Сабитова Алия Даулетжановна
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Северо-Казахстанская область, город Петропавловск
30.12.2014
0
1283
0

Қазақ тілінен сыныптан тыс сабақ "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ"

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

Тақырыбы: Тіл құдіреті

Мақсаты: Ата-бабадан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең қымбат қазына мақал-мәтелдерді оқушыларға үйретіп ұғындыру;

Ой белсенділігін сөздік қорын молайту;

Отбасы дәстүрін сақтауға, ата-аналарын, қарттарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Жоспар:

-Ойынды ашу

- Ойыншыларды таныстыру

- Қазылармен таныстыру

- Ойын тәртібін түсіндіру

- Мақалшылар сайысы

- Жұмбақшылар сайысы

- Мақалшы мен жұмбақшы сайысы

- Ән шашу

- Қорытынды

Барысы:

Мұғалім: Күз мезгілі сәніміз,

Балдәурен біздің әніміз.

Біз бастадық сайысты,

Қош келіпсіз бәріңіз.

Құрметті ұстаздар, оқушылар «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Ортаға бүгінгі қатысушыларымызды шақырамыз.

 

Мұғалім: Қазылар орнықтырар әділдікті,

Қай топтың жауаптары кәдік шықты.

«1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Ойынды бастамас бұрын сіздерді осы сайысқа әділ баға беретін, әр айналымның есебін шығарып, қорытындысын айтатын қазылармен таныстырып өтейік.

 

І таныстыру.

1-айналым: Мақал айту. «Мақалшылар сайысы» (Сайысқа қатысатын оқушылар шақырылады, 5 оқушы қатысады, бірінші айналымда бір оқушы шығады).

1-айналым 3 тапсырмадан тұрады.

1-тапсырма: Әр мақалшы өздері дайындап келген мақалдарын айтады.

2-тапсырма: Мақалдың алғашқы жолы оқылады, ал ойыншы жалғастырады. (Жалғастыра алмаса қарсыласы жалғастырады)

1. Ананың көңілі балада,

    Баланың көңілі далада.

2. Ананың сүті- бал,

    Баланың тілі- бал.

3. Ұлдың ұяты әкеге,

    Қыздың ұяты шешеге.

4. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да,

    Қарызынан құтыла алмайсың.

5. Көп жасаған білмейді ,

    Көпті көрген біледі.

6. Әдепті бала – арлы бала,

    Әдепсіз бала сорлы бала.

7. Қарт кісіні қадірле,

    Өзіңде қарт боларсың.

8. Туған жердің қадірін ,

    Шетте жүрсең білерсің.

9. Қына тасқа бітеді,

    Білім басқа бітеді.

10. Сөздің көркі – мақал,

     Жүздің көркі – сақал.

11. Білімсіз өмір...

12. Отансыз адам -...

13. Туған жердей жер болмас...

14. Отан үшін отқа түс -...

15. Не ексең соны -...

16. Оқу білім бұлағы -...

17. Жақсыға сөз ілеседі,...

18. Туған жердің қадірін,...

19. Бал тамған тілден,...

20. Жылы - жылы сөйлесең,..

 

Мұғалім: бірінші айналым аяқталды, әділ-қазылар шешімін шығарып жатыр, ал біз би тамашалайық.

 

2-айналым: «Жұмбақшылар сайысы». Ендеше ортаға бүгінгі сайыстың        2-айналымына қатысатын жұмбақшыларымызды шақырамыз               (1 оқушы шығады).

 

Мұғалім: Бұл сайыс 2 тапсырмадан тұрады.

 

1-тапсырма: жүргізуші жұмбақ айтады, ойыншы шешуін табады, үш тілде айтады.

1. Ақ сандығым ашылды,

    Ішінен жібек шашылды.             (күн)

 

2. Аласа ғана бойы бар,

    Тоғыз қабат тоны бар.                 (Пияз)

 

3. Аяғы жоқ жүреді,

    Аузы жоқ сөйлейді.                   (хат)

 

4. Бірде орақпын,

    Бірде доппын,

    Бірде бармын, бірде жоқпын.             (ай)

 

5. Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың,

    Бұл үйден көреген болып шығасың.                               (Мектеп)

 

6. Бетін адам ашады,

    Білім нұрын шашады.                                   (Кітап)

 

7. Тікен-тікен тік пісте,

    Қысы-жазы бір түсте.                          (шырша)

 

8. Көше бойлап аяңдайды,

    Адам тасып аялдайды.        (Автобус)

 

9. Түсі қызыл, құйрығы ұзын,

    Өзі қу, жүрген жері у-шу.                   (түлкі)

 

10. Тақылдатып таңдайды,

      Уақыттан бір қалмайды.      (сағат)

 

11. Тиіскенді түйреген,

      Киімі бар инеден.            (кірпі)

 

12. Жолбарысқа ұқсайды,

     Тышқанды ғана ұстайды.                   (мысық)

 

Мұғалім: 2-тапсырма екі ойыншы қалады. Өздерінің дайындап келген жұмбақтарын бір-біріне айтып шешуін табады.

 

Ағылшынша өлең.

 

2-айналым жеңімпаздары анықталып 3-айналымға қатысады.

 

Мұғалім: «Мақалшы мен жұмбақшы сайысы». 3-айналымға 2 айналымның жеңімпаздары шығады. Жүргізуші жұмбақшыға жұмбақ айтады. Жұмбақшы шешуін табады, үш тілде айтады. Ал мақалшы жұмбақтың шешуіне байланысты мақал айтады.

 

1. Баласымын даланың,

    Туғаннан дақсыз қарамын.

    Қыс келсе жұртты жылатып,

    Үйді үйге барамын.                         Көмір

 

Еңбексіз өмір – сөнген көмір .

 

2. Сөзі дана үні жоқ,

    Сөйлемейді тілі жоқ.

    Қолына алсаң – шешен,

    Ақылы асқан көсем.                 (Кітап)

 

Кітап –білім бұлағы,

Білім – өмір шырағы .

 

3.Төңкерілмейтін күбі,

   Көтерілмейтін күбі,

   Шүпілдеп – ақ тұрса да,

   Көрінеді күбі.                       (Құдық)

 

Оқу инемен құдық қазғандай.

 

Мұғалім: - Ал енді құрметті көрермендер әділқазы алқасы өздерінің әділ шешімін шығарғанша біз керемет ән тыңдайық.

 

Әділқазыларға сөз берейік

-Аталар сөзіменен өсіп өнген,

Бабалар бұлағынан нәр алған.

Даналар өсиетінен тәрбие алған

Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен

Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен – деп сөзімді аяқтап уақыттарын бөліп бүгінгі сайысқа қатысуға келген қонақтарымызға үлкен рахметімізді айтамыз. Бүгінгі бастамамыз әрі қарай жалғасын таба берсін. Рахмет.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения