Пользователь с логином maira_asienova не найден.
12.04.2012
0
2520
2

Сыныптан тыс іс-шара

Ақмола облысы, Көкшетау қаласының физика-математика бағыттағы 
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Әлзамар Сағат Ерғазиқызы – 6 сынып кураторы

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ этикасы және эстетикасы»
(Ұлттық қазына-сарқылмас дария)
Мақсаты: Қоршаған ортадағы тамаша құндылықтарды, әдемілік
пен сұлулықты қабылдау қабіліттілігін қалыптастыру
және дамыту.
Көрнекіліктер:интерактивті тақта,слайдтар,плакат,әуен
Этика,эстеика дегендердің тым нәзік сырларын
әр халық өэ тілінде ғана терең түсінсе керек.
Ғ.Мүсірепов
Жоспары: 1.Кіріспе бөлім
2.Негізгі бөлім
3.Ырымдар
4.Қорытынды.
Пролог ретінде: қыздардың орындауында «Қазақ биі»
1-бөлім. Кіріспе сөз.
Қазақ этикасы – қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін зерттейтін философиялық пән.«Этика термині» ежелгі грек тілінде «бірлесе өмір сүруші адамдар тобының мекенжайы» дегенді білдіреді, кейін әдеп туралы ілім мағынасына ие болды.
«Әдеп» термині түркі халықтарының тіліне орта ғасырлардағы араб-мұсылман мәдениетінің ықпалымен енген.
Көптеген мамандар этиканы әдептану деп аударып жүр.
Қазақ этикасы туралы басылымдарда «әдеп», «ақылақ», «мораль», «адамгершілік» сияқты ұғымдар қолданыла береді.
2-бөлім.
Оқушылар этика, эстетика ұғымдары туралы түсінік береді.
1-оқушы: Этика үшін жақсылық ұғымы оның басты ұғымы болды және бола береді, оның басты мақсаты – адам өміріндегі қайырымдылықтың қайнар көзін, табиғатын, себептері мен тетіктерін анықтау.
2-оқушы: Этика – ғылымның маңызды саласы, әдеп – қоғамдық алғышарттардың саласы, адамгершілік – адамның ар-ұяты арқылы жеткен ішкі тұрақтандыру саласы.
3-оқушы: Этика – практикалық философия ретінде, адам өмірінің күнделікті қажеттіліктерін бағдарлайтын ғылым ретінде туындайды.
Әдеп – этиканың зерттеу нысаны, қоғамдық сана-сезімнің формасы, және жеке тұлғаның өзіндік бағасын анықтауға бағытталған қоғамдық қарым-қатынастардың түрі.
4-оқушы: АДАМГЕРШІЛІК – жеке тұлғаның еркіндігі, оның жалпы қоғамдық талаптардың ішкі себептерімен үйлескен шығармашылық бағытының саласы.«Адам әдебімен көрікті»дейді қазақ.
Жүргізуші: Имандылық қасиет, әділетті істер адамдардың күнделікті өмір тіршілігінде тұрақтап, олар қалыпты іс-әрекетке айналғанда әдет деп аталады. Әдет – адамның қажеттілігіне айналып,қалыптасқан қасиет.Халықта «ауру қалса да әдет қалмайды»деген мәтел бар.
5-оқушы: Мәдениеттің негізі салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарда. Көне мәдениет қазіргі ұлттық мәдениеттердің археотипі(ескі негізі) қызметін атқарады.Халқымыздың ұлттық әдеп-ғұрып жүйесі сонау көшпелілер мәдениетінен үзілмей сақталып келгендігі осының айғағы.
6-оқушы: Қазақтың дәстүрлі әдеп мәдениеті – дүниенің екі бөлігі табиғат пен адамның етене тығыз байланысты болғандығы мен олардың еншісі бөлінбеген күйде өмір сүргендігін айғақтайды.
(тақтада табиғат көріністері көрсетіледі)
Күй орындалады: «Шығыс рапсодиясы»,орындайтын Мадияр.
Жүргізуші:Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде тек әдеп пен құқық емес, сонымен бірге саяси-әлеуметтік құндылықтар да моральдық тұрғыда жүйелікпен жинақталған. «Қарға тамырлы» қазақта отансүйгіштік пен ұлтжандылық басты адамдық қасиеттер болып есептелген.
7-оқушы: Осыдан 2000 жыл бұрын өмір сүрген скиф-сақ ойшылы, «ұлы жеті ғұламаның бірі» Анахарсис (Анарыс) әдеп және адамгершілік туралы құнды пікірлер білдірген. Мысалы, маскүнемдік туралы ол былай деген: «Бірінші тостақты, әдетте, денсаулық үшін, екіншісін – рақатқа бату үшін, үшіншісін ардан таза болу үшін, төртіншісін – ақылдан алжасу үшін ішеді». Кіндік Азиядан табылған түркілердің Күлтегін, Тоныкөк жазуларында татулық, бақыт, дәулет секілді әдеп ұғымдары жиі кездеседі.
8-оқушы: Қазақ этикасының қалыптасуында Қорқыттың орны ерекше. Оның үлгі-өнеге, өсиет-нақыл сөздері қазақ арасында, барша түрік халықтарында кең таралған..
Жүргізуші: Әдептануды арнаулы ілім ретінде қолданысқа енгізген ғұлама-филосов, ғалым – Әбу-Насыр әл-Фараби. Ол этиканы жақсылық пен жамандықты айыруға мүмкіндік беретін ғылым деп қарастырды.
9-оқушы: Қазақ эстетикасы – адам мен әлемдегі әсемдік пен сұлулық туралы қазақ халқының ұлттық көркем мәдениетін зерттейтін философиялық пән.Эстетика термині ежелгі грек тілінен«сезінуші, сезім қабылдау» деп аударылады. Қазақ халқының қалыптасу барысындағы эстетикалық ой-пікірлерінің дамуы бірнеше кезеңдерден өткен.
10-оқушы: Халықтың эстетикалық құндылықтары алдымен фольклорда – тұрмыс-салт жырларында, аңыздары мен мифтерінде, батырлық және лирикалық эпоста көркем формада баяндалған.
11-оқушы: Ислам Ренессансы эстетикасын қалыптастыруда қазақ топырағында дүниеге келген әл-Фараби ерекше орын алады. Ол өзінің «Музыканың үлкен кітабы», «Поэзия өнерінің каноны туралы трактат»т.б. еңбектерінде эстетикалық болмыс пен таным туралы терең пайымдаулар айтты.
Жүргізуші: Қазақ этикасы мен эстетикасының мәтіндерінде ақын-жыраулар шығармашылығына үлкен орын берілген.«Бақыт»дәстүрлі мәдениетте қашанда өнімділікпен, құтпен, некемен байланысты қарастырылады. Өнімділік игіліктің, сәттіліктің, бақыттың кепілі болды.
3-бөлім.
Тақтада «Ырымдар»жазылады.Кітапта 500-ге жуық ырымдар келтірілген. Солардың 17-сі таңдалып, тақтада жазылып, оқушылардың көмегімен талданып, түсінік беріледі.
1. Ит адамға оспадар саналады.Малды күзетіп, ит-құстан қорғайды
.Жаугершілік кезінде сақтыққа себін тигізеді, жаудың келіп қалғанын сездіреді.Осыған орай аңыз да бар.Мысық: «Күлден басқа бермеді, тозақ отына күйдір»деп, иесіне опасыздық етеді екен.Ал ит құйрығымен отқа су сеуіп, адамды тозақ азабынан құтқаруға ұмтылады деген сөз бар.
2. Ауылдан атқа мініп аттанғанда артынан ит ере шықса, қуалап зорлықпен кері қайтармайды.Өйткені ит иесіне опадар.Мүмкін, жолы болар,сапары оң болар деп, жақсылыққа жориды.
3. Қазақ қыз баланы қорламайды.Қыз – ару, болашақ ана.Ұрпақ қыз арқылы өрбиді. «Қыздың жолы жіңішке», «Қыз назы қырық кісіні мас қылады», «Қыз – жат жұрттық»деп әлпештейді. «Қыздың қабағында құт бар. Қыз қабағы – күрең тартса – ел жұтқа шалдығады. Қыздың қабағы күлімдесе – құт қонады. Қызды қорлаған қызыл шақасынан айырылады.Қыздың жолы қырық кісінің жолын бөгейді.Қызды жылатқанның қырсығы қырық есекке жүк болады»деп ырымдап, қыз баланы адамның бақытына балайды.
4. Жол үстінде келе жатқан жолаушыдан «Қайда барасың»деп сұрамайды, қайта «Жол болсын» деп ақ жол тілейді.
5. Жазғытұрым мал төлдеген кезде бірінші сауыннан алынған иіндіні асқа қолданбайды.Майды да жемейді.Маймен есіктің жақтауы, маңдайша, қазан ошақтың құлағы мен сирағы майланады.Себебі, ақ мол болсын, індет шалмасын, сауар көбейсін ақ пен бақ қонсын, мал басы артсын деген ниеттен туған ырымның жоралғысы.
6. Дастарқан басында, ас алдында, тамақтанып отырғанда сырттан сәлем берген кісінің қолын алмайды. Бас изеп, асқа кел деп шақырады.Жуылмаған қолды астан артық көру – адамдық қасиетке жатпайды.Астан аттауға болмайды.Майлы ас жеп отырып қолды сілікпейді.Бұлай істегенде ас сілкінеді, дәм-тұз атады деп ұйғарылады.
7. Қазақ нанды баспайды.Нан аса қасиетті деп есептеледі.
8. Бала емізіп отырған әйел омырауын басқа кісілерге көрсетпеуі тиіс.Баланы қалқалап отырып емізеді.Бұл кезде сөйлемейді.
Себебі,басқаның көзі омырауға түссе- емшегі ісінеді деп ырымдалады.
9. Қазақта қолды жуып болған соң сілікпейді.Суды сорғытып барып, орамалмен сүртеді.
9.1Қазақта көз тиеді,сұқ өтеді, тіл батады деген ұғым бар.
Кейбіреулерді «сұқ көзді, сұқ тілді»деп сескенеді.
Көз сұғы – жақсы адамға, жас балаға, жүйрік атқа, қыран құсқа, сұлу қызға, қайсар батырға, қайратты палуанға тиеді деп нанады.Сондықтан ас пен тойларда палуандарды, жүйрік атты көптің көзінен тасада ұстайды.Онысы – тіл мен көздің сұғы тимесін дегені.Біреу жас келінге немесе сәбиге сұқтана қараса «көзің тиеді, қара жерге түкір»деп жерге түкіртеді. Көз тисе «сұқ-сұқ»деп, тіл тисе «тіфә-тіфә»деп, ерекше мақтаса «тілің тасқа»деп қайырым айтады
10.Дастархан басында,кісі көп жерде керілмейді және адамға қарсы
қарап тұрып керілуге де болмайды.
11.Көш бастауға тиісті кісілердің он екі мүшесі бүтін болуы керек.
Кемтар адамдарға бұл міндет жүктелмейді. Дені сау адам
бастаған елдің жолы болады деп ырымдалады.
12.Бейтаныс екі кісі жол үстінде кездесіп, бірімен-бірі тез шүйіркелесіп
кетсе, жұлдыздары жарасқан деп саналады.Біріне-бірі жұғыса
алмай, мәміледе болса, жұлдызы қарсы тұр деп ұйғарылады.
13.Шөбересінің алақанына су құйып ішкен қарт жұмаққа барады деп
ырымдайды.
14.Түн ішінде қарыз сұрамайды.Түн зауал уақыты, қарыз сұрау жан
сұрағанмен бірдей деп саналады.
15.Сақал мен шашты жұлмайды.Құлақты созбайды.Көзді
ажыраңдатпайды.Бұл жамандық.Нәубетке,зұлымдыққа ұшыратады
деп ырымдайды.
16.Қазақта бала ата-анасына тіл тигізбейді, қол жұмсамайды.Бұлай
істесе құдай атып, жер жұтады деп сескенеді.

12-оқушы: Халқымыздың ұлттық дәстүрі бойынша, кісіні сыйлау, құрметтеу, оның кісілігін үйрену әрбір жастың парызы болып табылады. Үлкен кісінің алдынан қия өтпеу, үлкен адамға орын беру, оны төрге шығарып құрметтеу, оған сәлем, көңіліне қарау-адамгершілік борыш ретінде қалыптасқан дәстүрлер. Ерлік пен елдік, отаншылдық пен сүйіспеншілік, ынтымақ пен бірлік, жан тазалығы мен адал достық – бәрі де ақын- жырауларымыздың жыраулық поэзиясынан орын алған.
Жүргізуші: Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан қазақ халқының эстетикалық көзқарастары алғашқы рет қазақ ағартушы демократтары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбаев шығармаларында теориялық қорытындылауын және одан арғы дамуын тапты.
Күй(С.Тұрыспек) «Ақ жауын»,орындайтын Жангелді.
4-бөлім.

Қорытынды сөз.(Тақтада дала даналарының аттары жазылады)
Ұлы Даланы сан ғасырлар бойы мекендеген ата-бабаларымыз қылыш ұстап серт берген дәуірден – құран ұстап ант берген заманға дейін талай-талай асулардан асып, бұралаң-бұлтарысы көп жылдардан өткен. Сырт көзге сыр бермейтін көшпелі өмір-тіршіліктің қаншама асылдары мен құндылықтары тарихтың аударылған ауыр парақтарының астында қалып бара жатыр.
Дала даналары:
Қорқыт ата, Әбу Насыр әл-Фараби,Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Иассауи,
Сүлеймен Бақырғани,Кетбұға,Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз,Ақтамберді,
Үмбетей, Бұқар жырау, Шал ақын,Махамбет,Сүйінбай т.б.
Қазақтың дәстүрлі музыкасының ерекшелігі.
Қазақ даласын А.В.Затаевич «ән теңізі» деп атаған. Шынымен, ұзатылып бара жатқан қыз әдетте «өз сыңсуын» өзі шығарып, айтатын. Ешбір жас жігіт өзінің сүйгеніне махаббатын қарапайым күнделікті әңгімелесетін жай ғана прозалық формада айтпай, арнайы әдемі ән шығаратын. Үйлену салтының тойларында ғұрыптық әндердің орындалуы музыкалық-поэтикалық спектакльдерге айналатын. Адам қайтыс болғанда да ән айтылатын (жоқтау).
Қазақ адамы отбасымен, румен, тайпамен, тығыз байланыста болды. Бүкіл мейрамдар ортақ болды және барлық адамдардың көз алдында өтті. Осындай бірлесудің айшықты көріністеріне «Наурыз», «Шілдехана», «Той», «Тұсау кесу», «Ас»және т.б. жатады. «Жалғыздың шаңы шықпас» деген мақалдағыдай, бірліктің маңыздылығы ерекше аталып өтті. Қазақ эстетикасы қазақ этикасымен тұтасып келеді.
Қолданылған әдебиет: «Қазақ халқының философиялық мұрасы»
«Аударма»баспасы,Астана қаласы,12-том
«Қазақ этикасы және эстетикасы»

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения