Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
29.12.2014
0
1074
5

Мажитова Айнакөз Амангелдіқызы, Астана қаласы, № 32 МГ





     Мажитова Айнакөз Амангелдіқызы, Астана қаласы, № 32 МГ

       Қазақ тілінен сабақ жоспары.

Сынып: 3 -сынып

Сабақтың тақырыбы:Дәрумендер.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Оқушыларға азық-түліктегі,жеміс-көкөністегі витаминдердің адам ағзасы үшін маңызы және витаминдер туралы ақпарат беру.

2.Тілдамытушылық: көру, есте сақтау, сөйлем құрай білу қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, тілдесім әрекетін жандандыру;

3.Тәрбиелік: жеке бастың гигиенасына және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Оқушы нені білуі тиіс: тәуелдік жалғауларын  орынды қолдануды, сөйлем құрауды және фонетикалық талдауды білу.  

Оқушы нені игеруі қажет: сөздер арқылы  сөйлем құруды, сөздерді сөйлемде дұрыс қолдануды  игеру.

Сабақтың түрі: ойын сабақ.

Сабақтың әдістері: сұрақ -жауап, әңгіме, көрнекілік, ойын, ой шақыру. 

Көрнекiлiктер, техникалық

құралдары:  интеактивті тақта, смайлдар, суреттер, семантикалық карта. 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңi:

  •         Оқушылармен сәлемдесу;
  •         Сыныптың, тақтаның тазалығына көңіл бөлу;
  •         Жоқ оқушыларды белгілеу, анықтау;
  •         Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
  •         Сұхбат өткізу:

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Күз айлары қандай?

-Қазір қандай ай?

-Бүгін нешесі?

-Бүгін неше сабақ?

-Қазір қандай сабақ?

-Ендеше балалар,  сабағымызды бастаймыз. Бүгінгі сабағымызға белсене қатысқан балаларға смайлдар беріліп отырады, сондықтан жақсы баға алуға талпынайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-Балалар,дүкендердің қандай түрлері бар?

-Ойыншық,азық-түлік,киім,аяқ киім дүкендері бар.

 

-Балалар, азық-түлік дүкенінде қандай тағамдар сатылады?

-Азық-түлік дүкенінде нан,сүт,қаймақ,айран т.б.тағамдар сатылады.

-Балалар,үйге қандай тапсырма берілді?

-Үйге 4-тапсырма диологты жаттауға берілді.

-Ал,енді үй тапсырмасын тақтаға Маша мен Лиза шығады. Диологты екі оқушы тақтада айтып жатқанда , қалғандары басқа тапсырма орындайды.

Содан кейін  екі оқушыдан үй тапсырмасын сұраймын.

-Сен қайда барасың?

-Мен дүкенге барамын.

 -Сен не сатып аласың?

-Мен балмұздақ сатып аламын.

-Балмұздақ қанша тұрады?

-Балмұздақ 60 теңге тұрады.

-Сен неше балмұздақ аласың?

-Мен екі балмұздақ аламын.

-Саған қанша теңге керек?

-Маған 120 теңге керек.

-Ал, балалар, диалог не туралы болды?

 –Азық-түлік туралы болды.

- Азық-түліктердің қандай пайдасы бар?

-Азық-түлікте бізге керек дәрумендер бар.

ІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру

 Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Балалар,біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан ерекше болмақ,себебі бүгін ойын сабағы.Бүгінгі тақырыбымызды біз сөзжұмбақ арқылы білеміз.Сөзжұмбақты шешу. Слайд.Сөздерді аудару.

1.мароженое

2.конфет

3.вода

4.сыр

5.молоко

6.сахар

7.мяч

8.мясо

9.кефир

-Оқушылар, қандай сөз шықты?

-Дәрумендер деген сөз.Бүгінгі сабақтың тақырыбы:Дәрумендер.

Сабағымыздың мақсаты: азық-түліктерде, жеміс-көкөністерде қандай дәрумендердің бар екені туралы айту.

 Жаңа сөздермен жұмыс

 дәрумендер-витамины

ащы-горький                                             

тәтті-сладкий

қышқыл-кислый

ағза-организм    

мықты-сильный

 «Кім шапшан»ойыны  арқылы сөз тіркестерін құрастыру

Бірінші қатар-дәрумен, ащы,тәтті сөздерімен сөзтіркесін құрайды.

Екінші қатар-қышқыл, ағза,мықты сөздерімен сөзтіркесін құрайды.

Арзан дәрумен,қымбат дәрумен,ащы дәрумен,тәтті дәрумен.

Ащы қияр,ащы бұрыш,ащы қымыз,ащы айран.

Тәтті алма,тәтті картоп,тәтті май,тәтті кәмпит.

Қышқыл лимон,қышқыл анар,қышқыл шие.

Менің ағзам,сенің ағзан,мықты ағза.

Мәтінмен жұмыс. оқып, аудару.

Оқушылармен «жеміс ағаштары» ойынын ойнаймыз.Ойынның шарты;тақтаға алма мен алмұрт ағашы ілінеді . Бірінші  алма ағашына себетте жатқан алмаларды ілу керек.Ол алмалардағы сөйлемдерді оқып, аударып, ағашқа іледі. Осы оқушылар бағаланады

Дәрумендер

   А,В,С,Д деген дәрумендердің түрлері бар.Олар адам ағзасына өте пайдалы.

«А» дәрумені- жұмыртқада, балықта, сүтте,ірімшікте  көп болады.

«В» дәрумені-етте,қара нанда,қиярда,картопта бар.

«С» дәрумені- апельсинде,лимонда, қызанақта,қырыққабатта көп.

«Д» дәрумені- майда,етте,жұмыртқада көп.

  Дәрумендерді көп жесеңдер, денсаулықтарын мықты болады.

Мәтінмен жұмыс істеп болған соң.Екінші алмұрт ағашына себеттегі алмұртарды ілу керек.Ол алмұрттарда сұрақтар жазылған. Сол сұрақтарға жауап беріп,ағашқа іледі.

Сұрақтарға жауап   беру.жұлдызша беріледі

1.Қандай дәрумендер бар?

  А,В,С,Д дәрумендері бар.

2. «А» дәрумені неде көп болады?

« А» дәрумені жұмыртқада,балықта,сүтте көп болады.

3.Етте,қара нанда,қиярда қандай дәрумен бар?

  Етте,қара нанда « В» дәрумені бар.

4.Лимонда,қызанақта,апельсинде қандай дәрумен бар?

  Лимонда,қызанақта « С»дәрумені бар.

5.Майда, жұмыртқада қандай дәрумен бар?

  Майда,жұмыртқада « Д» дәрумені бар.

сергіту сәті «Қара жорға» биі

Тақтамен жұмыс. Жұлдызша беру

«апельсин,алма» сөзіне фонетикалық талдау жасау. (тақтаға екі оқушы шығады)

Қалғандары дәптерлеріне жазады.

 

Кітаппен жұмыс.

-Енді балалар,оқулықтарының 63-бетін ашыңдар.Бұл тапсырмада үлгі бойынша  екі оқушы сөйлеседі.

 

-Әділ, сүт ішу керек.

-Неге?

-Себебі сүтте А дәрумені бар.

 

-Маша,сәбіз жеу керек.

-Неге?

-Себебі сәбізде А дәрумені бар.

 

Сабақты  қорытындылауға, «адасқан әріптер» ойының ойнату.Слайд

«АДАСҚАН  ӘРІПТЕР» ОЙЫНЫ

ПАЙДАЛЫ  тағамдар

А

С

Қ

А

Б

А

Қ

П

Ү

А

Й

А

С

Ы

Е

Т

Р

Р

Л

Ә

З

Л

Л

А

А

Ы

Б

А

Ь

И

Н

Н

Қ

І

Н

С

М

А

Ш

Ұ

З

А

И

О

Н

П

И

О

Қ

Н

Н

Ш

Ұ

Б

А

Т

ЗИЯНДЫ    тағамдар

Ч

И

П

С

Ы

К

Ф

Д

С

Е

К

Г

О

А

О

Б

П

Е

А

Л

Н

Н

У

С

Р

М

А

Т

Е

Р

И

И

Б

Т

А

Р

Г

Г

Е

У

Д

М

В

Е

А

Ш

Р

Г

С

А

Р

З

К

Г

Е

Р

 

 

ІҮ. Бекіту  кезеңі.

Ү. Қорытынды, бағалау. Сонымен, бүгін сабақта не жөнінде айттық, не білдік, не үйрендік? Сабақ соңында көңілдерің қандай? (Көңілді, орташа, көңілсіз). Жақсы, балалар, ендеше әрқайсысымыз жинаған жұлдыздарымызды санаймыз.

ҮІІ. Үй тапсырмасы: жемістер мен көкністердің суретін салып келу.

Қоштасу

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения