Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
29.12.2014
0
613
0

Зиядина Кенжегул Сабитовна, учитель казахского языка ГУ «Школы гимназии № 32» г.Астаны, Казахстан





Зиядина Кенжегүл,

Қазақстан .   Астана қаласы.

№ 32 мектеп гимназияның

Қазақ тілі пәні мұғалімі, ІІ санат

 

                                      ( 4 сынып)

 

Сабақтың  тақырыбы :  Атамекен

Сабақтың мақсаты: Білімділік- «Қазақстан» тарауы бойынша өтілген материалды пысықтау, бекіту.

Дамытушылық- оқушылардың өз пікірлерін ашық айтуға дағдыландыру. Шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздық ой-өрісін арттыру.Ауызекі сөйлеу мәнерін, білімін жүйелеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік: Отанын, ата-анасын сүюге баулу, патриоттық сезімін ояту.

Сабақтың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет»  Ш.Уәлиханов.

Сабақтың типі: оқушылардың  сабақта танып-білген материалдарын бекіту, жинақтау сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес. «Алтын қақпа» зияткерлік ойын-сабағы.

Сабақтың әдісі: интерактивті әдіс, сұрақ-жауап, жинақтау,миға шабуыл, ойын,ребус шешу,топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:  интерактивті тақта,слайдтар, дидактикалық материалдар,алтын сандық, сабақтың ұраны жазылған плакат,стикерлер,ҚР-ның  картасы.

Күтілетін нәтиже:

-         Сабақта қолайлы жағдай туады;

-         Оқушыларды белсендіреді және қызығушылықтарын арттырады;

-         Бар білімдерін, тәжірибелерін және әр түрлі жағдайларда сөйлесу дағдыларын қолдануға мүмкіндік береді.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру  кезеңі:

1.1.Сәлемдесу.

 1.2.ҚР-ның  әнұраны орындалады.

 1.3.Психологиялық дайындық.

1.4. Ауызекі сөйлесу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

2.1.Сандар сөйлейді. Берілген сандар арқылы  Қазақ елінің тарихи даталарын еске түсіру

20.08.1920 жыл

16.12.1991жыл

1929-1997 жылдар

1998 жыл

1992 жыл

30.08.1995 жыл

15.11.1993 жыл

1988 жыл

 

ІІІ. Жаңа сабақтың барысы:

-Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен  оқушылар ! Біздің «Алтын қақпа» зияткерлік ойын-сабағымызға қош келдіңіздер!

- Балалар,бүгін біздің сабағымыз басқа сабақтардан ерекше өтеді,  біз сабақта Қазақстан тарауы бойынша алған білімдерімізді пысықтап, бекітеміз. Сондықтан сабақта  «Алтын қақпа» зияткерлік ойынын ойнап,білімімізді көрсетеміз.

-Ол ойынды бастамас бұрын топқа бөлінейік.Ол үшін мына жерден өздеріңе ұнаған түстерді алыңдар.Көк түсті таңдаған оқушылар оң жақтағы үстелге отырыңдар; қызыл түсті таңдаған балалар сол жақтағы үстелге жайғасыңдар:

-Ал енді ойынымызды бастайық.Алдымен ойын шартын түсіндірейін.   Алтын қақпа ішінде алтын сандық бар, сол сандықтың ішіндегі қазынаға  қай топ бірінші болып жетсе,сол топ алтын сандыққа ие болады.Ол қақпаға жету үшін тас қақпа мен күміс қақпаны ашу керек.Егер ойын шарты бойынша сұрақтарың болмаса, онда ойынды бастайық:

1-қақпа. « Тас қақпа» тапсырмалары: «Суреттерді сөйлет ойыны»

 Ойынның шарты : Интерактивті тақтадан екі топқа мазмұнды 2 сурет көрсетіледі.Оқушылар суреттер бойынша топ-топпен 8-10 сөйлем көлемінде мәтін құрастырады.

І топтың құрастыратын  мәтіні. « Астана-арман қала»

ІІ топтың құрастыратын  мәтіні « Қазақстанның табиғаты»

Әр топ өздерінің құрастырған әңгімелерін оқып болғаннан кейін тас қақпа ашылады.

-Жарайсыңдар балалар,бір асудан  өттіңдер,ал енді екінші қақпаны , яғни күміс қақпаны ашуға кірісейік.

-Ал,іске сәт! Мен екінші тапсырмамен таныстырайын.

 2- қақпа. «Күміс қақпаның» тапсырмасы.

«Қоржында не бар?» ойыны

Ойынның шарты:  сиқырлы қоржындағы сұрақтарға дұрыс жауап беру.

І топқа қойылатын сұрақтар.

Сөйлейміз.

1)    ҚР-сы  қандай мемлекет?

2)    ҚР-ның  президенті кім?

3)    Астана ҚР-ның  нешінші астанасы?

4)    ҚР-ның  рәміздері қашан қабылданды?

5)    Біз Қазақстанның қай бөлігінде тұрамыз?

6)    Туған жер туралы мақал-мәтелдерді жалғастырыңдар

А) Отанды сүю.....

Ә) Туған жердің қадірін...

 

ІІ топқа қойылатын сұрақтар.

 

1)Қазақстанның жер көлемі неше шаршы километр?

2)Қандай елдермен шектеседі?

3)Еліміздің рәміздерін атаңдар?

4)ҚР-ның  ұлттық валютасы қалай аталады?

5)Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?

6) Туған жер туралы мақал-мәтелдерді жалғастырыңдар

А) Ел-елдің бәрі –жақсы...

Ә)Жері байдың...

 

-Өте жақсы, міне күміс қақпа да ашылды.

-Енді алтын қақпаны ашпас бұрын,біраз серігіп,бой жазып алайық.

 

Cергіту сәті.

 

-Ал енді бой жазып,демалып алсақ,ең күрделі «Алтын қақпаны» ашуға кірісейік.

 

 3-қақпа. «Алтын қақпаның»  тапсырмасы:

«Кім жылдам?» ойыны.

 Ойынның шарты : мына сандарды дұрыс атасаңдар, Қазақстанда мекендейтін жануарлардың аттары шығады.Ол үшін сандардағы бірінші әріптерді дәптерге жазып отырыңдар.

 

90

60

8

5

6

40

6

 

1000

6

80

60

 

 

      

1

30

4

6

 

               

 

 

Әр топ өздерінің құрастырған сөздерін оқиды.Осы кезде алтын қақпа ашылып,ішінен  алтын сандық ашылады.

-Міне, керемет, алтын сандықты ашайық деп,- мұғалім сандықты ашпақ болады,бірақ ол оңайлықпен ашылмайды.

-Балалар, сандықты ашу үшін алдарыңдағы ребусты шешу керек.Ребуста еліміздің қазба байлықтарының аттары жасырылған.

Миға шабуыл:

І топ:                     

        

   ,

   К   №

 

 

 

6 Н

 

  

-         Балалар осы қазба байлықтар еліміздің қай жерлерінде өндіріледі?

    ІІ топ:

     , ,

        7              з                7  з

 

       , ,

  газет

 

 

 

-Балалар Қазақстан картасынан аталған қазба байлықтарды іздеп табыңдар.

Балалар ақырғы тапсырманы да ойдағыдай орындап шығады.Осы кезде  алтын сандық ашылып, ішінен сары қағаздан әдемі етіп жасалған бестік бағалары шығарылады.

ІV.  Бағалау.

V.  Рефлексия : Оқушыларға  түрлі –түсті стикерлер таратылады.Олар сабақтан алған әсерлерін,ұнаған,ұнамаған жақтарын белгілеп,көрсетіп тақтада ілулі тұрған смайликтердің біріне жабыстырады.

VІ.  Үйге тапсырма: «Менің Қазақстаным» тақырыбына эссе жазу.

VІІ.  Мұғалімнің қорытынды сөзі : - Балалар, бүгінгі сабағымызды мынадай өлең шумақтарымен аяқтағым келіп тұр :

Отан десем оралады ойыма
Ақсақалды, ақ шапанды қария,
Туған жерім - құт мекенім, дариям,
Егеменді елім, туым, әнұран,
Қанатымды қағып ұшқан жанұям.

Осы жолды аңсап еді еліміз,
Ар-намысты батыр туған жеріміз.
Мақтан етер бай мұрасы, салты бар,
Мен сүйетін қалың қазақ, халқым бар.

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения