Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
30.12.2014
0
519
0

Қарқымбаева Жансұлу Мақсымқызы, учитель казахского языка и литературы ГУ «СОШ № 2» города Аркалыка, Костанайской области, Казахстан





Пән : қазақ тілі

Тақырыбы:   «Тіл – таным»

Сынып : 5-6

Мақсаты: Оқушылардың білімдерінің деңгейін анықтау, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Көрнекілігі :  Интерактивті тақта, кеспе қағаздар.

 Сабақтың түрі: зияткерлік ойын

 Сабақтың барысы:

     Мұғалім: Қымбатты ұстаздар мен оқушылар  қазақ тілі апталығына  орай

5 А және 6 А сыныптар арасында  «Тіл - таным»  атты зияткерлік ойынымызға  қош келдіңіздер.   

Туған  тілім- тірлігімнің айғағы

Тілім   барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім, менде бірге өсемін

Өшсе тілім мен де бірге өшемін   -деп Әбділда Тәжібаев ағамыз жырлағандай.

Алдарыңызда   5 А және 6 А сынып оқушыларын қарсы алыңыздар.

   Мұғалім: Сайыскерлеріміздің білімін, шешендік шеберліктерін бағалайтын әділ -  қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

     Ойынымыз  8 кезеннен тұрады. Әр жауап 1-5- ке  дейін   ұпаймен белгіленіп отырылады. Сонымен, оқушылар, іске сәт, жұлдыздарыңыз жансын!

 

                           1 кезең Таныстыру

 

Сайыскерлерімізбен таныстырып өтейін.

5 «А» сынып оқушылары.

6 «А» сынып оқушылары.

 

             2 кезең  «Полиглот»

Мұғалім: Бұл ойында мақал- мәтелдің түсіп қалған сөздерін тауып, үш тілдегі баламасын айтады. Бір сұраққа жауап беріп,бір нұсқасын айтса

5 ұпай, қазақша, орысша, ағылшыншасын айтса 15 ұпай жинайды.

 

I –топ

  1.       Өнер алды- қызыл ...            (тіл- язык- language)
  2.       Білекті бірді жығар,

Білімді ... жығар.                (мың-тысяча- thousand)

          3.Тіл ... жарады,... жармаса бас жарады.( тас- камень- stone)

4         ... кілті- тіл. (білім- знание- knowledge )

 

           II – топ

  1.       Ана сүті бой өсіреді,

                  ... ой өсіреді.          (ана тілі – родной язык – native language)

  1.       Туған жердей,жер болмас,

Туған елдей ... болмас. (ел-страна - country)

  1.       Отансыз адам- ... бұлбұл. ( орман-лес - wood )
  2.       Ағаш тамырымын мықты,

Адам ... мықты.             (дос-друг-friend)

 

3 кезең  «Бәйге» әр сұраққа жылдам, шапшаң жауап беру керек.

 

          I –топ

  1.       Қазақстан Республикасында тілдер мерекесі қай айда өткізіледі?
  2.       Қазақстанның бас қаласы?
  3.       Қазақстан Республикасының  рәміздеріне нелер жатады?
  4.       Төрт жыл мезгілін атаңдар?
  5.       Қазақ тілінде қанша әріп бар?
  6.       Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?
  7.       Мұғалім сөзінің синонимі
  8.       Бір жылда неше ай бар?
  9.       Бүгін нешесі?
  10.   Қазақ тілінде неше септік бар?

 

                     II – топ

  1.       Қазақстан қандай мемлекет?
  2.       Қазір қай жыл мезгілі?
  3.       Бір айда неше апта бар?
  4.       Буынның түрлерін атаңдар?
  5.       Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?
  6.       Мектебіміз неше қабатты?
  7.       Елтаңбаның авторлары кімдер?
  8.       Отан сөзінің синонимі
  9.       Қазақ тілі қай халықтың ана тілі?
  10.    Бір жылда қанша күн бар?

 

               4 кезең  «Өлең сөздің паташасы» Оқушылардың кез келген тақырыпта  өлеңді мәнерлеп  жатқа айту керек.

 

               5 тур «Қылқалам» Бұл кезеңде әр топ мүшесі грамматикалық тапсырмалар орындайды.

          I –топ

Ілік септіктің жалғауларын дұрыс жалғаңдар.

 

  1.       Бала... ойыншығы.
  2.       Гүл... иісі.
  3.       Құ... ұясы.
  4.       Қобыз... үні.

 

 

           II – топ

Көп нүктенің орнына барыс септігінің жалғауын қойып жазыңдар.

  1.       Әсет кітапхана... барды.
  2.       Ұшақ жер... қонды.
  3.       Болат... хат келді.
  4.       Апасы немересі... ертегі айтты.

 

 

6 кезең «Әріптер сайысы»

 

          I –топ    А, Е, Т, О, С

 

  1.       Қазақ тілі пәні ұнай ма?
  2.       Бүгін нешесі?
  3.       Алма тәтті ме?
  4.       Қар қай кезде жауады?
  5.       Досың кім?
  6.       Бір жылда неше ай бар?

 

           II – топ   Ә, Б, М, Н, Қ

  1.       Қандай елде тұрасың?
  2.       Елтаңбада не бар?
  3.       Бос уақытында не істейсің?
  4.       Сыныбында қанша оқушы бар?
  5.       Қайдан келдің?
  6.       Туда не бар?

 

 

7        кезең Топбасшылар сайысы

Әрі оқу, әрі ойын (сөз айтысы)

Ойынның шарты: белгілі бір сөзге дыбысталуы ұқсас, ұйқас сөз келтіру. Мысалы : палка- таяқ, нога – аяқ.

 

Родник – бұлақ                                          язык - тіл

ухо –құлақ                                                   слон- піл

 

пословица- мақал                                       слово-сөз

борода –сақал                                              глаз-көз

 

оценка – баға                                             облако - бұлт

берег – жаға                                                нация – ұлт

 

 

 

8        кезең «Өнерлінің өрісі кең»

Оқушылардың дайындалып келген өнеріне тоқталайық.

Әділ-қазылар  алқасына сөз берейік.

Ойынды қорытындылау. Жеңімпаз топты анықтап марапаттау.

Мұғалім:     Ана тілің- арың бұл,

                      Ұятың боп тұр бетте.

                      Өзге тілдің бәрін біл,

                      Өз тіліңді құрметте,- деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, ана тілінің мәртебесін көтеріп, құрметтейік!

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения