Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
30.12.2014
0
504
0

Шаханова Бибинур Куанышевна, учитель истории и географии Средней школы №5 Тайыншинского района, Северо-Казахстанской области, Казахстан





Пән: Қазақстан тарихы              5-сынып

Тақырыбы: «Біз Елбасымен біргеміз»

 

Мақсаты: . Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Міндеті:

 - Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
 -Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Күтілетін нәтиже:

 Тәрбие сағатының барасында  Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат алу, Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу көзделді.

Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер,

 кітап көрмесі :« Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент»

 

Сабақтың түрі: сайыс- сабақ

 

Қолданған әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс,  трек-сызба, « Буриме»-төрт жол өлең, рефлексия.

                                      Сабақтың барысы:

 

Оқушылар екі топқа бөлінеді:

1 топ- «Қырандар»

2 топ –«Жас Ұландар»

         

    1. Кіріспе:

 

Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .

Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет.

Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.


    Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді
   

Өмірбаяны:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

2. Блум таксономиясы.
ҚР президенті туралы не білесің?

Кестені толтыр

Кім?  

Қашан?  

Қайда?

Қалай?

Қандай?

 

Жауаптары

Кестені толтыр

Кім?   Н. Ә Назарбаев 

Қашан?    1940жылы

Қайда?Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген

Қалай? Еңбекқорлығымен, Отансүйгіштігімен,  халқына деген өрен сүйіспеншілігімен еңбек етіп келе жатыр

Қандай? Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласында металлург болып бастаған. 1969-1989 ж.ж. аралығында лауазымды жұмыстарды атқарған. 1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР-нің тұңғыш президенті. 1991 жылы 1 желтоқсан ҚР-ның президенті. Біздің тұңғыш президентіміз, көшбасшымыз.

 

Н.Ә.Назарбаев

ҚР-ныңпрезиденті

3.Президент тұлғасына  суреттеме:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жауаптары:еңселі, келбетті, кең маңдайлы, тік мінезді, дегеніне жететін, көрнекті, басшы тұлға.

 

4.Буриме:

               ----------- атам

               -----------  елім

                ----------- қорғайды

               -----------  ойлайды

 

5. Рефлексия

Тәуелсіз елдің болашағы дарынды ұрпақта

Сіздер өздеріңізді:

-Дарынды

-Шығармашыл

-Білімді

-Жан-жақты

-Дара тұлға екендеріңізді көрсеттіңіздер.

Жарайсыңдар!

Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения