Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
29.12.2014
0
553
0

Суинкина Биялаш Балтиевна, преподаватель казахского языка Рудненского социально-гуманитарного колледжа имени Ибрая Алтынсарина, г.Рудный, Костанайской области, Казахстан





МЕТОДИЧЕСКАЯ РАЗРАБОТКА НЕСТАНДАРТНОГО УРОКА НА ТЕМУ «ТІЛІ МЫҚТЫНЫҢ – ЕЛІ МЫҚТЫ»

 

 

Сабақтың мақсаттары.

  1.      Білімділік. Тіл әр ұлт пен этностың ең басты құндылығы, тілдің қуаты мен өміршеңдігі оның егесіне байланысты екендігін түйсіну; халықаралық тілдер, жойылып бара жатқан ке     йбір тілдер, қазақ тілі туралы сирек те маңызды, қызықты мәліметтермен танысу арқылы оқушылардың танымдық әрекетінің белсенді болуына, білімінің кеңеюіне ықпал ету.
  2.      Дамытушылық. Ақпаратпен жұмыс істеу, қажеттісін таңдау, ойлау, шығармашылық қабілеттерін, ой өресін дамыту.
  3.      Тәрбиелік. Қазіргі жаһандану заманында елдің бәсекеге қабілеттілігі адами капитал сапасымен, оның ішінде мемлекеттік тілмен қатар, шетел тілдерін меңгерумен өлшенетінін ұғынуға, Қазақстандағы «үштұғырлы тіл» саясатын қолдауға тәрбиелеу.

Конференция-сабақ (Халықаралық танымдық – тәжірибелік конференция-сабақ)

Әдіс-тәсілдер: баяндау, ойландыру (проблемалық), диалог, аударма, сөздікпен жұмыс

Пәнаралық  байланыс: орыс, ағылшын тілдерімен, тарихпен

Технологиясы: дамыту

Техникалық құрал: интерактивті тақта

 

Сабақтың барысы:

І. Пленарлық мәжіліс.

Конференцияны жүргізуші:

-         Құрметті конференцияға қатысушылар!

Бүгінгі маңызды басқосуымызға Англия, Америка, Израиль, Ресейден қазақ тілін меңгерген лингвист-ғалымдар, еліміздің тіл мамандары қатысып отыр. Баршаңызға «Қош келдіңіздер Қазақстанға!» дейміз. Конференцияның пленарлық мәжілісінде баяндамашылар қысқаша түрде халықаралық тілдер, әлемдегі жойылып бара жатқан тілдер тағдыры, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілінің қазіргі жетістіктері туралы айтып береді. Қызықты танымдық мәліметтерге ден қойыңыздар.

Сөз кезегін баяндамашыларға берелік.

1.1.         ДЖ.Уэйкхем, Англия.

Баяндаманың тақырыбы:

«Әлем тілдері туралы маңызды мәліметтердің адам әлеуеті дамуына әсері».

Қазіргі жаһандану заманында қай елдің болсын бәсекеге қабілеттілігі оның адами капиталының сапалық деңгейімен анықталады. Адами капитал сапасы дегеніміз не? Адами капитал сапасы дегеніміз – қандай да бір ел халқының материалдық және рухани құндылықтарының көрсеткіштері. Бұған әл-ауқат, тұрмыс деңгейімен қатар, адамдардың сауаттылық, эрудиция, жан-жақтылық, бас тілі мен өзге тілдерді, жаңа технологияларды меңгеру деңгейлері кіреді.

P.S. баяндамалардың қызықты тұстары қосымша ретінде төменде беріліп отыр (соңында).

1.2. С. Иванов, Ресей Федерациясы

Баяндаманың тақырыбы:

«Орыс тілі – жалпыға танылған әлемдік тілдердің бірі».

1.3.Р. Салам, АҚШ

Баяндаманың тақырыбы:

«Тілдерді жойылып кетуден сақтап қалу мәселесі».

1.4.Г. Гоффуна, Израиль.

Баяндаманың тақырыбы:

«Тілді қолдау – оны дамытудың алғышарты».

1.5. Мұхтар Бейсен. Қазақстан Республикасы

Баяндаманың тақырыбы:

«Ұлттын ұлы қазынасы».

ІІ. Екінші бөлім «Жедел сынақтан» басталады.

«Жедел сынақ» конференцияның екінші, яғни тәжірибелік бөлімін шебер-сынып түрінде өткізуші студентті таңдау үшін өткізіледі. Мына үш тапсырманы тез әрі дұрыс орындаған студент жүргізуші болып тағайындалады.

  1.                 Мына сөздердің 3-еуі ағылшын тілінен енген. Сол сөздерді белгілеңіз.

Ақын, гимназия, интернационалдық, тост, психика, магистрант, комиссия, слайд, теорема, теннис

  1.                 «mt»әріптеріне аяқталатын ағылшын тіліндегі жалғыз сөз (Dreamt).
  2.                 Бір әрпі де қайталанбайтын 15 әріптен тұратын ағылшын сөзі. (Uncopyrightable).

Жеңімпаз студент шебер-сыныпты жүргізуге кірісіп кетеді.

Шебер-сынып «Қазақ тілі – ғажап тіл» деген тақырыппен өтеді.

Сонымен, тапсырмаларды орындауға кірісейік.

Сұрақ:

-         Қазақ тілінде қандай заң бар?

  1.   «Жаһандану» сөзіндегі әріптерден бірнеше сөз құраңыз.
  2.   Сөздерді аудармасымен сәйкестендіріңіз.

-         Rere                                                 бедный

-         Homeland                                        главным образом

-         Poor                                                 родина

-         To become known                                     богатый

-         Rich                                                 редкий

-         Best known                                               становиться известным

-         Chiefiy                                             наиболее известный

 

  1.        Қалай жазылады: бірге ме, бөлек пе?

Сен бүгін қалаға бар (ма)

Сенде Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» кітабы бар (ма)

  1.   «Қазақстан - 2050» Стратегиясындағы Президент Н. Назарбаевтың қазақ тілі туралы айтқанын оқып, өз сөзіңмен айтып бер. Өз пікірлеріңмен бөлісіп, диалог құрастырыңдар.

«Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бейжай қарамайық.

Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз».

  1.        «Қазақстан» атауындағы «стан» сөзі қай тілден алынған, нені білдіреді? («стан – парсы сөзі, «ел» дегенді білдіреді»).
  2.        «ЭКСПО-2017» туралы мәтінді орыс тіліне және ағылшын тіліне аударыңдар.

ЭКСПО - 2017 

 

2012 жылы 22 қарашада Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясында құпия дауыс берудің нәтижесінде Қазақстанның елордасы – Астана Бельгияның Льеж қаласын артқа тастап, 2017 жылғы ЭКСПО көрмесін өткізу мәртебесін жеңіп алды.

ЭКСПО – 2017 көрмесі – ел тарихындағы елеулі оқиға. Бұл көрме «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өтеді.

ЭКСПО аясында кәдімгідей қаланың бір ауданы тұрғызылады. Онда ғылыми-технологиялық, мәдени, сауда және бизнес нысандары, тұрғын үй кешендері – бәрі-бәрі болады.

ЭКСПО -2017 көрмесіне 100 елдің өкілдері келеді деген жоспар бар.

Көрме қонақтарының жалпы саны 2 миллиондай болады. Олардың әрбіреуі көрме аясындағы шараларға, кем дегенде 2 рет келіп кетсе, 5 миллионға дейін жетуге әбден болады.

Қазақстан ЭКСПО көрмесін өткізуге 283 миллион еуро жұмсамақшы.

Бүгінгі «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясы барлық мәселелерді ескеріп, Халықаралық көрмені жоғары дәрежеде өткізуге барынша мүмкіндіктер жасамақ. 

 

Қорытындылау.

Үздіктерді марапаттау.

Қосымшалар:

Дж.Уэйкхем, Англия.

Әлем тілдері

Тілдерді пайдаланатын адамдардың саны тұрғысынан бағалағанда, әлем тілдерінің ішінде қытай (1 млрд-тан астам), ағылшын және испан (400 млн), хинди (320 млн), араб (260 млн), бенгал (210 млн), португал (190 млн), орыс (160 млн), жапон (120 млн), неміс (100 млн), француз (90 млн), пенджаб, яван, вьетнам, индонезия (80 млн), корей, тамил, маратхи, телугу, урду (70 млн), парсы, түрік, итальян (60 млн) тілдері алдыңғы қатарда тұр. Бұл тілдерде Жер беті тұрғындарының 64%-ы сөйлейді. интернетте қолдану бойынша әлем тілдері төмендегіше орналасады: ағылшын (240 млн), қытай (76 млн), жапон (62 млн), испан (48 млн), немесе (45 млн), корей (30 млн) итальян (24 млн), француз (23 млн), орыс (20 млн), португал (19 млн) тілдері.  


Тілдер және континенттер

Языки и континенты

 

  1.       Африка: 1995 тіл = 30%
  2.       Азия: 2034 тіл = 31%
  3.       Океания (Австралиямен бірге): 1341 тіл = 21%
  4.       Еуропа: 209 тіл = 3%
  5.       Солтүстік және Оңтүстік Америка: 949 тіл = 15%

 

  1.                   Африка: 1995 языков = 30%
  2.                   Азия: 2034 языка = 31%
  3.                   Океания (включая Австралию): 1341 язык = 21%
  4.                   Еуропа: 209 языков = 3%
  5.                   Северная и Южная Америка: 949 языков = 15%

 

Тілдер және сөйлеушілердің саны

Языки и количество говорящих

 

  1.       1000-нан астам 1631 тіл = 26%
  2.       100-ден астам 1040 тіл = 17%
  3.       Санға жатпайтын адам 1215 тіл = 20%
  4.       1000000-нан астам 283 тіл = 5%
  5.       100000-нан астам 316 тіл = 10%
  6.       10000-нан астам 1364 тіл = 22%

 

  1.     Более 1000 1631 языков = 26%
  2.     Более 100 1040 языков = 17%
  3.     Не поддается определению 1215 языков = 20%
  4.     Более 1000000 283 языка = 5%
  5.     Более 100000 316 языков = 10%
  6.     Более 10000 1364 языков = 22%

 

ЯЗЫКИ НАРОДОВ МИРА

Каждая этническая группа, возникшая в различные периоды истории,— роды, племена, племенные группы, народности и нации — всегда имела свой общий язык, понятный для всех людей этой группы. Роль языка для объединения людей очень велика. Сперва возникали племенные языки; затем, при образовании народности, язык одного из племен становился основой общего языка народности. Развиваясь, языки народностей превращались в общий язык нации. При этом языки часто смешивались и влияли друг на друга, перенимались отдельные слова, выражения, а иногда и грамматические особенности. Бывало, что при расселении народов из одного языка образовывался ряд других.

Каждый народ говорит на своем национальном языке.Но случается,что разные народы говорят на одном и том же языке: американцы США и ангичане говорят на английском: немцы и австрийцы-на немецком: испанцы,кубницы,мексиканцы,чилийцы,аргентинцы-на испанском:португальцы и бразильцы на португальском.Происходит это чаще всего в том случае,когда часть какого-либо народа переселяется в чужую страну и там,смешавшись с прежними обитателями этой страны,передает им свой язык.Так получилось почти во всех странах Америки: их завоевали англичане,испанцы и португальцы.

 

 

С. Иванов.

Русский язык

Язык – это уникальное явление, он является средством общения и формой передачи информации, средством хранения и усвоения знаний, частью духовной культуры русского народа, средством приобщения к богатствам культуры и литературы. Русский язык – это государственный язык Российской Федерации, средство межнационального общения и консолидации народов России. Значение русского языка на международной арене велико. Русский язык является офицальным рабочим языком Организации Объединенных Наций. В клубе мировых языков русский язык занимает пятое место. Роль русского языка как мирового определена общечеловеческой занчимостью всей культуры, которая создана на данном языке. Русская художественная литература, научные, технические и другие достижения, принадлежащие Росии, получили мировое признание, поэтому русский язык является мировым языком, который избирается для широкого международного общения и сотрудничества. Руский язык входит в число 6 мировых и наряду с английским, арабским, испанским, китайским, французским является официальным.

Русский язык – один из общепризнанных мировых языков, один из самых богатых языков мира. Л.Н. Толстой писал: «Русский язык! Тысячелетия создавал народ это гибкое, пышное, неисчерпаемо богатое, умное, поэтическое и трудовое орудие своей социальной жизни, своей мысли, своих чуств, своих надежд, своего гнева, своего великого будущего»

Ресейде «Мемлекеттік тіл туралы» Заң 2006 жылы қабылданды. 2007 жыл Орыс тілі жылы болды.

Русский язык – язык-посредник государств-участников СНГ и стран-участников ЕврАзЭс.

Русский язык – это язык обучения во многих государствах-участниках СНГ и ЕврАзЭс, это язык изучения (второй язык, иностранный язык) в школьном и вузовском образовании во многих странах мра, в т.ч. Казахстане. Статус русского языка в Казахстане определен следующим образом: «В государственных организациях и органах местного самоуправления наравне с казахским офицально употребляется руский язык (Конституция 1995 г ст. 7; закон о языках, ст. 5)

Русский язык входит в число 6 мировых языков и наряду санглийским, арабский, испанским, китайским, русским, французким является официальным.

 

Р. Салам

Әлемде әр 14 күнде бір тіл жойылып жатқан жайлы айтқан болатынбыз.

Сонымен қатар, қолданыстан шығып, біржолата жоқ боп кетуге айналған кейбір тілдірді ғалымдардың құтқарып қалғаны туралы сирек те болсын мысалдары бар. Американдық ғалымдар доктор Грегори Андерсон мен доктор Дэвид Харрисон 2003 жылы Ресейдің Томск облысының шығысындағы ауылдарға аттанғанда, олар өздерімен  тек қана ең қажетті заттарды, яғни тіс щеткасы мен шұлықтарын, сабын мен микрофондарын, сондай-ақ  видеокамералары мен магнитофондарын және лингвистикалық кітапшаларын алып барған-ды.

Олардың орталық Сібірдің шетіндегі бұл ауылға сапарының мақсаты - орта чұлым немесе өс тілінде сөйлей алатын шамамен 25 адаммен кездесу болатын.

Андерсон мен Хариссон - Амирикадағы " Жойылып кету қаупі төніп тұрған тілдер институтының " тіл мамандары. АҚШ - та орналасқан коммерциялық емес бұл ұйым әлемдегі жойылып бара жатқан тілдерді сақтап қалу үшін күресіп келеді.

Сарапшылар осы ғасырдың аяғына дейін әлемдегі 6700 тілдің жартысы жойылады деген болжам айтып отыр.

" Тілдердің жойылу үдерісін тоқтатуға немесе баяулатуға бола ма? Қалай болатынын білу өте қиын. Әлемнің дамуына қарасаңыз, бүгінгі таңда азшылық тілдерге қасым жасалып отыр. Бұл әлеуметтік факт. Егер әлемде түбегейлі өзгеріс болмаса, жағдай сол күйінде қалады " , - дейді Британияда орналасқан Қауіп - қатердегі тілдер қорының төрағасы доктор Николас Остелер.

Остлердің қоры  Андерсон мен Харрисонның ұйымы сияқты жойылып бара жатқан тілдерді сақтап қалу үшін күресуде.

Аталмыш топтың өкілдері Сібір мен Боливиядан Австралияға дейінгі алыста орналасқан аймақтарға барып,зерттеужұмыстарын жүргізеді,сирек кездесетін тілдерді сақтап қалу мақсатында оңдаған жергілікті халықпен бірге жұмыс істеп, дауыстар мен мәтіндерді ,сондай - ақ бейнетаспаларды жазып алады, сөйтіп егжей - тегжейлі талдау жүргізеді, қажет болса, тарихқа көз жүгіртеді.

Мәселен, Тәжікстандағы яғнуби тілінің орта ғасырдағы Жібек жолында қолданылған ежелгі согдиан тілінен қалғандығы анықталған.

Адамдардың өздері тілдерін сақтап қалуға тырысуы керек. Ол көп күш - жігерді талап етеді. Мектептерге арналған материалдарды шығарып, өз тілін сақтап қалу үшін көп үлес қосулары керек".

Жеткілікті әрекет жасалса, жойылып бара жатқан тілдер бірден қайта жаңғыруы мүмкін. Мәселен, осы тұрғыда жетістікке жеткен оқиғалардың бірі - Британиядағы уэльс тілі.

Осыдан 20 жыл бұрын бұл тіл жойылып кете жаздаған болатын, бірақ қазір уэльс тілінде жүздеген мың адам сөйлейді. Уэльс тілін сақтап қалуға үкімет көп қолдау танытты. Осы қолдау арқылы тілдің қайта жаңғыруы үшін жеткілікті қаржы бөлінеді.

Британияда орналасқан Дүниежүзілік ауыз әдебиеті жобасының негізін қалаған доктор Марк Туриннің айтуынша, жойылып бара жатқан тілдерді сақтап қалу үшін қаржы мен жарнамаға қоса қоғам жауапкершілік сезінуі тиіс.

- Біз бәріміз жауаптымыз. Тілдің тарихы  мен болашағын байланыстыруымыз  қажет, - дейді Марк Турин.

Әлемде қолданыстағы тілдердің жартысына жуығы мүлдем жоғалып кету алдында тұр. Мыңдаған тілдер білім жүйесіне өндірілген, Интернетте де олардың табу мүмкін емес.

БҰҰ мамандары, тіл алуандығының маңыздылығын атап өте келе, әр ұлттың өз ана тілін кеңінен пайдалану мен мәдени дәстүрлердің сақталуын қолдайтындығын айтады.Мамандар тілдің сақталуы үшін, 100 мыңдай сөйлеушісі болуы керек дейді.

Ақпанның басында ВВС агенттігі 70 мың жылдық тарихы бар Бо тілінің келмеске кеткендігі туралы хабарлады. Яғни сол тілде сөйлейтін соңғы адам бақилық болып, Бо тілін өзімен бірге алып кетті. 85 жасар Боа Срмен бірге әлемдегі ең ежелгі тілдердің бірі де жоғалды деп хабарланды. Лингвист - профессор Анвит Аббидің айтуынша, бо тілінің жоғалуымен Үндістан өз мәдени мұрасының едәуір бөлігінен айырылып қалды.

- Әрбір ұлт өзінің тілін сақтау үшін, ол тіл қолданыста болу керек. Өмірдің барлық саласында  пайдалану керек. Ол тілде сөйлемесе , ол тіл құрып кетеді.

 

Г. Гоффуна

Мың жылдан астам билік құрып, әлем тарихының дамуына өшпестей із қалдырған ежелгі Римнің ресми тілі болған латын тілі бүгінде Батыс өркениетінің басым көпшілігі сөйлейтін испан,француз, португал және итальян тілдеріне ғұмыр сыйлады.

Қытайдың бес мың жылдық тарихы алуан тілде сөйлейтін, сансыз көп тайпалардан тұратын халықаралық бірте - бірте бірігу тарихынан тұрады. Қазірге дейін қытай тіліндегі он түрлі диалекті мен қытай әдеби тілінің ( путунхуа) арасындағы айырманың жер мен көктей екендігін ескерер болсақ, қытай диалектілерінің басын біріктіру ХХІ ғасырда да жалғасу үстінде екендігін көреміз.

Түрік қағанаты дәуірлеген кезде түрік тілінің де мейманасы тасыды. Кирилл мен Мефодийдің дүниеге келуінен мың жыл бұрын түркілер өз заманының  ең озық жазуын ойлап тауып, ата тарихын өшпестей етіп тасқа қашап кетті. Бүгінде түрік, қазақ, өзбек, әзербайжан, қырғыз,түркімен сияқты алты тәуелсіз, отыздан астам ірілі-уақты ұлыстар ұстанып отырған, жалпы саны 200 миллионға жуық адам сөйлейтін түркі тілдерінің түп атасы - осы көне түрік тілі. КСРО Ғылым академиясының Тіл білімі институты 1969 жылы " Древнетюркский словарьды " шығарды. Негізінде  VІІ-ХІІ ғасырдағы тек көне түркі жазба ескерткіштерінен алынған осы сөздікте 20 мыңнан астам сөз бен сөз тіркестері қамтылған болатын. Егер ХVІІ ғасырда дуние салған, шығармалары күні бугінге дейін сахнадан шығып, баспадан түспей келе жатқан әлем әдебиетінің ұлы классигі У. Шекспирдің барлық шығармаларында 15мың ғана сөз пайдаланғанын ескерер болсақ, көне түркі тілінің  өз заманындағы ең бай тілдердің бірі болғанын аңғару қиын емес.

Жетінші ғасырдан бастап жер жаһанда Мұхаммед пайғамбардың жасыл туын көтерген мұсұлмандар шеру тартқан кезде әлемнің әр түпкірінде араб тілінің дәуірлеу кезеңі басталды. Бүгінде 300 миллионға жуық адамның ана тілі саналып, мұсұлман дінін ұстанатын 1,5 миллиардтан астам халықтың тілдерінен берік орын алған араб тілінің де қазақ тілінің дамуына қосқан үлесі аз емес.

Тіл тарихына қысқаша экскурс жасап отырумыздың басты себебі, тіл оны дүниеге әкелген халық тарапынан қолдау,қорғау көрген кезде дамиды. Тіпті 18 ғасыр бойына өлі тілдер қатарынан берік орын алған иврит тілі осындай қамқорлықтар арқасында феникс құстай қайта жаңғырып, ХХ ғасырда Израильдің мемлекеттік тіліне айналады. Сондықтан өз тілін ата-бабадан қалған ең асыл жәдігердей сақтап, оның өзге тілдермен бірдей өсіп - өркендеуі мен үздіксіз дамып отыруына қамқорлық жасау әрбір ұлттың ең абзал борыншы болу тиіс.

Қазақ тілінің 10 толық түсіндірме сөздігінің жарық көргеніне аз-кемі жоқ тұп - тура 25 жыл уақыт өтіпті. Сонымен, ширек ғасыр ішінде ана тіліміз қандай асулардан асып, қай белеске шықты ? Оның бүгінгі  хал-кұйі  нешік және болашағы қандай? Өзге жұрттың тілдерімен салыстырғанда, қай деңгейде ? Енді  осы сұрақтарға да жауап бере кетелік.

Дәл бүгінгі кезеңде қытай тілінен кейінгі әлемдегі ең көп тараған тіл - ағылшын тілі. Бұл тілді дүниедегі 500 миллионға жуық адам өзінің ана тілі деп қабылдаса , 1 миллиардтан астам адам үшін өздері еркін сөйлейтін екінші тіл болып есептеледі.Ағылшын тілі бойынша ең беделді сөздіктердің бірі 1989 жылы жарық көрген әйгілі 20 томдық " Оксфорд сөздігінде " 600 000 сөз қамтылған. Ағылшындар кейінгі 20 жыл бойы осы сөздікті барынша толықтырып, жаңа нұсқасын дайындау үстінде. 2017 жылы аяқталады деп отырған бұл басылымға милионға жуық сөз бен сөз тіркесі қамтылады деп күтілуде. Бір ғажабы, ағылшын тіліндегі сөздердің 70 пайызы кірме сөздер.

ХХ ғасырдың басына дейінгі " әлемдік тіл " функциясы атқарып келген француз тілінің " Үлкен сөздігінде " 86 мың сөз бен оның 800 жуық мағынасы берілген. Дүниеде кең тараған ұлы тілдер қатарындағы неміс тілінің жағдайы да ешкімнен осал емес. Неміс ғалымдары шығарған он томдық " Неміс тілінің үлкен сөздігінде " 200 000 сөз бен оның 300 мыңдай мағынасы қамтылыпты.

Жоғарыда келтірілген үш тілдің даму деңгейінен шығар қорытынды : әдебиеті мен өнері, ғылымы мен білімі  озған жұрттың тілі де озық. Басқаша айтсақ, елі байдың тілі де бай.

 

Мұхтар Бейсен. Қазақ тілі туралы

Президент Н.Назарбаев:

«Қазақ тілі бүгінгі ғылым мен білімнің, Интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Еліміз бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Одан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шығады. Әлі де үйренуде. Былтырғыға қарағанда, биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10%-ға өскен.

Тек соңғы 3 жылда мемлекеттік тілді дамытуға 10 млрд теңге бөлінді.

Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды» деген еді. («Қазақстан – жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  Жолдауынан, 18.01.2014ж.).

Қазақ елі БҰҰ-ға кіретін 194 мемлекеттің бірі, ЮНЕСКО-ның есебі бойынша, қазақ тілі әлемдік жойылу қаупі бар 2,5 мың тілдің қатарына енбей, жер бетіндегі негізгі мемлекеттік тіл санатындағы 95-тің бірі ретінде мемлекеттік мәртебеге ие болды.

Тілді білу – кім екеніңді танытады.

Тіл мәдениет деңгейіне, парасат пайымына айналған біздің заманымызда неғұрлым көп тіл білген адам-дүниедегі ен байлықтың егесі.

«Бабалар сөзі» атты қазақ фольколорының 100 томдығы жарық көрді. Дүниедегі басқа ешбір елде мұндай құндылық әзірге жоқ.

-«Kazakh TV» телеарнасы 93 елге тарап, Қазақстанда насихаттау құралына айналды.

Полноценное функционирование государственного языка страны – это один из показателей уровня развития государства по международным стандартам.

2011 жылы қазақ ұлтының ұлы қазынасы – 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» ретінде жарық көрді.

Бұл сөздікте 92 201 сөз бен 57 856 сөз тіркесі, барлығы 150 057 лексикалық бірлік қамтылды.

Казахский язык – автохтонный язык Республики Казахстан, распространен также на территории сопредельных государств – в Казахстан, Узбекистане, РФ, Туркменистане, Афганистане, Иране, Китае, а также Монголии, Пакистане, Турции и других странах.

Казахский язык занимает 93 место среди языков мира по количеству говорящих и входит в 4% языков мира, т.е. в группу из 283 яхзыков с числом носителей более миллиона (25% из 6604 языков мира составляют языки с числом ностителей более 1000 человек (1631 язык), 4% - языки с числом носителей более миллиона (TheEncyclopedia 1992)

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения