Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
09.04.2012
0
3476
0

Наурыз мерекесі

Год: 2012

Страна: Казахстан

Кызылординская область,Казалинский район,пос Басыкара,школа №182

Учитель технологии

Агибаева Жанагуль Абдиалимовна

 

Сабақтың тақырыбы:

 Наурыз мерекесі

 

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік: Оқушылар «Наурыз мерекесі» тақырыбында қазақ халықының салт – дәстүрі, ұлттық киімі, тағамы, ұлттық ойындары туралы білім алады.

 Дамытушылық: Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін

наурыз мерекесінің ерекшелігі, салт – дәстүрі, өз ұлтына

деген сүйіспеншілігі артады. Сабаққа қызығушылығы,

белсенділіктері, ізденімпаздық қабілеттері дамиды.

Тәрбиелік: Оқушылар өз ұлтының мәдениетіне, салт –

дәстүрін құрметтеуге, имандылыққа, қонақжайлылыққа, ұжымдық сыйластыққа тәрбиеленеді.  

 

Сабақ түрі: Сайыс сабақ

 

Әдісі: Тақырып ашу, сахналау, сиқырлы таяқша, топтық.

 

Көрнекілігі: Көрме бұрышы, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер, үлестірме қағаздар.

 

Пәнаралық байланыс: Халықтық педагогика, ана тілі, ән.

 

Сабақ барысы:

 

І. Ұйымдастыру

 

1. Сәлемдесу, түгелдеу

2. Топқа бөлу

3. Сабаққа дайындығын тексеру

 

ІІ. Қызығушылығын ояту

 

Тақырып ашу.

Жұмбақты дұрыс шешсек, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы шығады.

 

  1. Аш болсаң

Қарныңды тойғызар.        (Нан)

  1. Бірде мен,

Тәтті нәр берер жәндікпін.

Бірде мен

Бөрене тілер әйдікпін.     (Ара)

  1. Шипалы нәр бергізген. (Уыз)
  2. Өзі үлбіреп тұр,

Мұртының тиген жері күлдіреп тұр.  (Райхан гүлі мен тікені)

  1. Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.   (Қозы)

  1. Отқа жанбайды,

Суға батпайды.                        (Мұз)

 

ІІІ. Мағынаны тану.

 

  1. Наурыз – шат – шадманды ойын-сауық, той басы. Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп той тамаша қылады екен. Кей жерлерде «Наурыз тойы» депте атады. Бұл күн үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп көңілді ойын сауықтар жасалады.Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге  қатты тиым салынған. Тойға  ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі, айтыс, түрлі ойындар мен көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары  айтылады Әркім үлкендерден бата тілейді.  
  2.  Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке  арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәммен :  сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс  тағы да сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы шұжық сияқты  сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықылыаспен  ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік ұлттық тағылымы өте зор. Ол барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.

Наурыз – тоқшылық күні Қазан оттан түспейді.Әр үй Наурыз көже

істейді. Уыз қатырылады. Сорпа сапырылады

3       Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – осы Наурыз бата. Мұнда наурыз мерекесін өткізгендерге осы күнге арнап:  «Наурыз көжеге» шақырғандарға,  тойда  өнер  көрсеткен ақын, әнші палуандарға тағы басқа өнерпаздарға, жас талапкерлерге, ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді . Бата жалпы жұртшылыққа, көпшілікке бүкіл қауымға , ауылға да беріледі.

 

                                 Мысалы :  

Өркенің өссін !

Әр күнің Наурыз  күніндей берекелі болсын !

Ұлың – оңға , қызың қырға  қонсын !

Еліңе елеулі,  халқыңа қалаулы бол!

Айың тусын  оңыңнан,

Жұлдызың тусын солыңнан.

Бақ берсін, Қыдыр дарысын !

 

    Жастар бұл күні үлкендерден бата  алуға тырысады және наурызда алған батаның  орны  бөлек. Мұндай батаны  « уыз бата » деп дәріптейді.

  А) Топқа әңгіме бөлігін тарату. (уақыт беріледі, әр топ бір – біріне түсіндіреді)

Ә) Аквариум әдісі (Бұл кезеңде топтан бір - бір оқушыдан мәтін мазмұнын рет – ретімен толық баяндайды ).

Б) Сұрақ – жауап.

1. Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден қандай ерекшелігі бар?

2. Наурыз көже қалай дайындалады?

3. Наурыз батаны жатқа айтып бер.

 

ІV. Топтық тапсырмалар.

 

Әр топтан топ басшысы қоржыннан топқа қойған аттарын алады.

Топтың аттары:

 

«Алтыбақан» тобы

«Наурыз көже» тобы

«Киіз үй» тобы

 

2 – тапсырма: Сурет бойынша әңгіме құрау.

Топтарға ақ қағаз таратылады. Наурыз тойы бейнеленген сурет бойынша әр оқушы 1 сөйлемнен жазып мәні құрайды. Жазылған сөз бір – бірімен байланысы болу керек. Сонда суретке байланысты мағыналы мәтін шығады.

 

Сергіту сәті: Наурыз туралы ән.

 

3 – тапсырма: Сахналау.

Әр топ салт – дәстүрге байланысты көрініс қояды. Ол үшін қоржыннан тапсырмаларын алады.

«Наурыз бата», «Бесікке салу», «Тұсаукесер».

 

4 – тапсырма: «Сиқырлы таяқша»

Наурыз тілек.  

 

V. Қорытынды. 5 жолды өлең. 

1. Зат есім

2. Сын есім

3. Сө тіркесі

4. Сөйлем. Етістік. Не істеді?

5. Синоним.

 

VI. Топтарды марапаттау:   Гүлдермен бағалау.

Қызыл гүл, жасыл гүл, сары гүл. 

 

VIІ. Үйге. Наурыз мерекесін түрлі түсті қағаздан жапсыру. 

 

Скачать урок 

nauryz-merekes.doc [47 Kb] (cкачиваний: 20)


Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения