Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
04.01.2015
0
760
0

Қазақстан.ОҚО. Сарыағаш қаласы. № 5 С.Ысмайылов мектебі. Ашық сабақ. Қазақ тілі.." Сөз таптары" Есбергенова Жадыра Өмірбекөызы

С тақырыбы:           Сөз таптары

С мақсаты:       Оқушылардың сөз таптары  туралы 3-ші  сыныпта алған

                           білімдерін еске түсіру,тиянақтау және күнделікті өмірде қолдана   

                           білу. Ұқыптылыққа,таза жазуға тәрбиелеу.

С/ әдісі:            сұрақ-жауап,ізденушілік,топтық жұмыс.

С/көрнекілігі: интерактивті тақта,сюжетті суреттер.

С/барысы:       I.Ұйымдастыру.

                            Психологиялық  ойларын ашу.

                            Балалар,бұл жол басы даналыққа,

                             Даналық –өшпес  жарық,кетпес байлық,

                            Жүріңдер,іздеп тауып алалық та!-деп бүгінгі сабақты Ахмет          Байтұрсынұлының бір шумақ өлеңінен бастайық.

Білім алу үшін әрине бізге іздену керек.

                             II.Үй тапсырмасын пысықтау

                            Өткен сабақты еске түсірейік.Қысқарған сөз дегеніміз не? 

                            БҰҰ,Пед.кеңес,ҰБТ,ТМД деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

                            Қай кезде сөздер қысқартылып жазылады?

                          III. Жаңа сабақ:

                          Кіріспе: Балаларды сөз таптары туралы не білетінін ортаға салу арқылы топтарға бөлу:( 1-жаттығуды пайдаланып, қолдарына сөздер тарқату)

Жетеу,жүгірді,сымбатты,күн,жылқы,алпыс бес,терең, т.б

Әр сөз қай сөз табы екенін анықтап,

1 топ Зат есім

2 топ Сын есім

3 топ Етістік

4 топ Сан есім -деп, 4 топқа бөлу

                          IY.Өзіндік жұмыс

 Әр топ өз сөз таптарын қорғайды:

Сын есім деп нені түсінесіңдер?

Сан есім деп................?

Етістік деп.............?

Зат есім деп ...........?....

                                 Негізгі бөлім:

Міне балалар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - Сөз таптары.

Сабақтың мақсаты айтылады.

Ережелерді еске түсіру,пысықтау.

Оқулықпен жұмыс:

2-жаттығу.Жаңылтпашты оқып,жатқа жазу.Сөздердің қай сөз табына жататынын анықтау. «Үскі» сөзіне сөздік жұмыс жүргізу.

3-жаттығу.Мәтінді оқу.Мәтіннің бастапқы бөлігін көшіріп жазып,сөз таптарына талдау. Мәтінге ат қою.Борсық суретімен таныстырып,сипаттау:

-Борсық қайда мекендейді?

-Борсықтан басқа қандай жануарлар қыста ұйқыға кетеді?

-Оның адам өмірінде пайдасы бар ма?

4-жаттығуды орындау арқылы «Синквейн» ойынын ойнату.

1.Зат есім.                                             Аспан

2.Сын есім.  (2)                                    Ашық,көк

3.Етістік . (3)                                         бұлттанды,күркіреді,ашылды

4.Төрт сөзді сөйлем.                          Аспанда күн жарқырап тұр

5.Мәндес сөз.                                      Кеңістік

 

5-жаттығу. Жұмбақты оқып,шешуін табу.Сөздерге сұрақ қою,олардың қай сөз табы екенін анықтау.  Шешуі: Шіл.

Әңгіме құрау.Шілге сипаттама беру.(Суретпен жұмыс)

                                  Y. Сабақты қорыту:

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Өз ойларың қағазға түсіріп,тақтаға ілу.

-Үйге тапсырма: 6-жаттығу.Рефлексия.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения