Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
05.01.2015
0
567
0

Қызықты кеш

Казахстан,Восточно-Казахстанская область,Курчумский район,село Курчум

Курчумская средняя школа №4 им. Н. Островского

Учитель химии

Нуриманова Назым Алибековна

Сабақтың мақсаты:

  1.      Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып, маңызына ғылыми тұрғыдан түсінік беріп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
  2.      Алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану.
  3.      Оқушыларды адамгершілікке, эстетика мен этикаға, шеберлікке, жинақылыққа, сөз сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздер «Күш - білімде, білім – кітапта», «Білегіңе сенбе, біліміңе сен», «Талапты тас жарар, талапсыз бас жарар», Д.И.Менделеевтіңпериодтық жүйесі.

Сабақтың барысы:                                                                   

Ұйымдастыру кезеңі.

Кеш Ғали Ормановтың химия кереметтерін суреттейтін өлең жолдарымен басталады.

1-жүргізуші:

Ғажайып нәрсе химия,                           Өмірдің бірақ керегін,

Тұңғиық сыры әр алуан.                        Осылар тауып берер ме?

Жоғалып бір зат зым-зия                       Табар ма ешкім дерегін,

Жаңарып бірі жаралған.                         Телмірмей, сірә, тереңге.

             2-жүргізуші:

Біз қазір химия ғасырындамыз. Кәдімгі қасықтан бастап, ұшақ, жер серігіне дейін химия өнімдері. Егер химиктер жанармайды өңдеп бермесе, бірде-бір ұшақ көкке көтеріліп, бірде-бір кеме суда жүзе алмаған болар еді.

Адам тамақсыз, киімсіз, қажетті тұрмыс бұйымдарынсыз өмір сүре алмайды. Мінеки, солардың бәрін жасауға химия қатысады. Сондықтан «Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз химия ғажайыптары» деп өте орынды айтылған.

1-жүргізуші:        Көруге химия кешін жиылғандар,

Менделеевке құдайындай сыйынғандар.

Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты,

Тамашалау бақыты бұйырғандар.

2-жүргізуші:

Кештің жоспары:

  1.      Әр топтың атын қорғауы, ұраны.
  2.      Қарсылас топқа химиялық тілде құттықтау сөз, тілек.
  3.      «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» (Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Қойылған сұрақтардың бір ерекшелігі интелектуалды ойлауға бағытталған сұрақтар болады)
  4.      «Сен маған, мен саған» (Әр топ қарсылас топқа екі сұрақтан даярлап келеді, бір біріне жасырады)
  5.      Химиялық жарыс (2 топқа оттегіні су астында жинау әдісіне арналған құралды жинастыру, және оттегіні алу, газдың жиналғанын дәлелдеу) 
  6.      Құпия заттың құлпын аш.
  7.      Шарадалар. (көрермендермен ойын)

1-жүргізуші:

Әділқазы алқалар,

Сенімдерін арқалар.

Әрбір өнер-білімді,

Әділдікпен бағалар.- дегендей кешімізге қатысатын оқушылардың біліміне, тапқырлығына, жинақылығын, өзін-өзі сахнада ұстау мәдениетіне әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар (әділ-қазылар алқасы сайланады)

2-жүргізуші:

«Сәлем сөздің анасы»

Дейтін қазақ данасы.

Сәлемдесіп, танысып,

Кеш бастайық жарысып.

Әр топ сәлемдесіп өздерін таныстырып өтсін. Сонымен әр топтың атын қорғауы, ұраны.

1-жүргізуші:

Жақсылық әр кез тілейік,

Химияны оқып білейік.

Осы тілде құттықтап

Аман-есен жүрейік.

Үй тапсырмасы: әр топ химиялық тілде бір-бірін құттықтап, тілектерін білдіреді.

2-жүргізуші:

Келесі сайысымыз «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деп аталады. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Қойылған сұрақтардың бір ерекшелігі оқу бағдарламасына сәйкес өтілген тақырыптары мен интелектуалды ойлауға бағытталған сұрақтар болады. Сонымен қай топтың жауаптары көбірек, сол топ осы сайыстың жеңімпазы. Егер топ сұраққа жауап бере алмаса, қарсылас топ жауабын білсе айтуға болады. Бұл ол топқа ұпай болып қосылады.)

1-топқа сұрақтар:

  1.      Қандай су дем алудан лайланады? (ізбес суы, барий суы – түтік арқылы үрлегенде лайланады)
  2.      Қар мен жаңбыр суы неге дәмсіз? (қар мен жаңбыр суларында табиғи тұз ерітінділері болмағандықтан, олардан алынған су дәмсіз)
  3.      «Су дүниенің басы» деген мақал неліктен айтылады? (бүкіл жануар, өсімдік өмірінде судың рөлі ерекше. Бұдан жүздегенжыл бұрын өмір сүрген адамадар суды жаратылыстағы барлық заттардың бастамасы деп таныған.)
  4.      Азоттың ауаның құрамындағы массалық үлесі?   (78℅)
  5.      Металды пісіргенде немесе кескенде қандай газ қолданады? (оттек)
  6.      Атомның бір түрінен құралған зат? (жай зат)
  7.      Жұмыртқаның қабығын сындырмай қалай аршуға болады? (сұйытылған тұз қышқылына салу арқылы аршуға болады, себебі, қабық кальций карбонатынан тұратындықтан қышқылмен әрекеттесіп еріп кетеді)
  8.      Жеміс пен көкөністі кескенде пышақ неге қараяды? (алма, алмұрт, қарбыз т.б. кескен соң пышақты сүртпесе ол қарайып кетеді. Себебі жемістерде дубиль қышқылы бар. Сондықтан ол темірмен қосылғанда сияға айналады. өзіміз ішетін шайда да дубиль қышқылы бар. Қасығымыз ұзақ шайда тұрып қалса қарайып кететіні сондықтан.)
  9.      Шарап дағын қалай кетіруге болады? (киімге, дастарханға төгілген шарап дағының үстіне тұз сепсе, ол шарапты өз бойына тартады. Бұдан соң киімді немесе дастарханды мүсәтір спирті қосылған салқын сумен шаяды)

    10. Теңіз орамжапырағы – ламинарияның құрамына кіретін, адам өмірі үшін маңызды элемент   (Йод)

2-топқа сұрақтар:

  1.      Орман үстіндегі ауа мен  үлкен қаланың үстіндегі ауаның айырмашылығы қандай?  (құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшеріне байланысты)
  2.      Жүйкені жайландыратын дәрі - дәрмек құрамына кіретін элемент? (Бром)
  3.      Жарық және жылу бөле жүретін реакцияны қалай айтамыз? (жану реакциясы)
  4.      Мұнайдан алынатын сұйық отын түрлері? (бензин, керосин т.б.)
  5.      Қандай су ем үшін пайдаланылады? (минералды су)
  6.      Жұмыртқа дағын қалай кетіруге болады? (ол дақты 35 градусқа дейін ысытылған глицеринге салып, 15 минуттан кейін сабындап жылы сумен жуады).
  7.      Пышақты өткір етіп қалай қайрауға болады? (пышақты қайрау алдында ас тұзының әлсіз ерітіндісіне батырып, біраз ұстаңыз да, одан шығарысымен сүртпестен, бірден қайрасаңыз, пышағыңыз өткір болады.)
  8.      Ауаның құрамындағы оттек газының массалық үлесі?   (21℅)
  9.      Қардың ақ, судың мөлдір болатын себебі неде? (тұман, қант, қар, тұздың түсі ақ. Себебі оларды құрайтын бөлшектердің арасына ауа кіре алмайды.)
  10.                        Жұмыртқаны отсыз, электр қуатынсыз пісіруге бола ма? (сөндірілмеген ізбеске су құйып сөндіргенде бөлінетін жылу суды қайнатады)

2-жүргізуші:         Күміс көмей, жез таңдай,

Ән салса бейне бұлбұлдай.

«Қаракөз» әнін шырқаса,

Қалмайды ешкім таңданбай.

Қазір сіздердің назарларыңызға мектебіміздің жезтаңдай әншісі Қайырбеков Қаршығаға кезек береміз.

1-жүргізуші:

Келесі сайысымыз «Сен маған, мен саған» деп аталады.  Әр топ қарсылас топқа үйден екі сұрақтан даярлап келу керек болатын, сол сұрақтарын бір- біріне жасырады.

2-жүргізуші:

Химиялық жарыс сайысын бастайық. 2 топқа оттегіні су астында жинау әдісіне арналған құралды жинастыру, және оттегіні  газының жиналғанын дәлелдеуі керек.

2-жүргізуші:                 Кәсіби биші болсам деп,

Бар өнерін арнайды.

Би билеуді өзінің

Өнеріне санайды.

Балжан шықса ортаға

Тамсана бәрі қарайды.

 Мың бұралған бишіміз Қуатқызы Балжан алдарыңызда.

1-жүргізуші:

«Құпия заттың құлпын аш» сайысында химиялық терминдер беріледі, осы терминдердің қазақ тіліндегі баламасын, содан кейін түсіндірмесін беріп, маңызын айтыңыз.Әр топ қоржыннан нөмірленген немесе әр түрлі түспен боялған асықтарды суырып алып, сол асықтың түсіне немесе нөміріне сәйкес келген сұраққа жауап береді.

Мумия – қызыл жоса, табиғатта кездесетін қызыл бояу,негізгі бөлігі темір оксиді, ағаштан жасалған бұйымдарды бояуға қолданылады.

Рубин – лағыл, қызыл жақұт, негізгі алюминий оксидінен құралған минерал, аз мөлшерде араласқан басқа да заттар болғандықтан лағыл әр түсті болады, мөлдіреген қымбат асыл тас.

Алмаз – гауһар тас, негізі көміртегіден тұрады, әшекей бұйымдар жасауда, өте қатты қасиетіне байланысты әйнек. өте қымбат, асыл кесуге пайдаланады тас.

Поташ – сақар (К2СО3) -өсімдіктер күлінің құрамында болады. Біздің аймақта өсетін алабота өсімдігінің күлінде өте көп болады. Сабын жасауда, арнаулы шынылар өндіруде, химиялық шикізат ретінде қолданылады.)

2-жүргізуші:   Осымен сайысымыз аяқталды, келесі сөзімізді әділ қазылар алқасына бермес бұрын көрермендермен ойын өткізейік. Ал әділ қазылар топтардың ұпайын есептеп, нәтижесін, қорытындысын шығара берсін.

1-жүргізуші: Ендігі сайысымызды көрермендер арасында жалғастырайық. Шарадалар.

  1.      Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау деген мағынада, химиялық қай элементпін?   (Азот)
  2.      бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, шипалы газ деп те есептейді.  (Озон)
  3.      Бірінші бөлігім тасқын су, екінші бөлігім мал құлағына салынатын белгі. Ал, өзім химиялық қай элементпін?   (селен)
  4.      Бірінші буыным қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным шараппен улану деген мағынада, ал өзім қандай таспын? (алмас)
  5.      Бірінші буыным жалқы есімге қойылатын сұрақтан тұрады, екінші  буыным сан есім, өзім химиялық қай элементпін?  (неон)
  6.      Өзім химиялық элементпін, егер алғашқы бірінші әрібім алып тасталса, шаруашылық заттарын салатын ыдысқа айналамын? (фтор)
  7.      Жазылуым бойынша оқысаңыз элементпін, керісінше оқысаңыз - өткізгішпін.  (мыс-сым)

2-жүргізуші:   Тәнті еткен өнерімен мектебін,

                      Көрді бәрі, әннен шашу төккенін.

                      Сағынады көрермені, Мирастың,

                      Күмбірлете қазақ күйін шерткенін. - Қалымбеков Мирастың орындауында күй «Балбырауын»

1-жүргізуші:

Кешіміздің қорытындысын шығару әділ қазылар алқасына беріледі.

Осымен кешімізді аяқтаймыз. Назарларыңызға көп-көп рахмет. 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения