қаншалықты меңгергенімізді байқап көрейік

«Деректер сөйлейді» тапсырмасы.(Рет-ретімен тұрған қағазды алып, ондағы сандар арқылы Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармашылығын айтып беріңдер)
1841  – Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды.  
1850 – Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне түседі.
1857- Мектепті үздік бітіріп шыққан жылы
1859- Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы.
1860 – Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп 
ашу туралы шыққанда (Тройцк, Торғай, Ырғыз, Қазалы) өзі сұранып, 
Торғай мектебіне мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп 
ашу мүмкін болмай, іс көпке созылады, жиналған балаларды өз үйінде 
оқытқан жылы.
1864 –  Мектептің қаңтар айында ашылған жылы
14  - Сол мектепке қабылданған бала саны.
1876 – Петербург, Қазан қалаларына барған жылы
1876 – Н.Н.Ильминскийге жазған хатында «Татар тілінде жазылған 
кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш 
кітабымды кеше ғана бастадым,» - деп жазған жылы
1889 – қайтыс болған жылы.
1876 – «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріскен жылы
1879 – Орынборда хрестоматияның басылған жылы.

Өлеңдерін жатқа сұрау.

Үй тапсырмасына жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр оқушы  өз сұрақтарына жауап береді.

 

Топ басшысы сәйкес бағаларын бағалау парағына түсіреді.

 

Өлеңдерін жатқа айтады.

Формативті бағалайды

Жаңа сабақ

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.  

- Бүгін Ыбырайды шағын әңгіме шебері ретінде, яғни прозалық шығармаларына тоқталамыз. Ыбырай құрастырған тұңғыш оқулық «Қазақ хрестоматиясының» бір бөлімі өзі жазған шағын әңгімелерден тұрады.
- Алдымен, әңгіме дегеніміз не?
Әңгіме - қара сөзбен жазылған, шағын көркем шығарма.
Ыбырай - қазақ әдебиетіндегі көркем проза саласының негізін салушы, Европалық үлгідегі шағын көркем шығарманы қазақ оқырманына тұңғыш әкелуші. Төменгі сыныптарда біз Ыбырайдың біраз әңгімелерімен танысқанбыз. Қандай әңгімелерін білеміз?

 1. Жұптық жұмыс.Әңгімелерін оқып, бір біріне түсіндіреді, негізгі тақырыбын ашып айтады

1-жұп: Сәтемір хан

2-жұп: Аурудан  - аяған күштірек

3-жұп: Мейірімді бала

4-жұп: Алтын шеттеуік

5-жұп: Асыл шөп

2. Топтық жұмыс

1-топ  Шашылған сөздерден сөйлем құра. Қай шығармадан алынған?

А) ауырды,жәшігім,салдым, мен, ішіне, жеңілдететін,бір, шөп. 

Ә) барында, жоқ, бағу-қағуда, шек, көп, шырағым, мағына.

Б) тап,көп, жұмысты, аз, қиынсынсаң, боласың, жұмысқа.

2-топ

Шығарма аты мен шығармадан алынған үзіндіні сәйкестендіру.

 

1-топ «Әке мен бала» әңгімесінің негізгі ойын сурет, сызба, кесте арқылы бейнелеп көрсету

 

2-топ  «Араласып кеткен оқиғалар» Мәтін оқушыларға жеке қағаздарға жазылып, орындары ауыстырылып беріледі. («Бақша  ағаштары»)

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұппен жұмыс істейді

Бір біріне түсіндіреді, әңгіменің негізгі ойын ашып айтады.  Өмірмен байланыстырады.Басқа топты бағалайды.

 

 

 

 

Шашылған сөздерден сөйлем құрастырады. Қай шығармадан екенін айтады, мақал-мәтелдермен қорытындылайды.

 

 

Шығарма аты мен шығармадан алынған үзіндіні сәйкестендіреді.

 

 

Постерді қорғайды

 

Мәтінді ретімен орналастырады. Өз ойларын жеткізеді.

Топтар бір бірін бағалайды. Екі жұлдыз, бір тілек

Рефлексия

 

«Балалар әдебиетінің атасы» тақырыбында бүгінгі сабақтан алған білімі туралы эссе жазу. 2-3 балаға оқыту

Бағалау

 

Бағалау парағы бойынша топ жетекшілері өз мүшелерінің жинаған балының қорытындысы бойынша журналға түсіру.

Топтар бір-бірін бағалайды

 

 

Үйге тапсырма

«Атымтай жомарт», «Мейірімді бала» әңгімелерін оқу. Әңгімелерінен біреуін алып, кейіпкеріне хат жазу.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения